Талдықорған: +20°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жаркент қаласында мәдениет күні өтті

16.09.2023
РУХАНИЯТ
Жаркент қаласында мәдениет күні өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Мәдениет – халықтың ең үлкен қазынасы, ұлттың рухани болмысы, салт-дәстүрдің сан ғасырлық жиынтығы. Ұлттық құндылықтарымыздың бастауы­­­ – ­­­мәдениетімізде. Халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы асыл ұғыммен астасып жатыр. Жазиралы Жаркент жері талай тарихтың куәсі болған, атадан қалған мәдениетті сарқытындай сақтаған киелі мекен. Бұл өңірде де мәдениет мәйегін жас ұрпаққа таныту мен жүйелі дәріптеу дәстүрге айналған.

Өткен бейсенбіде Жаркент қаласының орталық алаңында Панфилов ауданының мәдениет күні «Жұмақ өлке-Жетісу» деген жалпы тақырыппен өтті. Бұл күні айқара алаңның қос қанатына ауылдық округтер мен Жаркент қаласындағы білім ошақтары, мәдени мекемелер ұлттық қолөнер туындыларының көрмелерін қойып, этномәдени орталықтары- ұйғыр, дүнген, словян халықтарының ұлттық болмысын танытатын дәстүрлері мен қолданбалы өнер туындыларын, тағамдарын мерекеге жиналған халыққа таныстырды. Жеке алты қанат киіз үй тіккен Қоңырөлең ауылдық округінің өнерпаздары мен «Ақ әжелер» ансамблі бесік той рәсімін көрсетіп, салтымыздағы бабадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрді дәріптеді.

Аудан басшысы Марат Сағымбек пен өңірдің құрметті азаматтары, Талдықорғаннан осы шараға арнайы келген «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ Мәдени мұра және кітапхана ісін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Гүлмира Қалқабаева бастаған облыстық әділқазылар алқасы барлық көрмелерді аралап көріп, этномәдениет орталықтарының өнерін, аудандық кітапхана көрмесін, «Ә.Қастеев көркем сүрет галереясының» қорындағы жәдігерлерді және жекелеген сүретшілер мен мүсіншілердің туындыларын тамашалап бағамдады.

Өңірдің мәдениет күндеріне арналған мерекелік концерт алдында Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек сахнаға көтеріліп, шараға жиналған халықты құттықтады.

— Бар өнерін бармақтың басына, тілдің ұшына қондырған халқымыздың шежіресі, көнекөз естелігі, ең алдымен оның әні мен күйінде, жыр — толғауында, тұрмыста қолданбалы өнерінде тоғысқан. Мәдениеті төмен елдің – болашағы да бұлыңғыр. Халықтың мәдениетін арттыру, өсер ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеу жұмыстары әрқашан мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асып келеді, — деп сөз бастаған әкім мәдениет, өнер саласындағы өңір жұртының жетістіктерін жіліктеп жеткізді. Облыста біраз жылдан бері дәстүрге айналған аудандардың мәдениет күндері руханият саласындағы жетістіктерді түйіндейтін салмақты, салиқалы шараға айналғанын саралап өтті.

Бұдан ары мерекелік шара «Жер жанаты-Жетісу» атты өнер байқауына ұласып, ауданның мәдениет қызметкерлері жиналған жұртшылыққа үлкен концерттік бағдарлама ұсынды. Концетте Н. Тілендиев күйлері, Д. Рақышевтың, жергілікті сазгерлердің әндері, ұлттық билер орындалып, Д. Рақышев атындағы халық театрының әртістері М.Төлебаевтың «Кестелі орамал» әніне қойылым көрсетті. Алаңға жиналған аудан тұрғындары ұлттардың мәдениет мәйегінен мол мағұлмат алып, әсем әндер мен күйлерінен, билерінен рухани әсер алып тарқасты.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Байланыс аясынан тыс жерде

Байланыс аясынан тыс жерде

14.06.2026
Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.