Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан құрамасының қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Қазір ел құрамасы еншісінде 51 медаль (5 алтын, 11 күміс, 35 қола) бар. Медальдар кестесінде 13-орында тұр.
Бұл жөнінен Қытай 314 медаль алып, (169 алтын, 94 күміс, 51 қола) көш бастаған. Одан кейінгі орындар Жапония (147 медаль: 37 алтын, 51 күміс, 59 қола), Оңтүстік Корея (146 медаль: 33 алтын, 45 күміс, 68 қола) еншісінде.
Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:
Қытай — 169-94-51 (314)
Жапония — 37-51-59 (124)
Оңтүстік Корея — 29-41-41 (111)
Үндістан — 18-31-32 (81)
Өзбекстан — 16-16-22 (54)
Тайвань — 12-14-20 (30)
Таиланд — 10-12-24 (46)
Солтүстік Корея — 9-11-8 (28)
Бахрейн — 9-1-5 (15)
Гонконг — 7-15-28 (50)
Қазақстан — 5-11-35 (51).
Фото: Olympic.kz





