Талдықорған: +22°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒАСЫР ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНА. І — ӨТІРІК ПЕН ӨРКЕНИЕТ

18.08.2023
КҮЛТӨБЕ
ҒАСЫР ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНА. І - ӨТІРІК ПЕН ӨРКЕНИЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі қазақ әдебиетіне есімі таныла бастаған жаңа буынның, әсіресе талантын мойындатып үлгерген бір шоғыр жастың жазбасына қарап сынның білтесін тұтатқан алдыңғы толқынның көкейінде біраз сауал жүргені рас. Суыртпақтап сұрай қалсаң дені өз әдебиетінің уызына қанықпай жатып («Уызға жарып өскен ұл, қазанның түбін қырнай ма?» Н. Айтұлы) әлем әдебиетімен ауызданғаннан болар деп тұжырып жатады. Ендігі бірі классикалық сүрлеу-сүрдектен тысқары кеткендіктің эпицентрін жапонның Мураками, Акутагава, қытайдың Мо Янь сынды жазушыларының шығармалары санаға орасан сілкініс алып келгендігінде деп топшылайды. Қайсысына түстеп таңса да бүгінгі жазарман жастардың қаламы құндылықтан қиыс кеткен жоқ еді.


Оның да өзіндік себебі бар. Кешегі кербездің жиған жүгіндей кестеленіп түскен келісті шығармалардың мәні мен мазмұны мәйекті, маңызды, құнарлы болуы мен бүгінгі жас буынның түрлі эксперименттерге баруындағы аздаған тілдік жұтаңдық, шығарманың композициялық құрылымындағы сәл ғана орын алған ақаулардың арасына өлшем жүре ме? Өткен ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытұлы сынды саңлақтар түрен салған прозада да сәл шикілік болған. Әсіресе құрылым жағынан. Дегенмен, сол Ж. Аймауытұлы, І. Жансүгіров, Б. Майлин секілді тұлғалар әрбір жанрға қалам тербеп, кейіннен өзінің жан қалауына қарай икемделіп, терсіңді еңбек етті. Оңайға шалдырмаған, оспаққа алдырмаған жағдайда іштей мойындап, («прозаның қаламын Бейімбетке тапсырдым» І. Жансүгіров) табиғи болмысындағы іңкәрлікке, Толстойдың тілімен айтқанда «желание души», жан қалауына қарай қам қылды. Соның арқасында Бейімбет, Ілиястар әр жанрдың басына шынардай бітті. Ал, бүгінгі буынның да әдебиетте, әсіресе, қазақ проза жанрында «ашылмаған аралдай» тың жатқан – мифтік, мистикалық, фантастикалық, ғылыми-фантастикалық бағытта өзіндік биік қалыптастырғысы келетінін жасырып қайтеміз?! Жоғарыда айтқан білтесін тұтатуға негіз болған дүниенің сыры осында.

Жанр дегенде есіңе түсетін талант-тақсырының бірі – Кемел Тоқаев. Күрделі жазушы. Қарапайым оқырман мен зейінді, өзіндік әдеби сын қалыптастыра білген тісқақты оқырман қатар оқыса түсінетін шығармасындағы тілдік құнар мен туынды мазмұнындағы тұнықтық пен мөлдірлікке қарап күрделі демесек те шытырман жанрдың шырғалаңына салған жанды түлкібұлаң жолда адастырып кететін талантына қарап солай демеске лаж жоқ.

Иә, Кемел Тоқаев көзіме бір ғасырдың қойнауына сүңгіген сан алтын іздеушіден бөлініп алып, жатағандау, айналасы қалың жыныспен тұтасып ит тұмсығы бата алмастай көрінген күрделі тауға жол салып, оның қойнын барынша үңгіген қазынашыдай көрінетіні бар. Қазақ сақарасында от жүрегін тулата өмірге келген мың жазушының бәрі классикалық көркем жазуға құлаш ұрғанда, қаламын детектив жанрына бұрған талант-тақсырының діттеген мұрадым-мұраты, мақсат-межесі орындалғандай. Ол қазақ детектив жанрының ақ бастауына айналған десек артық айтқандық емес.

