Талдықорған: +8°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сән-салтанат салығы: Байлығын жасырғысы келетін қазақстандықтар бақылауда болады

10 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
Сән-салтанат салығы: Байлығын жасырғысы келетін қазақстандықтар бақылауда болады
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде сән-салтанат салығы енгізу бойынша жұмыс тобы құрылған. Бірақ оның құрамында байлар жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасарі — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Оның айтуынша, бүгінде жүздеген отырыс өткен.

«Жұмыс тобына байларды шақырып, ешкім (пікірін — еск.) сұрамады. Себебі мұнда мемлекеттік органдардың, бизнестің, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері мен депутаттар және басқа да сарапшыларды шақырып, талқылау жүргіземіз. Ұлттық экономика министрлігінің жанында Экономикалық зерттеулер институты бар. Осы ұйымда барлық сұрақ талқыланып жатыр», — деді Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Шенеуніктің айтуынша, жаңа салық қазақстандықтардың бай болуға деген мотивациясына керіп әсерін тигізбейді.

«Байлық деген жаман мотивация емес. Әрбір адам, әрбір кәсіпкер бірінші кезекте жағдайын жақсартуға көңіл бөледі және сол бағытта жұмыс істейді. Дегенмен сіз (байлық салығы — еск.) дедіңіз. Бұл қазақшаға терминологиясы келіспейді. (Салық — еск.) кез келген байлыққа салынбайды. Орысша «роскошь», қазақша «асыра байлық» болады. Біз соны анықтауымыз керек. Бұған дейін ұлттық экономика министрі де, вице-министр де «Біз (салық салуды — еск.) асыра байлыққа қарастырамыз. Құны өте жоғары ұшақтар, яхталар және тағы басқа асыл заттарға (салық салу — еск.) қарастырылады» деген болатын. Олардың реестрі болады. Тек соларға жоғары салық салынады. Алайда мұнда (адамның бай болуға деген — еск.) мотивациясын жоғалтпау керек деп мәселе дұрыс көтеріліп отыр», — деді вице-премьер.

Министр байлығын жасырғысы келетін қазақстандықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілетінін айтты.

«Кез келген кәсіпкер қандай да кезеңге келгенде, өзінің байлығын және асыра байлығын бір жаққа тығып, қандай бір (күмәнді — еск.) схемаларға бармауы керек. Біз мұны қарасырамыз. Қарапайым қазақстандықтардың салық жүктемесін көбейтпейміз», — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Фото: elements.envato.com

Қатысты жаңалықтар

Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

Бүгін, 16:39
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Бүгін, 15:21
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

Бүгін, 13:15
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

Бүгін, 12:36
Тіл – ұлттың  қазынасы

Тіл – ұлттың қазынасы

Бүгін, 11:11

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.