Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Адам ағзасына өте қауіпті»: Қарбызды қазір жеуге болмайды

16 маусым 2023
РУХАНИЯТ
"Адам ағзасына өте қауіпті": Қарбызды қазір жеуге болмайды
WhatsAppTelegramFacebook

Мезгілінен ерте піскен жемісті жеу қашан да қауіпті. Қазір базарлар мен дүкен сөрелерінде қарбыз қаптап кетті.

Massaget.kz тілшісі «Ұлттық сараптама орталығының» Алматыдағы бөлімшесіне барып, қарбызға сараптама жүргізіп көрді. 

Мамандардың сөзінше, қарбыздан тарайтын ауру жылда кездеседі. Әсіресе, наурыз, сәуірде піскен қарбыздар адам ағзасына өте қауіпті.

Жылыжайда өскеннің өзінде түрлі тыңайтқыштарды пайдаланылады. Мәселен, селитра секілді тыңайтқыштардың құрамында адам ағзасына зиян нитраттар бар. 

«Қарбыздың құрамындағы нитрат мөлшерін арнайы «экспресс нитратомер» құрылғысымен өлшейміз. Бұл құрылғы арқылы нәтижені бірден білуге болады. Әдетте бұл жемістің құрамындағы нитрат мөлшері 60 мг/кг аспауы керек», — дейді зертхана меңгерушісі  Гүлнар Сақтапбергенова.

Біз эксперимент жүргізген қарбыздағы нитрат 39мг/кг көрсетті. Демек, мамандардың айтуынша, адам ағзасына қауіпсіз. Десек те шілдеге дейін піскен жемістерді жеуге болмайтынын жеткізді. Себебі қарбыздың қауіпті немесе қауіпсіз болуы өсіру әдісіне де байланысты екен. Әдетте бағбандар тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдаланған кезде азот қышқылы да артып кететін көрінеді.

Өкініштісі, үй жағдайында қарбыздың құрамындағы нитрат мөлшерін анықтау мүмкін емес. Мамандардың сөзінше, кішкентай балаларға қарбызды көп беруге болмайды. Себебі азот қышқылы адам ағзасында көбейер болса, одан туындайтын ауруда артады екен. 

«Егер адам құрамында нитрат мөлшері шамадан тыс асып кеткен жемісті жейтін болса, ағзада нитратпен интоксикация болады. Салдарынан іш ауруы, құсу, диарея секілді аурулар пайда болып, ақыр соңында адам уланып қалуы әбден мүмкін», — дейді маман.

Алайда адам ағзасында туындайтын он аурудың тоғызы гигиеналық тазалықты сақтамаудан екен. Қарбызды жер кезде міндетті түрде сыртын жақсылап жуып, тілетін пышақты да таза ұстау маңызды. Себебі тазалық — саулық кепілі! 

Әр нәрсенің өз уақытында піскені жақсы, әрине. Бірақ мұның арғы жағында үлкен бизнес жатқаны жасырын емес. Нарыққа қарбызды кім бірінші шығарса, сәйкесінше сол адамның қалтасы қалыңдайтыны ақиқат. Алайда көрсеқызарлықты қойып, қарбызды мезгілінде жеген абзал. Сақтансаң сақтаймын деген…  

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.