Талдықорған: +29°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТЕКЕЛІ ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ

26.09.2023
РУХАНИЯТ
ТЕКЕЛІ ТАТУЛЫҚ МЕКЕНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірінің әр аудан, қаласында «Жер жаннаты ­– Жетісу» атты Мәдениет күндері байқауының өткізіліп жатқанын көзі қарақты оқырман өздеріңіз де оқып, біліп жүргендеріңізге кәміл сенем. Аталған байқау бұл жолы Текелі қаласанда да өтті.

Арқа-жарқа әңгіме, шат-шадыман көңіл күйдің көрінісі жүрек қыл шерткендей. Ақ шаңқай киіз үй, қазақ тұрмыс салтындағы ою-өрнекті киім киген бір қауым елді көргенде құдды бір осыдан бірнеше ғасыр артқа шегініп кетіп тірлік кешіп жатқан жұрттың арасында жүргендей әсерге бөленесің. Мұндағы елдің салты да, дәстүрі де қаз-қалпында тұрғандай көрінеді. Сән-салтанатымен ат үстінде отырған бүркітшінің ерткен тазысы, қолындағы құсы көптің көңілін баурады. Шаңқылдаған бүркіт үні азаттығымызды айқындап, жиналған жұрттың кудесіндегі жұмыр етті бір бүлк еткізгенін аңғару қиын болмады. Атакәсіппен айналысып жүрген жанға текеліліктер мен қала қонақтарының назары айрықша ауды. Олар бүркіт пен ителігінің аспанда айнала ұшып, иесіне қалай бағынатынын тамашалады.

Халық көңілінен шыққан бүркітші Бүркітбай Файзоллаұлы 50 жылдан бері құсбегілікпен айналысып келеді. Ата кәсіпті дәріптеп, бабаларын жолын жалғаушылардың бірі де бірегейі. Балалары мен немере-шөберелері де ата ізіне ерген құсбегі.

Мереке аясында Бүркітбай ақсақал көпшілікті саятшылықтың қыр-сырымен таныстырды. Құс баптаудың жолдарын көрсетті. Бүркіт жабдықтарының қалай жасалып, қалай қолданылатынынан ақпар берді.

Айтатын жайт, қазақ үйде қонаққа ет тартудың жол жоралғысы көрсетілді. Мұның да өз мән-мазмұны бар. Үлкендер жағы жас буынның бұл тұста зерделеп, көкейлеріне тоқып алатыны көп екенін тілге тиек етті.

Мұндағы ағайын қолөнер көрмесін ел алдында паш етті. Онда сырға, жүзік, білезік тағы да басқа тұрмыстық бұйымдар жиынтығын жұрт алдына ұсынып, шеберлер қолыма-қол адамдардың сұранысына сай қажетті дүниелерін жасап беруімен ерекшеленді. Сонымен қатар, тоқыма шеберлері әртүрлі заттар тоқыса, суретшілер пейзаж жанрында суреттерін салды.

Салтанатты жиын қонақтары мұндағы ағайынның ауызбіршілігінің, татулық туының бекем орнағанының куәсі болды. Текелі қаласында тұратын орыс, татар, кәріс сынды өзге ұлт өкілдерінің әнін тыңдап, билеріне бас бармақпен баға берді. Ұлттық тағамдарынан ауыз тиді.

Текелі нағыз туристік мекен. Талдықорғаннан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазақстандағы ең ұзын көшеде осы қалада. Ол Д. Қонаев көшесі, ұзындығы шамамен 38 шақырым. Бұл жерде «Бозторғай», «Абай жолы», «Инелік», «Лоторея», «Секер» фильмдері түсірілген.

Мұндағы жастар бұл күні күресіп, асық атып, тоғыз құмалақ ойнап өзара бәсекеге түсті. Жеңімпаздар құр алақан қайтпады. Оларға Алғыс хат, сыйлықтар табысталды.

Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнерпаздар «Қаратал-Жетісудың інжу-маржаны» атты театральдық пролог қойды. Ақындар өлең оқыды. Мерекелік шарада Кенен Әзірбаевтың әні шырқалды.

Туған елді, туған жерді көркейтуге үлес қосу әркімнің борышы. Ал Текелі халқы өздерінің шүбәсіз сол жолда келе жатқандарына иланады. Мына қисапсыз берілген табиғаттың сұлулығы олардың шаттықта өмір сүруіне құштарландыратыны анық.

Медет ЖҰМАБАЙ

 

 

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026
Бордақылау алаңы салынуда

Бордақылау алаңы салынуда

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.