Талдықорған: +29°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АСЫЛ МҰРАМЕН ТОЛЫҚТЫ

23.09.2023
РУХАНИЯТ
АСЫЛ МҰРАМЕН ТОЛЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ислам дініндегі бес парыздың бірі – күнделікті бес уақыт намаз. Намаз оқыған әрбір мұсылман жайнамаз пайдаланса, намаздан кейін тәспі тарту қалыптасқан сүннет болып есептеледі. Сондықтан ислам дінінде тәсбихтың өзіндік орны бар. Бүгін біз музей қорында сақталған, жүректі тазартып, иманды арттыратын құнды жәдігеріміздің бірі – тәспі жайлы әңгімелеп, оны тартудың пайдасымен бөліспекпіз.

Тәспі – бес уақыт намаздан соң Алла Тағалаға мадақ айтылатын кезде мұсылман пендесінің санап тартатын қасиетті моншақ атауы. Араб тілінде «дәріптеу», «мадақтау», «даңқын жаю» деген мағыналарды білдіреді. 

Таспиқ сөзі қазақы ортада «тәспі» деп те аталады. Тәспі 33-тен үшке бөлініп тізілген 99 тастан немесе 11-ге бөлінген 33 тастан тұрады. 33 тастан тұратын үш тізбенің қосылған жерінде өзге тастардан ерекше жасалған тасты халық арасында тасбихтың «қожасы» деп атайды. Үш тізбенің негізгі біріккен жеріне тасбихтың «бисмилләсі» атанып кеткен әшекейлі, шашақты үлкен тас орнатылады. 

Тасбих көбінесе түрлі табиғи тастардан, шыныдан, жеміс ағаштарының дәнектері мен қаттыларынан жасалынады. Кей уақыттарда әрбір тасына Алла Тағаланың 99 көркем есімі жазылып, әсемделеді. Қасиетті Құран Кәрім мен Мұхаммед пайғамбардың хадис-шәріптерінде мұсылман пендесінің әрбір дұғасы Алла Тағалаға мадақ айтудан кейін қабыл болатыны ескертілген. Ақын Әбубәкір Кердері:

Жамағат, намаз оқыңыз
Азаматты құрсатып
Зікір, таспи айтыңыз, 
Қатқан көңіл жұмсатып,
– деп жырлағандай, Алла Тағаланы еске алып, тәспі тартқанда мұсылман баласының жүрегі тазарып, иманы күшейеді. 
Тәспі тарту арқылы Алла Тағаланың көркем есімдерін жекелей күніне мың реттен айта отырып кез келген аурудан арылуға болады деген ұғым қалыптасқан. Ал аурудың қай-қайсысы да жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан туындап жататыны анық. Ауруға шалдыққан адам алақандағы, саусақ ұштарындағы орталық нерв жүйесімен тығыз байланысты нүктелерге тәспі тарту арқылы массаж жасап, бұзылған нерв жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруына көмектесе алады. 

Жоғарыда айтып өткендей, мақаламыздың маңызын арттыру мақсатында музей қорында сақтаулы, 99 дана құрма сүйегінен жіпке тізіп дайындалған тәспі сырына тоқталмақпыз. Бұл тәспінің «қожасы» сарғылт түсті моншақтардан, ал «Бисмилләсі» ақшыл сары ірі моншақ көзінен жасалған. Тәспідегі фосфор қосылған сарғылт түсті қос моншақ қараңғыда сәуле шашатындығымен ерекшеленеді. Тәспіні 2021 жылы  Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылының тұрғыны Сағымбай Ысқақұлы музейге сый ретінде тапсырған. Тәспіге жер бетіндегі ең қасиетті, игілігі мол, шипасы бар, пайдасы орасан зор жаннаттық жеміс құрма дәнегін пайдаланған. Аталған тәспі зобалаң жылдарында жазықсыз атылып кеткен қазақ зиялысының бірі, ХІХ ғасырда Жетісуда өмір сүрген Пышан Жәлмендеұлына тиесілі. 

Тәспінің музей қорына келу тарихына тоқталар болсақ, заманында ақындық өнері мен азаматтық ұстанымы Алатаудың қос қапталына әйгілі болған Пышан серіні Совет өкіметінің 1921 жылы, бар-жоғы 27 жасында оққа байлағаны баршамызға мәлім. Осылайша текті тұяқ көзден өшіп, әдейі ұйымдастырылған арызбен қызыл өкіметтің қолынан қаза табады. Пышан Жәлмендеұлының бала күнінде бірге оқыған досы Кенжебай Сағынайұлы деген болыс сүйекке түседі. Осы рәсімнен кейін Пышанның жары Қайша тәспіні досы Кенжебайға берген деседі. 

Тәспі Жалайыр-Мырза елінің болысы Кенжебайдың әйелі, Қалыбай болыстың қызы Күләнда апада сақталып, ол кісі дүниеден өткеннен кейін Сағымбай Ысқақұлының анасы, Күләнда апамыздың туған сіңлісі Рахилә анамыздың қолына тиген. Рахилә анамыз біраз жылдар бойы тәспіні бойтұмар ретінде сақтапты. Баласының шаңырағында бүгінгі күнге дейін сақталып, музей қорына жетіп отыр. 

Аталған тәспі алдағы уақытта өз кезеңінен деректі сыр шертетін таптырмас құнды жәдігер ретінде музей экспозициясынан орын алмақ. 

Жазира Тауетова,
облыстық М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі 

Фото: ғаламтордан алынды
 

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026
Бордақылау алаңы салынуда

Бордақылау алаңы салынуда

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.