Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДЕҢГЕЙІМІЗ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНЕН АСПАДЫ

01.07.2023
КҮЛТӨБЕ
ДЕҢГЕЙІМІЗ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНЕН АСПАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Кезінде шыққан «Қыз Жібек», «Отырардың күйреуі», «Атаманның ақыры» сияқты классикалық фильмдер түсірілуі керек деп санаймын. Сол кезде шығармашылық еркіндік, мол қаражат және компьютерлік графика да болған жоқ. Дегенмен фильмдер түсірілді, әлі күнге дейін халықтың жүрегінен ойып тұрып орын алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 
Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінен

Өткен ғасырда түсірілген классикалық фильмдерді көрген сайын ұлт қайраткерлерінің терсіңді еңбегі өзінен-өзі айқындалады. Қазақ кино өнерінің қасиетін арттырған сол замандағы кинотуындылардың баршасы үлкен сыннан өткен, дәуір жылжыса да, ғасыр сырғыса да сыры ұшып, сапасы төмендемейтін бірегей еңбек есебінде еді. Бір ғана «Қыз Жібек» көркемфильмін осы уақытқа дейін 100 мәрте көрген болармыз. Қайталай тамашалаған сайын кеудеңде аруға деген құрмет сезімі бас көтеріп, еліңнің асыл құндылығы, салт-дәстүріне, ерлігі мен өрлігіне қайталай сүйсінесің.


Сүйсіне отырып тарихи тұлғалардың әралуан мінезін електен өткеріп, Бекежан сынды тарихтың қара таңбасын маңдайға басқан, қызғаныш отын үрген кейіпкерлерге іштей өштесесің. Яғни, ізгілік пен іңкәрлікті насихаттаған, жамандықтан жирендірген, телегей өнеге шашқан кинотуындылар арқылы сананы сілкінткенбіз. Ал, бүгінгі фильмдер реализмнен тым алшақ кеткен. Өз тарихыңның, танымыңның жарқын сәттерін таспалаған туындылардың өзінде сенім мен сезімге бастар элемент аз болып жатады.

Иә, біздің бұл толғанысқа негізінен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі себеп болғанын жасыра алмаймыз. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Қазіргі заманда ел боламыз десек, экранды да түзеуіміз керек. Себебі, кино қоғамның сана-сезіміне ерекше ықпал етеді. Елімізде кино өндірісі жақсы дамыған деп айту қиын. Жаңа ғана белгілі өнер қайраткері Азамат Сатыбалды кино саласын дамыту туралы тұшымды ой айтты. Мен қолдаймын. Расында, бүгінде кино саласында дау-дамай көбейіп кетті. Бірнеше келеңсіз мысалдар бар. Қазір кинотеатр иелері отандық фильмдерді экраннан көрсету үшін қомақты қаржы талап етеді. Билеттен түскен қаржының едәуір бөлігі тағы да кинотеатрлардың және жеке компаниялардың қалтасына кетеді. Бұған қоса, киногерлер фильмді нақты қанша адам көргенін анықтай алмайды. Қысқасы, киноға бүкіл білімін, күш-қайраты мен уақытын сарп еткен мамандарға табыстың аз ғана бөлігі тиеді», – деп атап өтті. Осынау жайттарды ой таразысына салған белгілі медиаменеджер Құрманбек Жұмағали мемлекет қаржысына түсірілген фильмдердің кинотеатр немесе телеарна арқылы көрсетілудің орнына мұрағаттарда шаң басып жатқанын, қазынадан бөлігнен қаржының зая кетіп жатқанын айтады. Редакциямызға келіп түскен хатта аталған азаматтың, яки «31» медиахолдингінің басшысы Құрманбек Жұмағалидің әлеуметтік желідегі жазбасы айшықталыпты. Онда ол киногерлер мен  кинотеатрлардың арасындағы қарым-қатынаста бірінші тарап ұтылып отырғанын, кинокартиналар сатылымға түскен соң табыстың 55%-ы кинотеатр иелеріне, жеке компанияға кететінін де айтқан. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жалпы, киноиндустрияны экономиканың жеке тармағы ретінде қарастырып, мәселелерді нақты шешкен жөн. Әсіресе, киногерлер мен кинотеатрлардың арасындағы қарым-қатынаста екі жақтың да мүддесін теңдей ескеру қажет. Сонда жаңа кейіпкер, тарихи қаһарман, маңызды оқиғалар жайлы фильмдерді тек «Қазақфильм» емес, жеке компаниялар да түсіреді. Өскелең ұрпақ шетелдің кейіпкеріне емес, өз батырларымызға қарап бой түзейтін болады», – деп айшықты сөз айтты.