Кемел тұлға Кемел Тоқаевтың ғұмырбаяндық-хамсасынан там-тұмдап мысал келтіріп, өскен ортасы, тіршіліктегі тұлғалық болмысы мен қайраткерлік қасиетіне тоқталмай-ақ қоялық. Оны көзі қарақты жан онсыз да білетініне бек сенімдіміз. Біз жазушы жайлы ой-толғамның алғашқы бөлігін «өтірік пен өркениет» деп алдық. Оның мәнін оқырманға ашу немесе жұмбақ күйінде қалдыру бас қатырарлық, ойланарлық дүние емес. Ең бастысы, біз байқаған жазушы шығармасындағы ең негізгі өзек – өтірікке негізделгенін пайымдадық. Бұл тұрғыда жазушы өтірікті дәріптеді немесе өтірік жазды деген мәселеге ұрынудың қажеті шамалы. Негізгі тақырып – өтірік.

Кез келген шығарманың қарапайым оқырман санасын жетелете бермейтін, аңғара алмайтын өзегі мен жады болады. Бүгінгі тілмен айтқанда «код». Ұлттық түсінік, ұлттық ұғым, жалпақ жұртқа ортақ киелі де көзге көрінбес ой-өріс, таным өлшемі секілді дүние. Сондай танымға негізделген дүниелер, әсіресе, шытырман жанр шеберлерінің шығармасында әлсіз сәуледей әлжуаз жарық таратып, мүлдем көрінбес, көмескі түрде туындыға енгізіледі. Мәселен, өзінің Шерлок Холмс атты кейіпкері арқылы шытырман шығармаларына жан бітіруге тырысқан, сол арқылы әлемге есімін әйгілеген Артур Конан Дойл туындыларындағы өзек – қаһармандық. Қан сасыған қоғамның өртеңінде шашылған күл арасынан құрбанның бір тал шашын табу, қылмыс әлемінде қаһармандықпен із кесу, оны ерлікпен дәлелдеу Конан Дойл қаламының негізгі серті. Сол секілді қанға мелдектей толған хауызда қып-қызыл алма тістеп жатып шығармасының композициялық құрылымын тұтастыра тұжырып алатын Агата Кристи шығармасының негізгі жады һәм өзегі – құмарлық. Ал, жазушылықты өмірінің ең үлкен сыйы деп білген Роберт Гэлбрейттің тұтас туындысындағы негізгі толқын сатқындық па адами мүдденің, өзімшілдік пен өшпенділіктің арнасына барып құйылып жатыр. Сол секілді Борис Акунин, Карлос Руис Сафон, Артур Хейли, Роберт Маккоммон, Элис Сиболд сынды мың қанша шытырман жанрындағы жазушылардың туындысында бір-бір өзек бар.

Кемел Тоқаевтың «Ана тілі» баспасынан 2010 жылы жарық көрген 5 томдық кітабын студент жылдары алып, парақтап-тарақтап шыққанбыз. Сол кезде детектив жанрына деген іңкәрлігіміз оянып, бірқанша автордың шытырман шығармаларына құныға бас қойдық. Өзгеден оқшау, қазақылық ұғым, құндылық, адами ұстаным тұрғысында сыр шертетін К. Тоқаев шығармасын кейіннен қайталай оқыдық. Әрбір шығармасы мазмұндауға, жыр қылып айтуға лайық туынды. Десе де «Солдат соғысқа кетті», «Соңғы соққы», «Ұясынан безген құс» романдары мен «Түнде атылған оқ», «Тасқын», «Көшкен үйдің қонысы қайда?» сынды повестерінен екшеп алып, «Сарғабанда болған оқиға» туындысына сана жетелеткіміз келеді. Біріншіден, оқиғаның болған орны – «Бестөбе» қаласы, оның маңайындағы Кәлпе, Көксу стансысы, Айнабұлақ сынды елді мекендер біз үшін таныс. Екіншіден, жазушының жер-су атының денін өз атауымен беруі, жерді суреттеуі, ой-шұқыр, дөңес – қырына дейін жырлауы күнделікті көріп жүрген бізді өзіне мойынсал етті. Үшіншіден кез келген шығармасындағы негізгі өзек болған дүниені «Сарғабанда болған оқиға» повесінен де көре білуіміз.

