Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Ұлы дала жорығы»: 12-кезеңде Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды

18.09.2023
КҮНДЕРЕК
«Ұлы дала жорығы»: 12-кезеңде Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл жолы ақтөбелік шабандоздар мәре сызығын екінші болып аттаса, Түркістан облысының командасы үшінші болып жетті

Бүгін, 17 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 12-кезеңі Қызылорданың шырайы шыңдарындай, тұнығы суларындай Жаңақорғанда аяқталды.

12-кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы алғаш рет жеңімпаз атанды. Бұл жолы ақтөбелік шабандоздар мәре сызығын екінші болып аттаса, Түркістан облысының командасы үшінші болып жетті. Нағыз жүзден жүйрік анықталатын аламан бәйгенің 1150 шақырымы артта қалды.

Сонымен қатар бұл кезеңде былтырғы чемпион әрі 11 кезең бойы көш алда келген – маңғыстаулық «Көкмойнақ», елорда шабандоздары мен Қарағанды облысының командасы аттарының болдыруына байланысты жорытуын тоқтатты. 

Жоба ұйымдастырушыларының бірі Серік Абжанов 1150 шақырымды еңсеру аттар мен азаматтарға да оңай болмады деп отыр.

«Маңғыстау командасында 2 бірдей аттың сырғалығы тайды. Әрі қарай аттарын қинағысы келмей, жорытуын тоқтатты. Артынша Астана командасы мен Қарағанды облысының командасы қатардан шығып қалды. Ат пен азаматтың тағдырын бір Алла біледі. Алдымызда 150 шақырым тұр. Бұл жорықта азаматтардың бір-біріне деген көзқарасы, қарым-қатынасы, қажыған сәтте бір-біріне дем беретін ер мінездері білінді. Бұл жоба мақсаты – қазақы аттың мүмкіндігін ашу. «Ұлы дала жорығы» – қазанат пен азаматтың ерлігін көрсететін жер», — деді С.Абжанов.

Сондай-ақ ұйымдастырушы жобадан кейін еліміздің бар өңірінде ат баптау ісі дамып, жылқы тұқымын асылдандыру қолға алынса дейді.

«Жобадан соң біздегі тұлпарлардың тағдырын шешетін ғылыми орталықтардың жұмысы жанданады деген үміттемін. Жорық Қазақстандағы ат спортының дамуына үлкен серпін береді деп сенемін. Шабандоздар 20-40 шақырымдық бәйгеге ғана емес, ұзақ шақырымдық марафон-бәйгеге ат дайындайтын болады. Ат баптаған адамда тектілік болады. Жорықта жүрген жігіттің бәрінде тектілік бар. Сөзге тоқтайды, атты өте қатты сыйлайды. Аттың пырақ екенін, адамға серік екенін жан жүрегімен сезінген азаматтар бәрі. Ер-азаматтардың аңқылдаған көңілі көрінді. Жігіттің жігіті сыналатын жер. Үлкен сынақ үстінде тұрса да, мәрттікпен бір-біріне жол беріп, бір-бірін тыңдап, бір-бірінен білмейтінін үйреніп жүр. Небір әдемі азаматтық мінезді көріп жатырмыз. Бұл – жалпы қазақ жастарына үлгі. Қазақтың жоғалтып алғаны осы еді ғой. Егер осы оралса, әрине оның берері көп», — деп тарқатты С.Абжанов.

«Рекорд» командасындағы Мағжан Ғабдолұлы бар мақсаты – 1300 шақырымды бағындырып, қазақ аттарын әлемге әйгілеу деп отыр. Сонымен қатар «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің арқасында танымалдылыққа ие болып, Instagram парақшасына күн сайын 15-20 арудан хат келетінін жасырмады.

«Телефонға дамыл жоқ, күн сайын 20-ға жуық қоңырау түседі. Бірақ менде оған жауап беретін уақыт жоқ. Жорықтың бір кезеңін аяқтап, екіншісіне дайындаламыз. Ат үстінде телефон ұстай алмайсың. Әрі еліміздің біраз өңірінде интернет ұстамайды. Бұл жоба мықтының мықтысын анықтайды. Жорықты абыроймен аяқтап болған соң қыздардың барлық хатына бірін де қалдырмай жауап беремін.  Құрметті, қыздар қауымы бәріңізді қатты жақсы көремін. Кейбіреулер «даладан тауып алған бала сияқты» деп жазып жіберіпті. Күнге күйіп, 12 күн аттан түспей келеміз, есесіне шынайылығымды көрдіңіздер. Барым осы. Шамалы күте тұрса, жарыс аяқталған соң кездесеміз. Қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз!», — деді М.Ғабдолұлы.

Алда 2 кезең, яғни 150 шақырым қалды. 6 команда 18 қыркүйекте таңғы сағат 7:00-ден бастап алғашқы 50 шақырымды еңсеруге аттанады. Түскі астан соң 9-кезеңнің кезекті 50 шақырымын бағындыруы тиіс. Сонымен командалар алдында 1250-інші шақырымды еңсеру міндеті тұр.

Он екінші күннің қорытындысы бойынша командалардың жалпы уақыты:

Қостанай облысы, 82 сағат 59 минут 06 секунд

Ақтөбе облысы, 83 сағат 07 минут 07 секунд

Жетісу облысы, 83 сағат 34 минут 24 секунд

Алматы қаласы, 90 сағат 05 минут 19 секунд

Түркістан облысы, 91 сағат 31 минут 56 секунд

Абай облысы, 96 сағат 54 минут 24 секунд

Ұлттық жоба ұлан-ғайыр атырапты айлап атпен жүріп өткен бабалар жорығын қайта жаңғыртуда. Қазақтың қазанаттарын дәріптейтін жеңімпаздарды қомақты жүлде қоры күтіп тұр. Сырдан өтіп, ер түріктің бесігі Түркістанға бет алатын 1300 шақырымдық марафон-бәйгенің жеңімпаздары 19 қыркүйекте белгілі болады. «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Фото: көрнекілікке алынды

halyq-uni.kz

Қатысты жаңалықтар

Қазақ тілінің иммунитеті

Ертеңін ойлаған ел азбайды

03.09.2026
Көркемсөздің Күнсаясы

Көркемсөздің Күнсаясы

03.09.2026
Саятшылықтың сарқытын сақтаған

Саятшылықтың сарқытын сақтаған

03.09.2026
Қазақстан мен Лаос ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

Қазақстан мен Лаос ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

03.09.2026
АХҚО мен Лаос серіктестігі: Қазақстанға жаңа инвестиция тартылады

АХҚО мен Лаос серіктестігі: Қазақстанға жаңа инвестиция тартылады

03.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.