Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Ең төменгі жалақы мөлшері өседі

14.09.2023
ЕКІ ТІЗГІН
Ең төменгі жалақы мөлшері өседі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда ең төменгі еңбекақы деңгейі 70 мың теңгені құрайды. Ең төменгі жалақы әлеуметтік стандарт саналатын Қазақстан Республикасында барлық жұмыс беруші жалақы төлегенде осыны негізге алу керек. Мекеме басшысы, кәсіпкер заңдылықты сақтауға міндетті. Ең төменгі еңбекақы жыл сайын Қазақстан Республикасының «Бюджет туралы» Заңымен белгіленеді. Ол күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылатынын атап өтті. 

Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін 3 жыл ішінде екі есеге көбейттік. Бұл шара 1,8 миллион адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізді. Бұл қызметкерлер  еңбекақысының өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, азаматтардың табысын ең төменгі жалақыдан ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ең төменгі жалақыны  өсіру қоғам үшін  өзекті. Себебі, әлем бойынша азық-түлік бағасы өсіп барады. Мұндай жағдай біздің елде де байқалуда. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді бағамдай отырып, ең төменгі еңбекақы мөлшерін өсіру – уақыт талабы екендігін білуге болады.
Жолдауда елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту барысында басқа да мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы Үкіметке еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуді тапсырды. Мұның барлығын іске асыру барысында біздің басқарма да есеп-қисап жұмысын жүргізіп жатыр. Тапсырма берілді, жүзеге асыруға кірісіп кеттік.

Ермек Мизамбаев,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы


 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауы бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартудың тың жолдары айқындалып, заманауи жобаларды жүзеге асыру ісі жоспарланған. Олардың қатарында еліміздің білім беру саласын күтіп тұрған оң өзгерістерге назар аудару маңызды. 

Жолдауда еліміздің білім беру саласына қатысты мәселелер қамтылған. Мектепке дейінгі дайындық, орта білім, кәсіби білім беретін оқу орындары және жоғары білім беру саласының қордаланған өзекті мәселелері алдағы уақытта өз шешімін табады. Атап айтқанда, жас жеткіншектерді балабақшада тәрбиелеу ісі, балаларды толыққанды қамту мәселесін шешу көзделген. Әрине, қазір балабақша жасындағы балаларды қамту ісіне күрделі өзгерістер керек. Бұл, әсіресе, Алматы, Астана сынды ірі қалаларда ерекше байқалады. Маңызды құжатта орта білім беру саласына да көп көңіл бөлінген. Президент Қ. Тоқаев орта білім саласын «табысты ұлт болудың маңызды шарты» деп бағалады. ХХІ ғасыр – білім мен біліктілік сынға түсетін тарихи уақыт. Сол себепті өскелең ұрпақтың білім алуына толыққанды жағдай жасалғанда ғана халқымыз табысты ұлт деңгейіне көтеріле алмақ. Осы орайда Жолдауда көтерілген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолға алынуы құптарлық жайт. 2025 жылға дейін 800 мың бала заманауи мектептермен қамтылады. Бұл дегеніміз, білім саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыратын маңызды фактор.

Жолдауда ұстаздардың абыройы мен беделін арттыру бағытында біршама өзгерістердің болатыны айтылды. Бұл бағытта ұлттық құндылықтарды жаңғырту, сондай-ақ, дамыған елдердің тәжірибесін зерделеу, ұтымды жолдарын басшылыққа алу ісі жүйеленбек. Ұстаздардың материалдық жағдайымен қатар ғылыми ізденісіне, педагогикалық шеберлігін шыңдауына назар аудару қажет. Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндері мен ағылшын тілін оқыту ісін күшейту бастамасы көтерілгенін ескерсек, ұстаздарға үлкен жауапкершілік артылып отыр. 

Ел егемендігі жылдарында түбегейлі өзгерістерге ұшыраған саланың бірі – жоғары білім беру саласы. Дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі басшылыққа алынып, білім беру ісінде алға жылжу орын алды. Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістермен қатар заманауи білім беру бағдарламалары, ақпараттық технологиялар да белсенді пайдаланылуда. Дегенмен өз шешімін табуы тиіс мәселелер де жетерлік. Солардың бірі – студенттерді жатақханамен қамту мәселесі. Әсіресе, бірнеше көшбасшы жоғары оқу орындары орналасқан қалалардағы жағдай күрделі. Дегенмен, жоғары оқу орындары өз материалдық мүмкіндіктеріне сай мәселені шешуде. Алайда, түбегейлі біржақты әрі студенттерге тиімді болатындай нәтиже болмай отыр. Содан кейін де пәтер жалдап оқу тәжірибесі қалыптасты. Бұл, әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін қиын. Жолдауда аталған мәселені шешу үшін жоғары оқу орындары мен құрылыс компаниялары арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнату тәсіліне мән беріледі. Осы тәжірибе қолға алынса, студенттер үшін жаңа жатақханалар салынып, аталған іс аясындағы шаралар оң шешімін тапқан болар еді. 

Қорыта келе, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында айтылған мәселелердің Әділетті Қазақстанды құруда рөлі жоғары. Сол себепті де Жолдауда айтылған бастамалар қоғам мүшелерінің тарапынан қолдауға ие болып, қолға алынған жобалар мен міндеттерді барынша белсенділікпен орындауға атсалысу қазақстандықтар үшін маңызды мәселе.

А. ҚАЙЫПБАЕВА,
т.ғ.к., Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026
Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

28.01.2026
Экстремизмнің алдын алудағы отбасының рөлі

Экстремизмнің алдын алудағы отбасының рөлі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.