Талдықорған: +9°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дипфейктер мен жалған ақпаратқа қарсы күрес

7 тамыз 2026
КҮНДЕРЕК
Дипфейктер мен жалған ақпаратқа қарсы күрес
WhatsAppTelegramFacebook

Елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды шаралар қолға алынып, жасанды интеллект арқылы таратылатын жалған деректерге қарсы тұру тетіктері күшейтілуде, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Қазіргі уақытта шетелдік әртістердің, танымал спортшылар мен өзге де әсер етуші тұлғалардың бейнесі мен дауысын рұқсатсыз пайдалану арқылы жасалған дипфейктердің таралуы байқалуда. Атап айтқанда, арнайы жасалған бейнероликтерде Қазақстан Республикасын көші-қон режимін күшейтті деген жалған айыптаулар кеңінен таратылуда. Мамандардың түсіндіруінше, бұл материалдар шындыққа еш қатысы жоқ және әдейі ұйымдастырылған ақпараттық манипуляция тәсілдерінің қатарына жатады. Мұндай кибершабуылдардың түпкі мақсаты – елдің және көршілес мемлекеттердің оң имиджіне нұқсан келтіріп, жасанды түрде теріс пікір қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушыларын жалған мәліметті одан әрі таратуға итермелеу.

Құқық қорғау және ақпараттық қауіпсіздік саласының өкілдері тұрғындарға үндеу жасап, әлеуметтік желілердегі кез келген күмәнді дерекке сын көзбен қарауды сұрайды. Ақпарат көзі тексерілмеген, эмоцияға толы бейнероликтерге сенбеу және оларды бөліспеу маңызды. Цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті сақтау үшін қарапайым тексеру әдістерін қолдануға болады. Бүгінде ашық қолжетімділікте фото, аудио және бейнематериалдарды жасанды интеллект көмегімен генерациялау белгілеріне тексеру жүргізетін арнайы сервистер жұмыс істейді. Олардың қатарына Hive AI Moderation, Undetectable AI және Sensity AI ұйымының RealityGuard платформалары кіреді. Аталған құралдар синтетикалық өңдеудің іздерін анықтап, ақпараттың шынайылығын тексеруге көмектеседі.

Әрбір қолданушы ақпараттық гигиенаны сақтап, тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуі қажет. Жалған мәліметтің өмір сүру ұзақтығы адамдардың оны тарату не таратумауына тікелей байланысты. Тұрғындардың саналы әрекеті мен цифрлық сауаттылығы киберқатерлерге қарсы тұрудың ең тиімді жолы ретінде қарастырылады. Елдегі өзекті жаңалықтарды, қауіпсіздік шаралары мен цифрлық кеңістіктегі жаңалықтарды қалт жібермеу үшін сайтымызды жүйелі түрде қадағалап отырыңыз.

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.