Талдықорған: +32°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жемқорлықпен күресті күшейтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет

13.07.2023
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Жемқорлықпен күресті күшейтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет
WhatsAppTelegramFacebook

Салтанат сарайында облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Жиынға барлық құқық қорғау органдарының басшылары, шегара қызметі мен әскери бөлімдердің және барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. 

Басқосуда 6 мәселе қаралды. Атап айтсақ, облыста заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарының қорғалуы, жемқорлыққа қарсы күрес, облыстық полиция департаментінің қылмыстың алдын алу бойынша іс-шаралары және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, терроризмге (лаңкестікке), экстремизмге қарсы күрес және ішкі қоғамдық саяси тұрақтылық, шегарадағы сауда-экономикалық белсенділігі жағдайында шегара, кеден қызметінің жұмысы,  шегара маңындағы аудандарда қауіпсіздікті күшейту мақсатында шегара әскери бөлімшелерінің инфрақұрылымдарын жақсарту, жергілікті атқарушы органдардың құқық қорғау органдарымен өзара үйлесімді іс-қимылының қамтамасыз етілуі кеңінен талқыланды.

Алғашқы мәселе бойынша облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев баяндама жасап, облыста атқарылған жұмыстарды баяндады. 

Бұл мәселе бойынша облыс әкімі сөз алып, «Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының мәселесі сотқа дейін жеткізіліп, соттың шешімі сәуір айында шығарылды. Алайда сот орындаушылар асығар емес. Мәселені аяғына дейін жеткізуді тапсырамын. Өйткені тұрмыстық қалдықтар полигонының жұмыс жағдайы өте нашар, жаңа басқарушы компанияға тапсыруымыз керек. Шашылып жатқан полиэтилен пакеттері, т.б. халықтың орынды сыны мен наразылығын туғызып отыр», – деп Мадияр Басшыбаевтың назарын нақты мәселелерге аударды.

Жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарды Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат  Жебегенов баяндады. 

Өз кезегінде сөз алған Жетісу облысы бойынша полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов облыстық полиция департаментінің қылмыстың алдын алу бойынша іс-шаралары және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі тақырыбында баяндама жасады. Ол: 

– Жалпы облыста 6 айдың ішінде 2148 қылмыс тіркелді. Оның ішінде ауыр қылмыс – 457, аса ауыр – 33. Кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, мал ұрлығы азайды. Десе де пәтер ұрлығы азаятын емес. Домофон, камера жоқ үйлерге ұры көп түседі. Қылмыскерлердің 94 пайызы жұмыссыз. Сондықтан жалғыз полиция қызметкерлері ғана емес, жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Ұрлықтың алдын алу мақсатында 2021-2023 жылдар аралығында мүлікті қорғау бағдарламасы бойынша полиция қызметкерлері көптеген жұмыс істеп жатыр, – деді.  

Статистикалық мәліметке сәйкес, 2023 жылдың алты айының қорытындысы бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстың ашылуы 2,4%-ға өскен. 2022 жылы мал ұрлығы бойынша 89 факті тіркеліп, осы жылы 67-ге азайғанымен қылмысты ашу өткен жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға төмендеген. Бұл жөнінде облыс әкімі: 

– Учаскелік инспекторларға тұрғын үйлермен біріктірілген полицейлік пункттер салынып,  жағдай жасалуда, патрульдік полицейлерге заман талабына сай қажетті автокөліктер сатып алынуда, материалдық-техникалық базалар жаңартылып, нығайтылуда, осыған қарамастан қылмыстың өсуіне жол берілуде. Қылмыстың алдын алу бойынша нақты іс-шараларды көре алмай отырмыз. Жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас, нақты іс-қимыл пысықталмаған. Сондай-ақ, интернет алаяқтықпен күресу бойынша жұмыс тиісінше ұйымдастырылмаған. Бүгінгі күні 283 факті тіркелген, бұл өткен жылдан 54 пайызға артық, – дей келе барлық құқық қорғау саласындағы басшыларға ашық жұмыс істеуді, аудан, ауылдарды аралап, халықпен жиі кездесіп, БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу міндетін жүктеді.

Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеу үшін қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, интернет алаяқтықпен күресу, жол-патрульдік полиция қызметтерін күшейту, ұрлықтың санын азайтып, қылмыстың ашылу көрсеткішін жоғарылату бойынша бір ай мерзім ішінде нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп, нәтижесін баяндауды тапсырды. Шара барысында аймақ басшысы бала тәрбиесіне де баса назар аудару керегін алға тартты.  

«Мемлекет басшысы жуырда өткен Ұлттық құрылтайда жастарымыздың интернет дәуірінде өмір сүріп жатқанын және жас ұрпақтың әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып отырғандығын, бұл – өте қауіпті үрдіс екендігін айтты. Сондықтан, облыс әкімінің орынбасары Рустам Әлиұлына, білім мен қоғамдық даму басқармасын, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдарды, құқық қорғау органдары мен психологтарды біріктіре отырып, осы мәселенің шешімін табу мақсатында жаңа оқу жылына дейін қажетті іс-қимыл алгоритмін әзірлеп, тиісті деңгейде жұмысты ұйымдастыруды тапсырамын», – деді облыс әкімі.   

Басқосуда ішкі қоғамдық саяси тұрақтылық, діни саладағы ахуал қалай бақылануда және бүгінгі күннің өзекті мәселесі – жас ұрпақтың өміріне қауіпті синтетикалық есірткіге қарсы күрестің қалай жүріп жатқаны жөнінде облыс әкімінің орынбары Рустам Әли толықтай тарқатты. Ол облыс бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб құрылғанын және сол штабтың жұмысына көңілі толмайтынын айтты. 

Ал ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шегара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұхтар Қанабеков сауда-экономикалық белсенділігі жағдайында шегара, кеден қызметінің жұмысы,  шегара маңындағы аудандарда қауіпсіздікті күшейту мақсатында шегара, әскери бөлімшелердің инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды. 

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев жергілікті атқарушы органдардың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылының қамтамасыз етілуі туралы баяндап, жер мәселесіндегі сыбайлас жемқорлықты тілге тиек етті. 

Шара соңында Бейбіт Өксікбайұлы орынбасарлары мен құқық қорғау саласының басшыларына нақты міндеттер жүктеп, ашық әрі бірлесе жұмыс істеуді тапсырды.

Айдар ҚАЛИЕВ
Суретті түсірген Жеңіс ЫСҚАБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026
Заң өзгерді, көзқарас ше?

Заң өзгерді, көзқарас ше?

05.07.2026
«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

05.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.