Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Текелі қаласының тұрғындарымен кездесті

01.10.2023
КҮНДЕРЕК
ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Текелі қаласының тұрғындарымен кездесті
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Текелі қаласының тұрғындарымен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен экологияны сақтау, атмосфералық ауа сапасы, орман және балық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер бойынша кездесу өткізді. Ең алдымен Ерлан Нұралиұлы жеті өзен өрнектеген Жетісу аймағының бай табиғатына тамсанып, Текелі қаласының көркіне деген сүйінішін білдірді. Осындай текті жер, бекзат елде жасап жатқан адамдар тұнып тұрған табиғатты қорғауға ынталы болуы керек. Бірақ әлі де шешілмеген, шешім етуге тиісті қордаланған мәселелер баршылық.

Жалпы, басқа өңірлермен салыстырғанда Жетісу облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Облыста ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 10,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға  төмен. Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жетті. Айталық, экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2021 жылы жаңа Экология кодексі қабылданды. 2020 жылдан бастап өңірлер бөлінісінде экожүйені жақсарту жөніндегі Жол картасы бекітіліп, іске асырылуда. Мәселен, өткен жылы Талдықорған қаласының, Көксу және Ескелді аудандарының 6 қазандығы газға ауыстырылды, Ескелді ауданының кәріз желілері мен тазарту құрылғысы қайта жаңғыртылып, Талдықорған қаласындағы LED-экрандарға атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпарат орналастырылды. Бүгінде қолға алынған шаралар көп.

Дегенмен, министрмен кездесуге келген әр сала мамандары, тұрғындар, экобелсенділердің айтары көп екен. Олардың дені елді мекендердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың жүйесіздігі мен күл-қоқыстарды реттеудің қажеттілігі, үй жануарларын қорғау мен орман байлығын сақтау тұрғысында өрбіді. Расымен Ерлан Нұралиұлы министр болып тағайындалған кезде Президентке: «Еліміздегі қоқыс мәселесін түбегейлі шешемін» деп уәде берген еді.

– Кездесу аясында тұрғындардың көңілін алаңдатып отырған ең басты мәселе – заңсыз қоқыстарды реттеуге қатысты екендігін білдік. Бұл ел бойынша өзекті мәселе. Бүгінгі таңда «Жасыл даму» мекемесі аймақтардан түскен сұрақтарды қарап жатыр. Айта кетерлігі, Алматы және Жетісу облыстарында болған сапарымда бизнес саласында қоқыстарды жинау, сұрыптау, өңдеуге қатысты бетбұрыс барын байқадым. Оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге көмектесеміз. Екіншісі, ауаның тазалығы. Дегенмен, бұл тұрғыда әр облыс пен қаланың жағдайы мүлде бөлек. Табиғатты сақтау іс-шаралары бойынша жасалған арнайы бағдарлама аясында жұмыс жүргізілуде. Осы мәселе бойынша Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесіп, бірлесе жұмыс істеуге уағдаластық. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласы бойынша Жетісу облысында жылына 2,5 млн. тонна қалдықты қайта өңдейтін жоба аясында келісім жүруде. Алдағы уақытта жүзеге асатынына сенімдімін. Тұрғындардан үй жануарларын қорғау  туралы да сұрақтар түсті. Оны шешу жергілікті атқару органының құзыретінде. Десе де жұмыс заң шеңберінде жүргізілгені жөн. Тұрғындардан түскен ұсыныстар толығымен жазылды. Олар толық зерделеніп, жауап беретін боламыз, – деді министр.

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты дегенмен де  қалдықтарды басқару инфрақұрылымының нашарлығы, қатты тұрмыстық қалдық полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің көбеюі және кәріздік-тазарту құрылғылары тозуы алаңдатады. Айталық, биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша облыстағы қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 8,2 пайызды құрады, бұл көрсеткіш республикалық деңгеймен салыстырғанда өте төмен. Ғарыштан жасалатын мониторинг аясында анықталған 150 қоқыс үйіндісінің 72 пайызы жойылды (109 бірлік). Сонымен қатар, бірқатар қала және аудан әкімдері полигондарды жоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Президенттің бастамасымен биылғы жылы 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша Жетісу облысында 7,03 млн. дана ағаш отырғызу жоспарланған. Алайда жыл басынан бері 120 гектар жерге 370 мың дана ағаш отырғызылды. Осы жылдың күзінде 3 мың гектар жерге 6,66 млн. дана ағаш отырғызылмақ. Алайда күздің бел ортасына да жетіп қалдық. Жанталасып істеліп жатқан жұмысты көре қойған жоқпыз. Өңірде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес 2030 жылға дейін Жетісу облысы бойынша балық өсіру көлемін 800 тоннадан 5,4 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Алайда балықшылардың жанайқайы басылар емес.

Демек, аталмыш салада істелуге тиісті жұмыс көп. Министр көбінесе осы тұрғыдағы сұрақтарға ден қойды. Сондай-ақ,  алдағы уақытта атқарылатын бірқатар салмақты жобалар жайлы әңгіме қозғап, жұртты экологиялық жағдайды нашарлататын келеңсіздіктермен бірлесе күресуге және орын алған мәселелерді заң шеңберінде шешуге шақырды.

Қажет Андас
Текелі қаласы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Мүгедектікті анықтаудың жаңа мүмкіндіктері

Мүгедектікті анықтаудың жаңа мүмкіндіктері

04.09.2026
Елімізде «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны басталды

Елімізде «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны басталды

04.09.2026
«Балаңызға дуаланған» – алаяқтықтың жаңа тәсілі

«Балаңызға дуаланған» – алаяқтықтың жаңа тәсілі

04.09.2026
Қазақстанда базалық лицензиясы бар банктерге жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда базалық лицензиясы бар банктерге жаңа талаптар белгіленді

04.09.2026
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

Президент Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

04.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.