Депутат Ринат Зайытов алдағы 3 жылда орыс тілі ресми тіл мәртебесінен айырылатынын айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ulysmedia.kz дерегіне сүйеніп.
«Мен сенемін. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалады жалғыз өзі. Үш-ақ жылда. Заң жұмыс істесе болды. Біз соны қалыптастыруға жұмыс істеудеміз. Оның жарты жолына келіп қалдық, – дейді ол.
«Мен сенемін. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалады жалғыз өзі. Үш-ақ жылда. Заң жұмыс істесе болды. Біз соны қалыптастыруға жұмыс істеудеміз. Оның жарты жолына келіп қалдық, – дейді ол.
Депутат мәжілісмендер бұл іске белсене кіріскенін айтты.
«Қазбек Иса ағамыз бастаған бір топ депутаттар. Бұрын Қазбек ағам жалғыз еді. Қазір парламенттің жартысы. Біз осы сұрақтарды Алтай Көлгіновпен қарастырып талқылағанбыз. Өткенде Тамара Қасымқызы оның орнына тағайындалғанда осы мәселені Қазбек аға айтты. Біз осындай дайындадық, заңнама ережелерін сіз осыны қаперіңізде ұстаңыз деп. Ол кісі міндетті түрде деді демек біз ол жиналысты асықтырамыз. 2-3 жылда орыс тілі ресми статустан түсіп, қаза тілінің мәртебесін көтеріп істеуге болады»,- дейді Ринат Зайытов.





