Талдықорған: +31°C
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Елдің мәдени-тарихи айнасы

23.10.2023
РУХАНИЯТ
Елдің мәдени-тарихи айнасы
WhatsAppTelegramFacebook

Ерте темір дәуірінен бастау алатын ежелгі сақ, үйсіндердің қорғандары, обалар, балбал тастар, ортағасырға тиесілі көне қалалар, тастағы бейнелер мен жазулар, сондай-ақ қазба кезінде табылған заттар – Жетісуды мекен еткен халықтардың мәдени-тарихи оқиғаларын айқындайды. Археологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде Жетісу жерінен бірқатар сақ қорғандары табылды.

Соның бірі – 1957 жылы Кемел Ақышевтың экспедициясы жүргізген «Бесшатыр» қорғаны. Қазба жұмыстары кезінде археологтар қылыш, қанжарлар, ұштары қоладан жасалған жебелер, темір пышақтар, шаш қыстырғыштар мен алтынмен безендірілген киімдерді тапты. Қорғанда үлкенді-кішілі 31 оба бар екені анықталған. Зираттарда патша әулеті мен ақсүйектер жерленген. Қорымдағы ең басты ерекшеліктерінің бірі – ол, зираттағы  шырша бөренелерден қаланған жерасты өткелдерінің болуы. Мұнда тас үйінділердің астында жерасты жолдары арқылы жерлеу камераларына баруға болады.

Қызығы – үлкен үш қорғанды шеңбер құрып айналдыра  тас дуал тізіліп тұр. Тақташа тәрізді тастардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр және басқа да жануарлардың суреттері бейнеленген. Сақтар бұл жерде өлілерді еске алып, құрбан шалып, әртүрлі діни рәсімдер өткізетін болған. Бұл шеңбер тастар одан бөлек астрономиялық маңызға да ие болған. Ондағы адамдар тастарға қарап, күн мен айдың бағытын да анықтайтын болған. 

Осы тарихи маңызы бар киелі орынды өскелең ұрпаққа кеңінен таныстыру үшін, 15 қазан күні Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі «Жетісу жауһарлары» жобасы аясында, «Тарих қойнауындағы Жетісу» тақырыбында саяхат ұйымдастырды. Ондағы мақсат: Туристік саяхатқа шыққан оқушыларға өңірдегі ең ірі тарихи ескерткішпен таныстырып, сақтардың тарихи-мәдени өмірі, жерлеу рәсімі, археологиялық қазба жұмысы туралы айтып,  жеткіншектердің Отанға, туып-өскен жеріне деген таным түсінігін, дүниетанымын артыру. 

Саяхатқа қала бойынша әр мектептен, 7-11 сынып аралығындағы 46 үздік оқушы қатысты. Оқушылар саяхат барысында еліміздегі ең үлкен ескерткіш – Бесшатыр қорғанының жерасты жерлеу камераларын танысты. Сондай-ақ, сыр жасырған қорғандарды қоршаған тастарды тамашалап, суретке түсті. Экскурсия барысында оқушылармен викториналық сұрақтар ойнатылып, дұрыс жауап берген оқушыларға тарихи мағлұмат беретін әртүрлі кітапшалар сыйға берілді.

Талдықорғаннан Бесшатыр қорымына 240 шақырым. Оның 65 шақырымына тас жол төселмегендіктен деттеген жерге анау-мынау көлік бара алмайды. Жолдың ұзақтығы мен қиындығына қарамастан саяхаттаған оқушылардың білімге, тарихқа, туған жерге деген ынта-ниеттері басым болғаны байқалып тұрды. Болашақта ашық аспан астындағы музейлер көптеп ашылып, ішкі туризмді дамытуға жағдай жасалса игі іс болар еді.

Қалқаман Әбдрахманұлы

 

Қатысты жаңалықтар

Шомылу маусымы басталып, қауіпсіздік күшейтілді

Шомылу маусымы басталып, қауіпсіздік күшейтілді

16.06.2026
J-league. Үздіктер анықталатын сәт

J-league. Үздіктер анықталатын сәт

16.06.2026
Әр тиынның есебі бар

Әр тиынның есебі бар

16.06.2026
Жастар есірткіге қарсы белсенділік танытты

Жастар есірткіге қарсы белсенділік танытты

16.06.2026
Талдықорғанда алғаш рет адам жүрегіне жасанды қарынша орнатылды

Талдықорғанда алғаш рет адам жүрегіне жасанды қарынша орнатылды

16.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.