Талдықорған: +10°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғандағы жағажайда шомылуға болады

20 маусым 2023
КҮНДЕРЕК
Талдықорғандағы жағажайда шомылуға болады
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласы төтенше жағдайлар басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Болат Сүйірбаев пен №17 орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Тимур Бекқабылов тілшілермен кездесіп, балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі тақырыбында сөз қозғады.

Демалыс кезінде балаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Баласын болашағына байлаған елдің алаң қылар мезгілі – жаз. Дегенмен, құзырлы органдар да қарап отырған жоқ. Қазір қауырт тіршілік. Бастысы, түсіндірме жұмыстарын жандандырған. Болат Сүйірбаев ата-аналардың  қырағы болу керегін алға тартады. Өйткені, күн ысыған сәтте балалар суға шомылуды көксейді. Кез келген су арнасына шомылуға қатаң тыйым. Құрылым жетекшісі қаладағы бассейндерге және «Қаратал» ықшамауданындағы белгіленген жағажайда шомылуға болатынын  атады.

– Балаларды мүлдем қараусыз қалдыруға болмайды. Талдықорған қаласында соңғы бірер жылда суға кету жағдайы тіркелген жоқ. Бірақ босаңсуға болмайды. Қауіп – аяқастынан. Үйде балалардың сіріңкемен, ток көздерімен ойнамауын қадағалаған абзал. Көпқабатты тұрғын үйлерде балалардың балконға шығуы назарда болуы керек. Бала – шалт. Кейде қимылына көз ілеспейді. Ересек балалар суға шомылуға құмар. Олардың белгіленбеген жерде шомылмауын жиі ескертіп отыру керек, – деді Болат Сүйірбаев.

Тимур Бекқабылов №17 орта мектепте жаз маусымында атқарылатын жұмыстардың тінін тарқатты. Мектеп оқушыларына демалыс кезіндегі қауіпсіздікті назарда ұстау мақсатында тиісті құрылым өкілдерінің қатысуымен жиындар өткізіліпті. Одан бөлек, сынып жетекшілері мен мектеп оқытушылары оқушылармен жаз бойы тығыз байланыста болады екен.

– Мектеп қабырғасында маусым айында оқушылардың демалыс күнін тиімді ұйымдастыруға ықпал ету мақсатында «Жазғы алаң» ұйымдастырылуда. «Жазғы алаң» мектеп жанындағы лагеріне 1-4-сыныптардан 210 оқушы қамтылды. Лагерь аясында жауапты тұлғалар балаларды қаланың сәулетті орындарын аралатып, баланың рухани, мәдени дамуына ықпал ететін танымдық саяхат-сабақтарын өткізеді, – деді Тимур Бекқабылов.

Балалар қауіпсіздігі басты назарда. Дей тұрғанмен, әр бала үшін ата-ана жауапты. Құрметті оқырман, сіздің балаңыз – еліміздің ертеңі. Сондықтан өзіңіз үшін ғана емес, ел ертеңі үшін балаңыздың алаңсыз ойнауына, қауіпсіз болуына жағдай жасаңыз!

Дастанбек САДЫҚ
Фото: Алия Ахмедиева

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, 17:22
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Бүгін, 16:45
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.