Талдықорған: +26°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғандағы коттедж қалашығында жарты миллиардтан астам теңгенің құрылысы орындалмаған

15.07.2023
КҮНДЕРЕК
Талдықорғандағы коттедж қалашығында жарты миллиардтан астам теңгенің құрылысы орындалмаған
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірінде соңғы жылдары мыңға жуық баспана заңсыз үлестіріліп, тиісінше пәтер кезегінің жүйесі бұзылған. Нәтижесінде 1700 кезекте тұрғандар, былай айтқанда баспанаға шын мұқтаждар «далада қалыпты». Одан бөлек Талдықорған қаласындағы атағы да, дабырасы да жер жарған коттедж қалашығында да заңбұзушылық  өте көп.

Мұндағы сүйіншілеген талай үйдің сапасы сын көтермейді. Кейбірі қағаз жүзінде керемет болғанмен, нақты іс жүзінде жағдайы мүшкіл. Прокуратура өкілдері 230 үйдің сапасына тексеріс жүргізіп, жарты миллиардтан астам теңгенің құрылысы орындалмағанын дәйектепті. Апта ортасында БАҚ өкілдерімен кездескен облыстық бас прокурор М. Басшыбаев Талдықорған әкімдігімен бірлесіп 750 пәтерді заңдастырып, 1400 адамды кезекке қайта қойылғанымен сүйіншіледі. Сондай-ақ, 3 әкімдіктің лауазымды тұлғасы мен техникалық қадағалауды жүзеге асырушы 2 маманның қамауға алынғанын да жеткізді.

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен кездесуде облыстық бас прокурор бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлікке шүйлігуі азаймағанын да алға тартты. Оның айтуынша, жыл басынан бері өңір бойынша 2 мыңға жуық кәсіпкер тиісті құрылымдардан қысастық көрген. Кәсіпкерлерге салық органдары да әжептеуір кедергі келтірген көрінеді. Өңір салықшылары мыңнан астам бизнес өкіліне заңмен қарастырылмаған шектеу қойған. Кәсіпкерлерге тәртіп сақшылары да торғайға шүйліккен қырғидай болады екен. Учаскелік полицейлер отызға жуық сауда орнын заңсыз тексеріпті. Прокуратура өкілдері мұндай кемшін әрекеттерге уағында тосқауыл болып отыр. Құзырлы органның қадағалау актілері бойынша кәсіпкерлердің жолына «көлденең көк атты» болған 13 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Облыстың бас прокуроры өңірде мемлекеттік сатып алуда да бармақ басты, көз қысты жағдайлар жиі орын алатынын жасырмады. Мәселен, Талдықорған қаласы бойынша 6 парк пен скверді жыл бойына күтіп ұстау үшін 900 млн. теңге қаралып, конкурсқа жіберілген. Алайда еліміздің заңнамасына сәйкес әр паркке бөлек лот өтуі тиіс. Осындай олқылықтардың нәтижесінде 3 млрд. теңгенің 35 конкурстық лоты кері қайтарылған. Сонымен қатар, өңірде мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу және сыбайлас жемқорлық та тыйылмай тұр. Бүгінде құзырлы орган мамандары 16,5 млрд. теңгені қолды қылуға ұмтылғандарға қатысты 5 қылмыстық іс қозғаған. Нәтижесінде осы іске қатысты 15 тұлға құқық қорғаушылардың құрығына іліккен. Биылдың өзінде 420 млн. теңгені қалтасына басқан 5 тұлға құрықталып, 2 қылмыстық іс қозғалған. Прокуратураның жүйелі жұмысының нәтижесінде 230 млн. теңге мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сонымен қатар, жыл басынан бері 2 мыңға жуық өтініш қабылданып, оның 800-ін прокуратурада қаралыпты. Өтініштердің басым көпшілігі тергеу саласы бойынша екен.

 – Келіп түскен 270 өтініш қанағаттандырылды. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Тергелудегі қылмыстық істер аясында 97 өтініш бойынша процессуалдық шешімдер бұзылып, 63 өтініш бойынша тиісті нұсқаулар берілді. Жыл басынан бері прокуратура өкілдерімен 552 жеке қабылдау ұйымдастырылса, оның 370 басшылықпен қабылданды. Оған қоса «көшпелі топтар» барлық ауылдық округті аралап, жергілікті жерде түсіндірме жүргізді, – деді М. Басшыбаев.

Бас прокурор қазір алаяқтықпен айналысатындардың да көбейгенін сөз етті. Көбіне-көп олардың арбауына қаржылық сауаты төмен өңір тұрғындары жиі түсетінін алға тартты. М. Басшыбаев мобильді алаяқтар өзгенің атынан несие рәсімдеуді, банк картасының мәліметін сұрап, ондағы ақшаны жымқыруды әдетке айналдырғанын да жасырмады. Тіпті, құқық қорғау органдарының атын жамылатындар да бар екен. Бас прокурор өңір тұрғындарын танымайтын кісіге банктік мәліметтерді жария етпеуге, оңай олжаға кенелуге шақыратындарға сенбеуге шақырды.

Дастанбек Садық

 

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық дәуірдің құқықтық негізі

Цифрлық дәуірдің құқықтық негізі

18.07.2026
Қабанбай – Лепсі жолы жөнделуде

Қабанбай – Лепсі жолы жөнделуде

18.07.2026
Аңшылық маусым басталды

Аңшылық маусым басталды

18.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Өркениетті қоғамның бастауы

18.07.2026
Көмір жеткілікті

Көмір жеткілікті

18.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.