Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Біріміз бау, біріміз тау

08.06.2023
КҮЛТӨБЕ
Біріміз бау, біріміз тау
WhatsAppTelegramFacebook

Жеріне қарай желегі, ағашына қарай терегі, осы еді жұртыма керегі! Жетісу – Асанқайғы бабамыз «шыбық шаншысаң терек бойлар» деп кеткен жер жаннаты емес пе?

Бұл кешегі ақсұңқар құстай түлеген, аясы тұнған жыр-өлең,  Шыңғыс қаған шыңдалып, сағымға садақ ілдірген, би-абызы сөз ұстап, байлары көпті жебеген, хан киімі ханталапай таралып,  ақыны ауызын айға білеген, байрақты батыр күн күркіреп,  жырауы жырлап жаһанды, балуаны дес бермеген,  белдеуден бәйге ат кетпеген, хас сұлуға ешкім жетпеген,  тоңса да, һәм оңса да өзгеден ешбір көрмеген,  шежіре тұнған Жетісу, мінеки, тыңнан нұрланды, өткенімнен үлгі алды! 

Осы тәуелсіз күйімізге дейін Ұлы даламызда Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Түркі, Ұйғыр, Түркеш, Қарлық, Қимақ, Моғолстан, Қыпшақ, Қарахан, Алтын Орда, Ақ Орда, т.б. айтулы қағанаттар түтінін түзу шығарған десек, көріп отырғанымыздай, осылардың басым бөлігінің астаналары Жетісу жерінде желіс жайған! Бұлар өз кезегінде этносаяси, этноәлеуметтік және этномәдени үдерістердің мыңдаған жылдар қойнауынан бастау алар біртұтас тарихи сабақтастық құрайды. Жұртшылық жадында қалыптасқан «Ұлытау – ұлт ұясы», «Жетісу – ел жүрегі» деген қағидаттардың дәуір лебі дәл қазір де маңдайымыздан мамыражай есіп тұр. Айтары жоқ, аумағына еуропалық әлденеше мемлекет сыйып кетер Жетісу аймағы қасиетті де киелі мекен. Өлкенің тарихи-географиялық  ұғымына ежелден Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы бөлігі де енген екен.

Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өз алдына Жетісу облысы атанған аймағымызға жыл он екі ай толып отыр, ағайын! Еншіміз бөлінгенмен еніміз бір,  қойындасқан кеніміз бір, жыра, қырат, беліміз бір! Біріміз бау, біріміз тау бәз баяғы қалпымызда жарасымды тіршілік күйін шерте береріміз хақ! Республика басшысы Дінмұхамед   Қонаев ағамыз 1967 жылы Талдықорған облысы қайталай шаңырақ көтергенде «Талдықорған  – Жетісудың кіндік қаласы»  деп тебіренген еді. Әулие ғой, айтқаны келді айнымай. Сонау 2001 жылдан бермен ірілендірілген облыстың астанасы атанған бас қаламыз енді Жетісу облысының шырағданын жарқыратып тұр! 

Алғашқы жылымыз қарбалас қимылға толды, бірлігіміз жарасып таба білдік тиімді жолды. Қара емендей қарыса, іштей қоздап, жарыса, ой-қиялымыз қабыса еңбек отын жандырдық, жаңа үрдіспен таныса! Құлдыраң  аққан ақ бұлақ жер құйқасын жібітіп, еселенген күш-қайрат таудың тасын үгітіп, бар салада баптандық, білінбей-ақ жігі түк! Қай беткейге салса да, тартпа тартып, айыл шаптап үлгердік.  Мал сүмесін тартыпты, тал желегін артыпты,  елді  ойлаған ерлерім замана жүгін қарпыпты. Қанаттанған жарқын жұрт  санаттанып та кете берді шаттана! Иә, ай толғанын білмейді, жігіт болғанын білмейді!

Жария шаруамыздың басы-қасында облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың   жүргені көңілге  тоқ. Есімі елге мәшһүр азамат арды ойлады алдымен, тілек қосты заңдымен.  Барды бар деп айта алды, жоқты жоқ деп! Жалындыны қостады, босты бос деп!  Өрелі іске дем берді төрелікпен, мың суарып ақылын көнеліктен! «Ынталы жүрек сезген сөз, бір тамырды қуалар», бұл сөзімді есті жұрт көтермелеп құп алар! Кеңесті жерде кенен іс кең ауқымда түп алар! Құтты болсын мерекең, арта берсін берекең, Жетісуым – Жерұйық, жетелі бір ел екен!

Әміре ӘРІН,
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол» акциясы. 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026
ЖИ: Прокуратура қызметкерлері цифрлық әзірлеме ұсынды

ЖИ: Прокуратура қызметкерлері цифрлық әзірлеме ұсынды

05.08.2026
Энергетика секторында ЖИ қалай қолданылады?

Энергетика секторында ЖИ қалай қолданылады?

05.08.2026
Талдықорған жағажайында тәртіп бұзғандар айыппұл арқалады

Талдықорған жағажайында тәртіп бұзғандар айыппұл арқалады

05.08.2026
Талдықорғанда отшашу атқан тұрғын жауапқа тартылды

Талдықорғанда отшашу атқан тұрғын жауапқа тартылды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.