Сарқан ауданы Бақалы ауылдық округіндегі «Сәрсенбаев А.» және Алмалы ауылдық округіндегі «Мұхамади» шаруа қожалықтары алғашқылардың бірі болып өнім жинауға кірісті.
Шаруашылық жетекшілерінің айтуынша, өнімнің орташа шығымы 400-500 ц/га айналуда.
Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, аймақта биыл қант қызылшасы 1300 гектарға себілген. Ал облыста тәтті түбір алқабы – 8742 га.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.




