Талдықорған: +6°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Қазақстан халқына» қорынан көмек болады

10 қыркүйек 2023
КҮНДЕРЕК
«Қазақстан халқына» қорынан көмек болады
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстағы қайырымдылық шараны үздіксіз жалғастыру қажет. Оған арнайы көмек болады. Әсіресе, тың жобалармен жаңа идеяларға. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты «дөңгелек үстелде» өткен кездесуде қор төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айтты. Облысымыздағы денсаулық, білім, спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары ұсыныс-тілектерін айтып, тиісті жауап алды.

Мемлекет басшысы былтыр қаңтарда денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселені шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Шұғыл ұжымдасқан қордың бүгінгі қызметі айқындалып, аз уақыт ішінде көптеген көмек көрсетті. Қайырымдылыққа бағытталған бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру барысында үлкен жұмыс істеді. Қордан 49 миллиард теңгеге қайырымыдылық көмек көрсетілсе, Жетісу облысындағы көрсетілген қайырымыдлық көмек – 1,3 миллиард теңге. Алдағы уақытқа жоспарланған қайырымдылық көмектің көлемі – 1,4 миллиард теңге. Жалпы денсаулық сақтау бойынша сирек және сырқаттары бар емделушілерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету ойдағдай жүріп жатыр. Ауыр жағдайдағы 20 науқастың шетелде емделуіне қор көмектескен. Одан бөлек, облысымызда ауыр және орфандық сырқатқа шалдыққан 8 пациентке  510 миллион теңгеге дәрі-дәрімек сатып алынды. Қан тамырлы патологиясы бар 2 балаға медициналық көмек көрсетілді. Талдықорғанда ерте араласу орталығы ашылды. Балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту жобасы жүзеге асты. Аталған игілікті істің барлығында қордың еңбегі тұр.  

– Қордың қызметін арттыру, қайырымдылық жобаларды іске асыруға жаңа серіктестер мен донорларды тарту үшін 15 тамыздан бастап Қордың бастамасымен Ұлттық қайырымдылықтың II конференциясы басталды. Еліміздің 20 өңірінде «дөңгелек үстел» форматында өңірлердің бастамаларын талқылау және өңірлердің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, іске асыру үшін ұсынылатын жобаларды, оның ішінде жергілікті атқарушы органның рөлі мен қатысуын айқындау мақсатында талқылау өтеді, – деді өз сөзінде Ләззат Алтынбекқызы.

Облыстағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев қордың әр ісіне алғыс білдіріп, болашақта талай істі бірлесе атқаратындығын жеткізді. Қордың көмегімен облыстағы 8 тұрғынға протез берілді. Талдықорған қаласында аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арнайы орталық ашылды. Басқарма басшысы аз уақыт ішінде балалардағы оң өзгерістің белгісі бар екенін айтты.

Өз баяндамасында Ләззат Шыңғысбаева білім саласындағы бірқатар іске тоқталды. Ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту мақсатында Жансүгіров ауылындағы Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Келесі кезекте өңірімізде үш тірек мектеп құру жоспарланған. Атап айтсақ, Сарқандағы Абай атындағы мектеп-гимназиясы, Қарабұлақтағы Шестаков атындағы орта мектебі, Қоғалыдағы Қоғалы орта мектебі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында 26,3 миллион теңгеге «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» жарақтандырылды. Одан бөлек, инженерлік құзыреттілікті дамыту мақсатында елімізде 187 мектепте робототехника кабинеттері ашылды. Оның 7 мектебі облысымызда орналасқан. Ал үлгерімі жақсы, оқуда озат, қоғамдық жұмысқа белсенді араласқан жетісудағы 2340  оқушы арнайы сауықтыру лагерьлерінде демалып қайтты. Әлеуметтік осал топтан шыққан 31 түлек Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы университеттің түлегі атанды. Спикер спорт саласын да түртіп өтті. Сарқан ауданындағы Черкасск ауылында ашылған спорт залға тікелей қор көмектесті. Алдағы уақытта Арасан мен Қойлық ауылдарында спорт зал ашу жоспарланған. Сөз соңында Ләззат Алтынбекқызы қордың негізгі мақсаты алыс аудандарға, шалғай ауылдарға көмек көрсету екінін баса айтты. Жақсы жобаларды қор қашанда қолдайтындығын, тек ол тың жоба, жаңа идея болса құба-құп. Келешекте қордың көмегімен өңірімізде бірнеше нысан салынып, көптеген жанға көмек көрсетіледі. 

Серік Қантай

 

 

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Бүгін, 17:31
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

Бүгін, 16:24
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

Бүгін, 14:18
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

Бүгін, 13:29
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.