Талдықорған: +35°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАРИХ ТҰЛҒАЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК

13.08.2023
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» дегендей, менің туған ауылым Малайсары батырдың тарихымен тамырласып жатады. Дегенмен, халықтың қатал сүзгісінен өткен тарих қана ұрпақ жадында мәңгілік сақталады. Ал өзінің өскен жерінің қадірі мен қасиетін зерделемеген зерттеушінің де еңбегі еленбейді. Осы тұрғыдан келгенде Андас Омарақынның «Тарих талғарында» кітабында Іленің арғы беті, Жоңғар және Жетісу Алатауының түйіскен жеріндегі жер жағдайы мен жартас суреттері, петроглифтер туралы құнды зерттеулер жасалған. Ондағы деректердің Іленің бергі бетіндегі тарихпен тамырлас екендігін оқи отырып, біліп жүрміз. Аталмыш еңбекпен таныса келе өз ауылым жайлы толғанысымды жазуға бекіндім.


Мен Кербұлақ ауданы, Малайсары ауылында тудым. Өскен жерімізде де тарихтың сан құпиясы жатқаны белгілі. Тарихқа шегініс жасасақ, Малайсары батыр – тархан туралы осындай мағлұмат бере кетейін. Малайсары батыр шамамен 1700-1756 жылдар аралығында өмір сүрген батыр әрі би. Әкесі Тоқтауыл – батыр, балуан, анасы Мөлдір – қалмақ қызы, қарындасы Гауһар Қабанбай батырдың жары болған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі. Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде Абылай хан Малайсарының батырлығын, ақылы мен қайратын жоғары бағалаған. Сондай-ақ, қазақтардың Ресейдің қол астына кіруіне қарсы болған. Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі ел арасындағы бейбіт бітім жасау саясатын ұстанады. Өз кезінде қазақ хандығының елшісі салауатымен жоңғар ханымен кездесіп, ел араздығын тоқтатуға күш салған қайраткер. Қазіргі Павлодар облысы, Май ауданында туып, жер жаннаты Жетісудан мәңгілік мекен тапты. Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген. Біздің ауылда Малайсары батырға белгі қойылған. Ауылдық мектепте батырдың мүсіні орнатылған.

Айта кетерлігі, ауыл айналасындағы тау беткейлерінде, жартас беттерінде таңбалы тастар өте көп. Таңбалы тастарды зерттеген археолог Алексей Марьяшев көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Арқарлы мен Малайсары сілемдерінде 20-ға жуық осындай тастың барын анықтап, ондағы суреттер қола және темір дәуіріне тән деп тұжырымдаған. Маман бұл аумақты тереңірек зерттеу мақсатында экспедиция ұйымдастыруды жоспарлап жүргенде арманына жетпей, өмірден озып кетті. Көне тарихтан сыр шертетін Малайсары петроглифтерін Үкімет қорғауға алмаса, құнды жәдігерлерден айырылып қалуымыз әбден мүмкін.

Бұл – отандық тарихқа жасалған үлкен қиянат болар еді. Осы тұста Малайсары жартас суреттері мен петроглифтерінің Андас Омарақынның «Тарих талғарында» кітабында жазылған Іленің арғы бетіндегі Зекті, Қызылқорым, Текес, Моңғолкүре, Жырынтай, Ағаяз жартас суреттері және петроглифтерімен тарихи тамырлас екендігін көруге болады. Алдағы уақытта бұл тақырыпты салыстырмалы түрде зерттеу керек.

Ауылымыз Малайсары батырдың есімімен байланысты болғандықтан жерлестеріміз өрлікке, ерлікке, өнерге бейім келеді. Айталық, малайсарылықтар айтыскер ақын Әбікен Сарыбаевтың есімін ерекше құрметтейді. Әсіресе, ақынның:
Домбыра шықса үнің күмбірлеген,
Дауысым бірге кетсе «Бұл кім?» деген.
Баласы Күреңбелдің Әбікен ғой,
Жүз топта қаршығаға ілдірмеген…
– деген өлеңін жастар жағы мақтанышпен айтып жүреді. Андас Омарақын да Әбікен атамыз сияқты қазақ айтыс өнерін жалғастырушылардың бірі. Оның «Дода» атты кітабында арғы беттегі айтыскерлердің мұрасы жинақталған. Ал Әбікен атамның ұлы Серік ағам да атамыздың жолын қуалап, таланты дарыған қаламгер, көсем сөзден түйін түйген тілші. Ал Андас атамыздың ұлы Қажет Андас та қазақ баспасөзінің қара шаңырағы саналатын «Жетісу» газетінің тілшісі.
   Малайсары ауылынан мұнан басқа да таланттар көп шықты. Мектеп кітапханасындағы «Құлжа сақа», «Арша жұпары», «Жыр жүйрігі Әбікен» және «Жегі» шығармаларын оқушылар қолынан тастамайды. Ал Әбікен Сарыбаев атамыздың жиен немересі, әртіс Ерлан Кәрібаев та талай жастың үмітін үкілеп жүр. «КТК» телеарнасының жаңалықтарын жүргізетін Асыл Махметов, әртіс, режиссер, автор, бас продюсер Ерлан Қасымжанұлы Алматыда туғанымен Малайсары атындағы орта мектептің түлегі.
   Ауылым жайлы шағын жазбамды Малайсары орта мектебінің кітапханашысы Айгерім Абдулмажитқызының өлең жолымен аяқтағым келеді.
Әдемі, әсем менің туған өлкем,
Ауылым Малайсары неткен көркем?!
Күреңбелдің жерінде орналасқан,
Ауылдастың бәріне ыстық мекен.

Көктем келсе ауылым гүлденеді,
Сарғалдақтан сары кілем төселеді.
Сай-саладан сарқырап аққан жерде,
Ауылға бір әдемі сән береді.

Ыстық қой әр адамға туған жері,
Тауы, тасы, ауасы, бәрі әдемі.
Жусаны ауылымның өзі жұпар,
Әдемі табиғаты көзді тартар.

А. ТҰРДЫҒАЗЫ,
Малайсары атындағы орта мектептің оқушысы
Кербұлақ ауданы

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

Сарыбұлақ тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды

07.08.2026
Дипфейктер мен жалған ақпаратқа қарсы күрес

Дипфейктер мен жалған ақпаратқа қарсы күрес

07.08.2026
Хабарландыру: Жоғалған тұрғын іздестірілуде

Хабарландыру: Жоғалған тұрғын іздестірілуде

07.08.2026
Қазақстанда тағы 41°C-қа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанда тағы 41°C-қа дейін аптап ыстық болады

07.08.2026
Жетісуда полиция қызметкерлері жолда қалған отбасыға көмектесті

Жетісуда полиция қызметкерлері жолда қалған отбасыға көмектесті

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.