Талдықорған: +22°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ТӨККЕН ТЕРДІҢ ӨТЕУІ

24.09.2023
ОН САУСАҚ
ТӨККЕН ТЕРДІҢ ӨТЕУІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні мерекесі. Осыған орай Салтанат сарайында мерекелік шара ерекше аталып өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли және әр салада нәтиже көрсетіп жүрген еңбеккерлер қатысты.

Жиын барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары аймақ экономикасының іргетасын берік қалап, қажырлы еңбек еткен ардагерлерге алғысын білдірді. 

– Еңбек адамы қашанда құрметке лайық. Еңбекқор адамның ең асыл қасиеті – кәсібін сүйіп, ісіне адалдық таныту. Жетісу өңірінде 700 мың халық болса, соның 300 мыңға жуығы экономиканың әр саласында жемісті еңбек етуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шын мәнінде, Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады»  деген болатын. Облысымызда ауыл шаруашылығын дамытудың, шағын және орта бизнесті қолдаудың ауқымды бағдарламалары іске асырылуда. Кәсіби мамандар даярлау саласында сапалы өзгерістер жүзеге асырылып, дуалды білім жүйесі енгізілуде. Еңбеккерлерді әлеуметтік қорғаудың деңгейі көтеріліп, еңбек қатынастары туралы заңдар жетілдіріліп, кәсіподақтардың орны нығаюда. Ел экономикасының қалыптасуы мен дамуына, егемен Қазақстанның өркендеуіне аға буынның, өз ісінің нағыз мамандарының қосқан үлесі зор, – деп еңбек адамдарын мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 

Рустам Әли сөз арасында Жетісудан абыройлы ісі мен еңбекқорлығының арқасында жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген 100-ге жуық Социалистік Еңбек Ері шыққанын тілге тиек етіп, олардың есімдері тарих сахнасынан өшпейтінін айтты. Осыдан кейін әр салада жемісті еңбек еткен, білімді де білікті мамандар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Алдымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Еңбек жолы» облыстық байқауында жеңімпаз атанғандар марапатталды. Байқауда «Ең үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Талдықорған қаласының тұрғыны, ұлттық дәстүрді дәріптеуші Әуесхан Мажайға 300 000 теңгенің сертификаты табысталды. «Ең үздік жастардың тәлімгері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Алакөл ауданының тұрғыны, «Абдрахманов К» шаруа қожалығының басшысы Жаил Абдрахманов 300 000 теңгені иеленді. «Ең жас кәсіпорын жұмысшысы» номинациясының жеңімпазы Көксу ауданының тұрғыны «Жарқын» жеке кәсіпкерлік басшысы Жарқын Бекзар 300 000 теңгені еншіледі. Осыдан кейін, әр сала бойынша үздік атанған қызметкерлерге Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар берілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Шариповтар, құрылыс саласында елеулі еңбегімен танымал      Кенженовтер, ауылшаруашылығында өзіндік қолтаңбасы бар Алпысбаевтар, құқық қорғау саласында Исмаиловтар, білім беру саласы бойынша Қыстаубаевтар, мәдениет саласы  Қалибек әулетіне облыс әкімінің Алғыс хаты мен 200 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Сонымен қатар, өз ісінің кәсіби мамандары атанған сала қызметкерлеріне 100 мың теңгенің сертификаты берілді. 
Шара барысында марапат иесі Жаил Абдрахманов: 

– Дана халқымызда «Ердің атын еңбек шығарады» деген тәмсіл бар. Біздің осы күнге жеткеніміз еңбектің арқасы. Мен қызметімді Алакөл ауданындағы балық комбинатынан бастадым. Зейнетке шыққанша осы салада табан аудармай қызмет істедім. Қазір отбасымызбен мал шаруашылығымен айналысамыз. Өскелең ұрпақ еңбекке бет бұрса, еліміздің экономикасы өсетіні анық. Сондықтан, жастарды тәрбиелеу кезінде шаршамаңыздар. Еңбегімізді елеп, игі шара ұйымдастырып отырған жандарға алғыс білдіреміз, – деді. 

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт марапат алған еңбеккерлерді құттықтап, ақжарма тілегін ақтарды. Салтанатты шараға жиналған көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Айдар ҚАЛИЕВ
Суретті түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Қатысты жаңалықтар

Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

Күтпеген нәтиже. Боксшыларымыз жеңіліспен бастады

30.03.2026
Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

Әбиба Әбужақынова шетелдік келісімшартқа қол қойды

30.03.2026
Үйде отырып табыс табу: Онлайн жұмыс істейтін сенімді платформалар

Үйде отырып табыс табу: Онлайн жұмыс істейтін сенімді платформалар

30.03.2026
Елде жыл басынан бері 5 жасырын зертхана жойылды

Елде жыл басынан бері 5 жасырын зертхана жойылды

30.03.2026
Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы: «Даналық мектебі» жобасының маңызы

Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы: «Даналық мектебі» жобасының маңызы

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.