Талдықорған: +5°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды»

21 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
«Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды»
WhatsAppTelegramFacebook

Тіл – халықтың басты қарым-қатынас құралы. «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деген Қадыр Мырза Әлі атамыз айтқандай, тілсіз адамның өмірін елестету қиын. Толыққанды адам ретінде өмір сүрудің негізгі кілті қоршаған ортамен байланыс болса, мұны қамтамасыз ететін басты құрал – тіл.  

Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда. Әлемде нақты саны белгісіз болса да  мыңдаған тіл бары анық. Солардың ішінде үйренуге оңайы да, қиыны да бар. Әдетте, қазақ тілі әлемдегі ең күрделі тілге жатпайды. Мәселен, араб, жапон, қытай тілдері қиын тілдердің қатарына кіреді. Бұл тілдердің шебері болып шығу үшін аз уақыт кетпесе керек. Ал қазақ тілі әртүрлі ақпараттағы қай ондықты қарасаңыз да ішінде жоқ. Бәлкім, тез үйренуге болады дейтін ағылшын тілімен де қатар тұрмас. Тіпті, ағылшын елінің өз ішінде оңай емес диалект бар. Бізде алып бара жатқан диалект те жоқ. Демек, қазақ тілін үйрену қиын деуге негіз табылмаса керек. Қазіргі таңда қазақ тілін үйрену үшін көптеген мүмкіндік жасалған. Облысымыздың әр аудан орталығында тіл үйрену курстары бар. Сарқан ауданында мемлекеттік тіл курсы бойынша жыл сайын 100-ге тарта адам қазақ тілін жетік меңгеріп жатыр. Осындай жарқын мүмкіндіктерді барша қазақстандықтар пайдаланып, ана тілімізге деген құрметін көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді

Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, тілге деген қажеттілік екі жолмен ғана жасалады. Біріншісі – құқықтық, заңдық жолмен. Мемлекет белгілі бір заңдар арқылы мемлекеттік тілге деген қажеттілікті тудырады. Екіншісі – тәсіл бойынша қазақ тіліне деген қажеттілікті азаматтардың өздері жасайды. 

Елімізде қазақ тілінің мәртебесін, оның құзыретін іс жүзінде нығайту мәселесі әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл шындығында бәрімізге артылған жауапкершілік жүгі, барша қазақстандықтардың ортақ ісі. Отбасындағы тәрбиеден бастап, ел басындағы азаматтарға дейін осыны естен шығармауы тиіс. «Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыса түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруымыз керек. Бұл – өзін қадірлейтін әр адамға дербес шешуге тиіс міндет», – деген Президенттің ой-тұжырымын әрбір қандасымыз сезінуі керек. 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар 95%-ды құрайды деп күтілуде. Бұл болжам да межесінен ерте орындалса, тіл саясатын жүргізушілерге үлкен жетістік болар еді. 

Сымбат АУХАНОВА,
 «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Сарқан аудандық филиалыныңмеңгерушісі

 

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

1 қараша 2026
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

1 қараша 2026
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

1 қараша 2026
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

1 қараша 2026
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

1 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.