Талдықорған: +7°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Уақыт – бағалағанға бақыт

14 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
Уақыт – бағалағанға бақыт
WhatsAppTelegramFacebook

Уақыт неліктен жылдам өтуде, оны қалай бәсеңдетуге болады? Осыған байланысты ғалымдардың пікірі мен психологтардың кеңесіне құлақ түріп көрейік. 

Уақыт – су сияқты ағыны қатты құнды ресурс. Бұл, әсіресе, жас ұлғайған сайын ерекше байқалады. Ересектер мен балалар уақытты әртүрлі қабылдайды. Мәселен, бала уақыттың жылдам өтіп жатқаны туралы ешқашан ойламайды. Олар үшін бұл тіпті баяу болып көрінуі де мүмкін. Тек өсу үдерістерінде ғана сағат тілін бағындыра алмайтынына көз жеткізе бастайды. 

Сөйтіп, уақыт тапшылығы есейген сайын терең сезіле түседі. Сол себепті әр күн жоспарланып, бәрі бақылауда болған жөн саналады. Көптеген ғалым, психологтар қартайған сайын уақыттың неге жылдам өтетінін білуге тырысып, әртүрлі нұсқалар мен теориялар ұсынды. Мамандар ересек адам мен баланың уақытты қабылдау парадоксы сананың өзгеруінен деп топшылайды. 

Американдық биолог Роберт Сотерн эксперимент жүргізіп, 45 жыл ішінде тәулігіне 5 рет өз денесінің температурасын, қысымын, жүрек соғысының санын өлшеген. Тәжірибе көрсеткендей, ол қартайған сайын шынымен де уақыттың тез өтетінін байқаған.  

Кейбір ғалымдар енді бір теория көрсеткендей, уақыттың ішкі биологиялық сағаттың өзгеруіне байланысты жылдам өтетінін айтады. Қартайған сайын ағзадағы метаболикалық үдерістер баяулап, нәтижесінде жүрек соғысы мен тыныс алу жиілігі төмендейді. Ал балаларда бұл үдеріс тезірек жүреді. Сондықтан олар үшін уақыт ұзаққа созылады.

Енді бір ғылыми теория уақытты қабылдау үдерісіне қоршаған ортаның әсер ететінін көрсеткен. Біз неғұрлым есейген сайын қоршаған ортаның ерекшеліктері соғұрлым бізге еш таңсық емес. Ал балалар әлемді бейтаныс жер ретінде қабылдайды. Сондай-ақ, олар айналасында болып жатқан оқиғаларды түсіну үшін көбірек интеллектуалды энергия жұмсайды. Сол себепті балалар үшін сағат тілі баяу қозғалады. Сөйтіп, уақыт жылдамдығын байқамайды. Ғылыми теорияның тағы бір түрі – қазіргі ақпараттың көптігі, технологиялық жетістіктер мен интернет-технологиялардың белсенді дамуы, цифрлық революция. 

Енді бір ғалымдар уақыттың тез өтуін жер импульсінің жылдамдағандығымен байланыстырады. Уақытты бәсеңдету мүмкін емес. Бірақ, біз қалайда оны дұрыс пайдаланудың жолын қарастыруымыз керек. Өйткені ол адамның ең құнды ресурсы болып саналады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Фото: ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

Бүгін, 17:28
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.