Талдықорған: +26°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Қазақ тарихы ана тілінде оқытылуы керек

10.10.2023
РУХАНИЯТ
Қазақ тарихы ана тілінде оқытылуы керек
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда «Қазақстанның жаңа тарихындағы идеологиялық бағдарлардың серпіні» атты республикалық форум өтті. Шарада тарих, тіл, дін, әлеуметтік сала сынды ауқымды тақырыптар талқыланды.

Форумның алғашқы бөлігі Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті. Мұнда Алматы мен Астанадан келген әлеуметтанушылар «Аймақтағы әлеуметтану: өзгеруге дайындық», «Тарихи фильмдер негізіндегі – кино коуч» сынды тақырыптар бойынша дәріс оқыды.

Осыдан кейін Салтанат сарайында пленарлық отырыс өтті. Басқосуды облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли жүргізіп отырды. 

– Бүгінгі басқосу мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы негізінде өтіп отыр. Президентіміз өз сөзінде: «Енді елімізге барша халыққа түсінікті болатын және шын мәнінде, азаматтарымыздың сұранысына сай келетін идеология қажет», – деп атап өткен еді. Осы шара барысында азаматтық қоғам мен әлеуметтік-саяси дүниелер талқыланады. Форум шеңберінде зерттеу ұйымдары мен ғылыми қызметкерлердің әлеуметтік зерттеу нәтижелері мен материалдары ұсынылады, – деді Рустам Әли.

Жиында алғаш болып сөз алған «Стратегия» және әлеуметтік зерттеу орталығы қоғамдық қорының президенті Гүлмира Елеуова дін саласындағы өзекті мәселелерді қозғады. Спикердің айтуынша, дінді дұрыс түсінбей, жат ағымға кіріп кетіп жатқандардың көбі 31-49 жас аралығындағы азаматтар. Сондай-ақ ол: «Мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлерге хиджаппен жұмысқа баруға бола ма? Мектепте дін саласы бойынша сабақ оқытылу керек пе?» деген тақырыптарда мониторинг жұмыстары жүргізілгенін атап айтты.

Осыдан кейін «Ел үміті» қоғамдық қоры директорының кеңесшісі, «Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебінің басшысы Әлия Сәрсекеева әлеуметтік тақырыпта баяндама жасап, қоғамда орта топтағы адамдардың әрқайсысында несие барын, ғалымдар мен мемлекеттік қызметкер бірігіп жұмыс істеу керектігін тілге тиек етті. Ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы Мансия Садырова «Қазақ-стандағы кедейлік пен жұмыссыздық салдары» деген тақырыпта баяндама жасап, елімізде оқығысы, жұмыс істегісі келмейтін жастар көбейіп отырғанына, сонымен қатар, үлкен қалаларда халық саны артқандықтан жұмыссыздық басты мәселеге айналып, кедей халық көбейіп келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, кедейлік бойынша Жетісу облысы Түркістан облысынан кейін 7,6 пайызбен екінші орында тұр. Бұл мемлекеттік деңгейде реттеуді қажет ететін мәселе.

Өз кезегінде тарих ғылымдарының магистрі Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Phd докторы Меруерт Тілебалдиева «Тарих пен тіл ұлттық идеологияның құралы» тақырыбында баяндама жасап, тіл – ұлттың жаны, тарих – ұлттың тамыры екенін, қазақ тарихын қазақ тілінде оқыту керектігін айтты. Әр сала мамандары баяндама жасап болғаннан кейін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін сөз алып, өзге тілде баяндама жасаған мамандарды сынға алды.

– Елдің алдында жүрген, сөз ұстайтын сіздер мемлекеттік тілді құрметтемесеңіздер, онда қалай болғаны?! Сіздер үлкен қызметте отыратын азаматсыздар. Сондықтан келешекте осы ойларыңызда болсын. Мемлекет басшысы мемлекеттік тілді жетік білетін әрі өзге тілді білетін кадрларға үлкен көңіл бөліп жатыр. Дана халқымыз: «Жол білген адам керуенге жалтақтамайды» дейді. Президентіміз билікке келгелі небір реформаларды жүзеге асырып, қоғамды да халықты да оң бағытқа өзгертуге барын салып келеді. Бүгінгі идеология мәселесіне келсек, көтеріліп отырған шаруалардың барлығы Мемлекет басшысының қолдауымен іске асып отыр, – дей келе баяндамашылар қозғаған әр тақырып бойынша пікірін білдірді.

Сонымен қатар, дінге соқыр сеніммен емес, терең біліммен келу керектігін, жат ағымға ерудің басында діни сауатсыздық тұрғанын қадап айтты. Соның салдарынан үрген итке жүрген иттің ілесіп кетіп жатқанын жеткізді. 

Жиын соңында қатысушылар ауқымды төрт тақырыпты бір ғана форумға сыйғыза алмайтынын айтып, келешекте бірігіп жұмыс істейміз деп тарқасты.

Айдар ҚАЛИЕВ
Суретті түсірген Руслан ҚАДЫРОВ

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026
Бордақылау алаңы салынуда

Бордақылау алаңы салынуда

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.