Талдықорған: +7°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Бейбіт Исабаев велошабандоз Евгений Федоровты қабылдады

17.10.2023
АЛТЫН ТҰҒЫР
Бейбіт Исабаев велошабандоз Евгений Федоровты қабылдады
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев бүгін қазақстандық велошабандоз, тас жолдағы велоспорттан ХІХ Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы, екі мәрте Азия чемпионы талдықорғандық Евгений Федоровпен кездесті, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы спортшыны жақында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Азия ойындарында ересектер арасында тас жолдағы велоспорт жарысында қол жеткізген жеңісімен құттықтады. Еске салсақ, велошабандоз 207,7 км қашықтықта топтық жарыста топ жарып, алтын медаль жеңіп алған болатын.

Бейбіт Исабаев спортшының отандық спортты дамытуға қосқан үлесін, оның халықаралық ареналардағы жетістіктері мен жетістіктерін атап өтіп, оған Құрмет грамотасы мен 1 млн. теңгенің сертификатын және естелік сыйлық, ал жаттықтырушысы Виктор Юрайтиске Құрмет грамотасы мен жаңа теледидар табыс етті.

— Біз бәріміз ұлттық құрамамызға жанкүйер болып, қолдадық, соның ішінде жерлестеріміздің, жетісулықтардың жарыс жолына мұқият қарап отырдық. Соңғы бірнеше жыл ішінде сіз түрлі деңгейдегі жарыстарда тұрақты нәтиже көрсетіп келесіз. Мұның бәрі — қажырлы еңбектің нәтижесі, жаттықтырушыңыз екеуіңіздің ерік-жігеріңіздің айқын айғағы. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Алда Олимпиада ойындары тұр, оған да қарқынды дайындалу керек. Жаңа жетістіктерге жетуіңізге  тілектеспіз, — деді облыс әкімі. Ол өз сөзінде өңірдегі спортты дамыту жұмыстарына тоқталып, жүзеге асырылып жатқан жобаларды атап өтті. Мәселен, облыстың аудан орталықтарында бұқаралық спортты дамыту үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, стадиондар, блоктық-модульдік спорт кешендері салынуда, сондай-ақ меценаттардың қолдауымен волейбол және теннис орталықтары тұрғызылуда. Олимпиадалық үлгідегі жүзу бассейнінің жаттықтырушылар құрамына да қажетті қолдау көрсетіліп, онда түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіліп келеді.

Он жылдан астам уақыт бойы велошабандозды дүбірлі додаларға дайындап келе жатқан жаттықтырушы Виктор Антонович те өз ризашылығын білдірді. «Базамыз бар, құрал-жабдықтар жеткілікті, соған сәйкес нәтиже де жақсы. Қазір жас велошабандоздар Евгенийге қарап бой түзейді. Өңірдегі спортшыларға, жалпы спортқа тұрақты түрде қолдау көрсетіліп отырғаны үшін алғысымды айтамын», — деді В.Юрайтис.

Кездесуге қатысқан Жетісу Велоспорт федерациясының президенті Серік Тұрдалиев өз сөзінде облыста велоспорт бойынша өңірлік команда құру туралы  ұсынысын жеткізді. Сонда болашағы бар спортшыларға 18 жастан кейін мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік болады дейді ол. Бұл ұсынысты облыс басшысы қолдап, мәселенің егжей-тегжейлі зерделенетінін айтты.

Сонымен бірге велоспорттың тас жолдағы жарыстан басқа трек жарысы, тау велосипеді және BMX сияқты түрлерін дамытуға да бұл аймақта мүмкіндік бар екені атап өтілді.

Журналистерге берген сұхбатында Евгений Федоров 10 қарашадан кейін келесі жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындыққа кірісетінін айтты.

— Командамен бірге қатысқан Азия ойындарының алдында Алексей Луценкомен бірге соңғы 2 айда белсенді түрде жаттықтық, бірақ бұл жеткілікті деуге ерте. Жылдар бойы тәжірибе жинақтау қажет. Мен өзім велоспортпен 10 жылдан астам уақыт айналысып келемін. Енді алдағы Олимпиада ойындарына дайындаламыз. Мен еліміздің «Астана» кәсіби велокомандасының құрамындамын. Алдағы уақытта Еуропада бірқатар жарыстар бар. Шаршамай-талмай табандылықпен жаттығуды жалғастырамын. Жеңістерімнің барлығын елімізге, берекелі халқымызға арнаймын, — деп чемпион жерлестерін алдағы Республика күнімен құттықтады.

Евгений Федоров – Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі. 2018 жылдың қазан айында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындарында топ жарып, чемпион атанды. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионы атағын жеңіп алды. 2019 және 2023 жылдары Азия чемпионаттарында бірінші орындарды иеленді. 2023 жылы тас жолдағы велоспорттан топтық жарыста Әлем чемпионы атанды. Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында 1 орын алды. 2021 жылдан бастап — Astana Qazaqstan Team команданың кәсіби велошабандозы. Жаттықтырушылары: Виктор Юрайтис, Самат Сапажанов.

Атап өтсек, А.Кивилев атындағы велоспорттан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің Ескелді, Көксу, Сарқан, Панфилов, Текелі, Талдықорған қалаларында 11 бөлімшесі бар. Сондай-ақ жоғары спорт шеберлігі мектебінде және спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында бөлімдер бар. Жетісу облыста велоспортта 28 жаттықтырушы жұмыс істейді. Велоспортпен шұғылданатын саны 500 астам, оның ішінде 283 оқушы ауылдық жерлерде тұрады.

 Фото: Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Көксу ауданында 27 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

Көксу ауданында 27 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді

20.03.2026
Есірткіге қарсы күрес толастамайды

Есірткіге қарсы күрес толастамайды

20.03.2026
Жетісу облысында Ұлттық спорт күні атап өтілді

Жетісу облысында Ұлттық спорт күні атап өтілді

20.03.2026
Талдықорғанда ірі көлемде есірткі сақтаған 62 жастағы күдікті ұсталды

Талдықорғанда ірі көлемде есірткі сақтаған 62 жастағы күдікті ұсталды

20.03.2026
Қазақстан дүниежүзілік бақыт рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстан дүниежүзілік бақыт рейтингінде 33-орынға көтерілді

20.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.