Расында біздің ұлттық санаға сырттан келген кинотуындылардың кері әсерін тигізіп жатқаны жасырын емес. Бұғанасы қатып, ақылы толыспаған жеткіншектеріміз «Голливуд» жұлдыздарына еліктеп, олардың қиялдан туған ерлігін қайталағысы келеді. Соның салдарынан қазақтың қаһарман тұлғаларының ел мен жер үшін төккен тері, ұлы жорықтардағы ерліктері көлеңкеде қалып жатқандай әсер қалдырады. Мәселен, әлемге атағы жайылған  спортшы Брюс Лидің ұстазы болған Им Манды сайыс өнерінің теңдессіз тұлғасы ретінде дәріптеп, оған еліктеуші жеткіншектерді көзімізбен көрдік. Ал Қазақияның құтты топырағын аңсап келген, атақты Брюс Лимен бірге жаттыққан өзіміздің Мұстафа Өзтүріктің ерлігі көзі қарақты көрерменнің ғана жадында. Тарихи тұлға туралы біздің телеарналар қорында деректі фильмнен басқа түк те жоқ. 

«Кезінде шыққан «Қыз Жібек», «Отырардың күйреуі», «Атаманның ақыры» сияқты классикалық фильмдер түсірілуі керек деп санаймын. Сол кезде шығармашылық еркіндік, мол қаражат және компьютерлік графика да болған жоқ. Дегенмен фильмдер түсірілді, әлі күнге дейін халықтың жүрегінен ойып тұрып орын алады.

Шынын айтуымыз керек, соңғы кезде түсірілген тарихи фильмдердің олқылықтары көп. Сол үшін мамандармен ақылдасып, жалпы кино саласын реформалау керек», – деп атап өтті ел Президенті Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде. Бұл көптен бері зейіні зеңгір көрерменнің көкейкесті ойы болып келген дүние. Өйткені, соңғы кездерде жарық көрген көптеген фильм заманында туған «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», тіпті қазақтың комедия жанрында түсірілген «Тақиялы періште» киноларымен салыстыруға келмейді. Арасында бірді-екілі көрерменін қанағаттандырған кинотуындылар болғанымен, жалпы бұл бекзат өнерде көп елден қалыс қалдық. Бір ғана түрік елінің өзі сан сериалдан тұратын «Ер Тұғырыл», «Сүлеймен Сұлтан», «Осман» секілді фильмдерін ұлт қаймақтарына, ұлы патшаларына арнады. Ал біздің киноөнеріміз осы уақытқа дейін қай ханымыздың бейнесін сомдаған ұлы туынды тудыра алды? Көбі тарих пәнін оқытқанда LED экранда оқушылар мен студенттерге көрсететін деректі туындылардан аспайтыны да белгілі. 

Рас, кешегі ғасыр мен бүгінгі аралықта адам өміріне кинотуындылардың тигізер әсері мол болып қалыптасты. Тіпті, АҚШ, Ресей секілді мемлекеттер өздерінің ұлттық құндылығын, тарихы мен мәдениетін, тіпті айбынды ұлт екенін кинотуындылар арқылы насихаттап келеді. Олардың әскери фильмдерін көріп отырып қаһармандығына қайран қаласың. Ал жауынгерлік рухы, айбыны атадан дарыған Алаш жұртының ұлттық мінез қалыптастырған, ерлігін насихаттаған қандай ғажайып киносы бар? Осы ретте әдебиетіміздің алыптары, кешегі тар заманда ұлттың асқақ арманын жүк қылып екі иықтарына артқан Ахмет Байтұрсын- ұлы мен Міржақып Дулатұлына арналған көркемфильмдерді санаттан сызып тастай алмаймыз. «Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян қазақ» фильмдері біздің рухымызды қайта түлеткен туындылар. Біз осы бағытта да терсіңді еңбек етуіміз керек.

Президентіміздің классикалық туындыларға көңіл бөліп, тарихи фильмді олқылықсыз түсіру керектігін айтқаны жалпы халық болып қолдайтын дүние деп санаймын. Сонымен қатар, деректі фильм түсіру деңгейінен көтеріліп, еркін шығармашылықпен ұлы мұраларымызды төл туындылар арқылы насихаттауды қолға алатын мезгіл шындап туғаны да анық!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.