«– Е, жаратқан. Жалғызымның жанын сақтай гөр! Дүние қызығын көрмей өткен сорлы пендеңді аяшы. Жиырма жыл бойы мәпелеп өсірген бақытым, үмітім емес пе еді. Менің көрген азабым аз ба?! Жақсылығыңды менен аясаң, бар жамандығыңды мен бейбақтың басына үйе бер. Тек менің жалғызымның жанын қалдыр!». Тілеуқор ананың жасаған ие алдында өбектеген пенделік мойынсал хәлімен басталатын повесть өзінің иіріміне бірден тартып ала жөнеледі. Емханада қансырап жатқан қойшы Рахым, оған тілеуқор Сәндібала ана. Сонымен қатар, емхана қызметкері – сестра Аида Глухова, қаланың бас хирургы Цой, Сәндібаланың күйеуінің жан жолдасы Жабағы, маскүнем Рысбек, Қаракемпір секілді бірқатар кейіпкер шығарма басында бірден көрініс берген. Қу даладан қансырап келген Рахым бір есін жиғанда: « – Ма-а-ма, бұған сенбеңіз», « – Мені жәбірлеген осы…» (Автор сөздері) деп бір шындықты аша алмай өмірден өтеді. Шығарма осылайша шытырман хәлде басталады. Оқырман бауырын жазып көсілмей жатып алдындағы шығарма тосқауылдарына бірден маңдай тірегендей болады екен. Түсіну үшін иірімнің иіріміне бойлай түсесің. Осылайша тұтас шығарманы таусап-тілшелеуге тура келеді. Жұмбақ өлімнің сырын ашу аудандағылардың қолынан келмеген соң облыстан, сонау Алматыдан Талғат Майлыбаевич келеді. Бұл – детектив жанрындағы қазақтың Шерлок Холмсы.

Шығарма кейіпкері Талғат Майлыбаевич іске кіріскеннен бастап Кемел Тоқаевтың шытырман жанрдың шебері екеніне қайталай көз жеткізіп, тәнті болғанның үстіне тамсана бересіз. Күміс қарға түскен таң алагеуімдегі қоянның ізіндей қым-қиғаш дүниелер кино лентасындай көз алдыңнан өтіп жатады. Өлмес бұрын «өтірікті» емексіткен Рахманның «Ма-а-ма, бұған сенбеңіз» дегенінен тартып, қаншама «өтірікке» ұшырастық десеңізші.

«Адам ақылынан адасқан кезде қылмыс жасағанын аңғармайды» (К.Тоқаев). Бірақ, жиырмаға енді толған Рахмандай қарапайым қойшыны өлтіруге қандай ақылсыздың нендей себебі бар? Мұндай сауалдар оқырман санасында туындағанымен жазушы бәрін бірден ашып тастап отырады. Мұндағы жазушы шеберлігі – шытырманнан шырғалаң жасауда, қылмысты ашуға бір себеп тапқанымен оның ізін жауып отырған қылмыскерлердің айлакерлігін өз дәрежесінде бере білуінде. Мәселен, құрбанның жанын қиюға екі адам барған, біреуі күпшек аяқты кемтар екенін Талғаттың тануы. Қой жайып тастаған, Рахманды сабылып іздеген адамдардың сан ізінен қылмыскердің бірі кемтар, ағаш аяқты болуын аңдауы, оны сезген бір қылмыскер ағаш аяғын отқа өртеп, кемтар жақтасына балдақ ұстатуы – шығарма шиеленісі. Одан да өзге айғақтарды күн құрғатпай жойып отыруы иісшіл иттің өзін омақастырарлық айла емес пе?! Мұнда да детектив жанрының адам арбар сыйқырлығы, өміршеңдігі қылаң береді.

