Талдықорған: +5°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫ ЖЫЛ САЙЫН 5 ПАЙЫЗҒА АРТЫП КЕЛЕДІ

23 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫ ЖЫЛ САЙЫН 5 ПАЙЫЗҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қалада тұратындар ел халқының 60 пайызын құрайды, деп хабарлайды Информбюро. 

Қазақстанда соңғы он жылда ауылды дамытуға арналған түрлі бағдарламаның қолға алынғанына қарамастан, ауыл тұрғындарының қалаға көшуі жыл сайын орта есеппен 5 пайызға артып келеді. Бұл қалалық елді мекендерде сапалы жұмыстың дефицитін қалыптастырып отыр. Бұл туралы Қазақстанда еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасында жазылған. 

Тұжырымдамаға сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстан халқының 60 пайызы қалаларда тұрады және ауылдан қалаға көшушілер саны тұрақты түрде өсіп келеді. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай мегаполис тұрғындарының саны 2,2 есе артады. 

«Мегаполистердің инфрақұрылымдық дамуы жаңа сапалы жұмыс орындарын құру үдерісімен үндестірілмеген. Ауылдық жерлерден қалаларға келген мигранттар сапалы жұмыс таба алмайды. Бұл ретте географиялық қана емес, сонымен қатар секторлық көші-қон да жүріп жатыр», – делінген тұжырымдама жобасында.

Қазақстан ішіндегі урбанизация келешекте кейбір өңірлерде жұмыс күшінің профицитіне және керісінше кей аймақтарда жұмыс тапшылығына әкелуі мүмкін. Мысалы профицит Оңтүстік макроөңірде (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы) байқалады деп болжанса, 2029 жылға Солтүстік макроөңірде жұмыс күші 10% және Орталық-Шығыс макроөңірде 12,1% қысқарады. 

Ауылдан қалаға көшумен қатар, еңбек нарығында күрделі мәселе тудырып отырған тағы бір мәселе – қазақстандықтардың шетелге көшуі. Тұжырымдама жобасынан белгілі болғандай, бұл көштің өсімі де тұрақты болып отыр. Оған қоса, шетелге көшкен қазақстандықтардың 60 пайызының жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар. 2020 жылы жасалған Boston Consulting Group қазақстандықтардың 64 пайызы шетелге көшу мүмкіндігін қарастыратынын көрсеткен. 

Фото: ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

1 қараша 2026
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

1 қараша 2026
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

1 қараша 2026
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

1 қараша 2026
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

1 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.