Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Қаржылық сауат қажет

12.09.2023
ЕКІ ТІЗГІН
Қаржылық сауат қажет
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа арнаған биылғы Жолдауын ұжым болып тыңдадық. Онда нақты тапсырмалар беріліп, жаңа басымдықтар белгіленді. Маңызды құжатта Президент экономикалық өсудің тұрақты қарқынын дәйекті жаңғырту және қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдымен осыған дейін қабылданған стратегиялық бағытты жалғастыруға және экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз етуге, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар шараны атады. Нағыз дамыған ел қатарына қосылу үшін тек саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтыны белгілі. Сондықтан Жолдаудың негізгі мазмұны экономика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инфрақұрылым, туризм, әлеумет, экология, еңбек, білім, тәрбие, басқа да мәселелерге арналды. 
Президент макроэкономикалық саясатты қайта қарау қажет екенін айтып, экономиканың түрлі секторларындағы реформаларды табысты іске асыру макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, қаржы, фискалдық және ақша-несие саясатының келісілген жұмысының маңыздылығына ерекше көңіл бөлді. Сонымен бірге инвестициялардың жетіспеушілігіне алаңдаушылық білдіріп, оның тапшылығы экономикалық өсуге тежеу салатынын айтты. 
Сондай-ақ, Президент банктерді корпоративті несие беру ісіне белсене қатысуға, яғни кәсіпкерлерді қолдауға ынталандырудың маңызды екенін, банк қызметінің басқа түрлеріне қарағанда, бизнеске несие беру ісі банктерге пруденциалды және фискалды реттеу тұрғысынан анағұрлым тиімді болатынын жеткізді. Сөйтіп, Үкіметке және қаржы саласын реттейтін мекемелерге 1 жылдың ішінде осы маңызды мәселеге қатысты өздерінің кесімді байламын айтуды тапсырды. 
Айта кетейін, елдегі банктер үшін жеке тұлғаларды несиелендіруден гөрі бизнес саласын қаржыландыру әлдеқайда тиімді. Өйткені, бизнесті қолдау – экономика тірегі болмақ. Себебі, осы арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылады, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, әл-ауқаты артады.  
«Қазір елімізде 21 банк бар. Бірақ, корпоративті секторға несие берумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен бірнеше ірі банк қана айналысады. Сондықтан осы саладағы бәсекені арттыру үшін елімізге шетелден сенімді үш банкті тартқан жөн»,– деді Президент. Яғни, Мемлекет басшысы айтқандай, шетелден банктер тартылса, бәсекелестік пайда болады. Ал бәсекелестік бар жерде жұмыс сапасының артатыны сөзсіз.  
Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде жұртшылық көбіне өзінің шама-шарқын бағамдамастан банктен жоғары пайызбен несие алады. Тіпті, кейбіреуінің басында үш, төрттен несиесі бар. Бірақ, ерте ме, кеш пе, оның қайтарымы болады емес пе? Ал, ол несиелерді төлеудің оңайға соқпайтыны рас. Уақыты келгенде банктен алған қаражатты қайтаруға мүмкіндігі жетпей, белшесінен қарызға батады. Сөйтіп, өзінің әлеуметтік жағдайын төмендетіп алады. Бүгінде мойнында қарызы бар қаншама адам бар ортамызда?! Оны күнделікті өмірден де кездестіріп жүрміз. Сондықтан, банктен қарыз алатын кезде адам алдымен: «Қарызды қайтаруға шамам жете ме?» деген сауал төңірегінде мұқият ойланып алғаны жөн деп санаймын.  
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін кешіру туралы шешімім және жақында қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттеді. Бірақ ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар азаматтардың қаржылық сауатын арттыру өте маңызды», – деген болатын. 
Осы орайда Президент «Аmanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» атты жобасының арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан аса адамның қаржылық сауатының арттырылғанын, солардың ішінде он, тіпті одан да көп несие алған адамдардың бар екенін, сондықтан аз уақыт ішінде бұл жоба өз тиімділігін көрсетіп, енді оның игілігін бүкіл ел көру қажет екеніне ерекше тоқталды.   
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары қоғамымыздың өркендеуі мен әл-ауқатын көтеру бағытында жаңа міндеттер жүктейді. Біз Президент жүргізіп отырған идеяларды белсенді түрде іске асыруға бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, күш салуымыз керек. Сондықтан нақты істердің жоспары жазылған тарихи құжатта көрсетілген әр салаға қатысты ауқымды жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын бірлесе қамтамасыз етуге тиіспіз.

Мадияр КӨЛБАЕВ, 
Еуразиялық банкі Жетісу облысы бойынша 
филиалының басшысы


Келешек  жастар қолында

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық маңызды бастамалары нақтыланып, келешек үшін құнды шешімдер қабылданды. Ардагер ұстаз ретінде білім саласына қатысты айтылған жаңалықтарды зор сеніммен қабылдадым. 

«Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек,» – деді Мемлекет басшысы. 
Президентіміздің білім саласы туралы айтқан пікірлеріне қосыламын. Буллинг деген қазіргі заманның кесапаты болып отыр. Оған жасөспірім де, орта жастағылар да тап болуда. Әрбір бала сапалы әрі толыққанды білім алуы қажет. Мемлекет басшысының осы бір ұсынысын толық қолдаймын.

Күлшарбан ҚАЛИЕВА,
ардагер ұстаз, аудандық аналар кеңесінің төрайымы
Сарқан ауданы


Ұқсата білген ұтады

Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауындағы Қазақстанда өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің 70 пайызын алдағы 3 жылда өңдеп ұқсатып сатуға қол жеткізу керек деген тапсырмасы өте орынды бастама. Шынында да біздің мемлекет қашанғы шетке шикізат сатады, егінші мен малшысының маңдай тері қашанғы сор болып сорғалайды?

«Ұқсата білген ұтады»  демекші, ұлан-ғайыр даламызда өскен бидайымызды ең болмағанда өз жерімізде ұнға айналдырып, астықтан тапшылық тартып отырған елдерге саудаласақ сәл де болса қымбатқа өтпей ме?! Малымыздың етін, сүтін, жүні мен терісін ұқсатып сатудың заманы туды деген үміттеміз. Ауыл адамдары өндірген өнім нарықта қаншалықты қымбатқа бағаланса дала өндірісі өркендеумен қатар оның майталмандарының да тұрмыс-тіршілігі жақсармақ. Тек оларды арада жүрген арамтамақ делдалдардан құтқару шарт. 
Мемлекет басшысының: «Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауылшаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет», – деген сөзі уақыт талабына дөп келді.
Панфилов ауданында Жоңғар Алатауының күнгей бетіндегі мыңдаған бұлақ суларынан арналанған жеті өзен өңірдің сарқылмас байлығы. Байыптап байқасақ, сол өзен суларының басым бөлігі пайдаға аспай жол-жөнекей жер астына сіңіп, жан-жағына жайылып, орынсыз шығынға ұшырайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын салынған су жолдарының тозығы жеткен. Түбі тесіліп, іргесі опырыла сынған темірбетон каналдар орынсыз су шығынының көзіне айналды. Су тапшы бола бастаған қазіргі заманда осы каналдарды тыңғылықты жөндеген жөн. Ол үшін, әрине, су жолдарын қайта жаңғыртуға Үкімет арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, қомақты қаржы бөлуі керек.

Руслан ТУЛАҚБАЕВ,
облыстық мәслихат депутаты
Панфилов ауданы 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026
Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.