Шығарманың түу басындағы « – Ма-а-ма, бұған сенбеңіз», « – Мені жәбірлеген осы…» деген үзік-үзік сөзі «өтіріктің» өміршең емесіне бағытталған әлжуаз соққы еді. Оны негізге алған Талғат түбіне дейін барады, ақырында алтын сатумен айналысқан хирург Цой мен ағаш аяқты Борис Натанович және олардың жақтастарының қылмысы тым ұзаққа созылған процестен кейін ашылады. (Мұны мазмұндау, әр детальға тоқталу келер жазбалардың еншісінде). Ақыры тергеуге алынған ағаш аяқ Борис Натанович соғыстан қашып 20 жыл бойы өзгенің құжатымен жүрген, өзіне-өзі «өтірік» айтып, ғұмырын зая кетірген тұлға екені ұлымен бетпе-бет келер шақта әшкере болады. Бір қалада 15 жыл ықпалды күштілер қатарында болып, тұрмыстан тарықпаған, сөйте тұра адами нәпсінің, дүниеқоңыздықтың салдарынан өзіне «өтірік» айтып, тұлға болып көрінген Цой да қанішерлігін мойындайды. Осылайша өтірік өзек болған шытырман шығармадағы негізгі тұжырым өркениеттің адасуының әуелгі сатысы – өтіріктен екенін дәлелдейді. 

«Өтірік пен иман бір арада болмайды», «Қиямет күнгі ең ауыр күнә ол – өтірік айту» (хадистер), «Өтіріктің арты бір-ақ тұтам» (мәтел) деген ең бір күйіп тұрған мәселе Кемел Тоқаев жазбаларының негізгі кілті. «Күллі бейберекетсіздіктің, қылмыстың артында өтірік жатыр», – деген К. Тоқаев аталмыш шығармада:

«Мен көп жылдардан бері демікпе ауруына шалдығып жапа шегіп жүрген жан едім. Сіз соны емдеудің әдісін тапты деп естіп, әдейі жолаушылап келем. Ауруым күн санап асқынып барады. Қабылдай аласыз ба?

– Демікпе ескі ауру. Бұл дерттің емін таппай, әуреге түскен ғұламалар аз емес. Біз дала дәрігеріміз. Қолымызда қазіргі заманның аспаптары жоқ, әйтеуір бірдемені долбарлап жасаған боламыз. Сірә, менің жасаған емім сізге қона ма екен?

– «Оны сіздің ықыласыңыз біледі», – деген диалог арқылы қылмыскерлердің құпия сөзін береді. Шылғи өтіріктен құрылған тілдесу арқылы бір-бірін табатын қылмыскерлер мұраты да ақырында өтірікпен тиянақталып, шындықпен жаза арқалайды. Дәл мұндай өміршең тақырып (өтірік) Кемел Тоқаевтың бар шығармашылығын тұтастырып тұрған дүние. Жалпылама айтқанда, «Өтірік – барып тұрған зиянды у» деген Бауыржан Момышұлының, «Адам баласы шындықтан өлердей қорқып, өтірігінің ашылып қалуынан сақтанып жүрсе, бұдан артық бақытсыздық жоқ» деген Паскальдің, «Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды», деген Асқар Сүлейменовтің, «Өтірік айтуға үйір болу – нашақорлық секілді. Адамның түбіне сол өзінің өтірігі жетеді» деген Чеховтың тұжырымындағы дүниелер жазушы Кемел Тоқаевтың «Адамзатты адастыратын да, қылмыстың кілті де өтірік» деген астарлы байламымен сабақтасып жатыр. Бұл дүние саңырауқұлақша адам бойында қаптайтын болса өркениеттің адасуына апаратыны да даусыз емес пе?

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Жолшы еңбегі – ел игілігі

Жолшы еңбегі – ел игілігі

07.08.2026
Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

Мемлекеттік гранттар бөлінді: тізімді қайдан көруге болады?

07.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ұлттық құрылтай – ел бірлігін бекемдейтін қоғамдық диалог алаңы

07.08.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Болашаққа бағдар

07.08.2026
Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.