Талдықорған: +12°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бейбіт Исабаев: «Қанша жердің бос жатқанын елдің бәрі көріп отыруы керек» 

24 мамыр 2023
КҮНДЕРЕК
Бейбіт Исабаев: «Қанша жердің бос жатқанын елдің бәрі көріп отыруы керек» 
WhatsAppTelegramFacebook

Аудандардағы кездесу сайын көтерілетін жер мәселесі Кербұлақ ауданына халықпен жолығуға барған Бейбіт Иасабаевтың алдынан тағы «шықты». Бүгінде аймақта жер мәселесі өзекті болып тұр. 

Мәселен, қазір аталған ауданда халықтың қажеттілігін шешу үшін 35,4 мың гектар жайылым керек. Бірінші кезекте Шұбар  Жайнақ батыр,Көксу, Қаспан, Қоғалы ауылдық округтерінде жер жетіспеушілігі жоғары. 

Соған қарамастан аталған округтерде 2022-2023 жылдары небәрі 1,3 мың гектар  жайылымдық жер учаскелері конкурсқа шығарылып берілген.

– Ауданда өткен жылы 132,8 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. Бүгінгі таңда оның бар болғаны 13,9 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.  80,5 мың гектар жер учаскелері мал шаруашылығы негізінде тіркеліп қайта пайдалануға берілсе, 6,8 мың гектарды қайтару мәселесі соттың қарауында, 31,6 мың гектар жер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ауданның жер қорында 159 мың гектар босалқы жер бар, оның ішінде 52,5 мың гектары жайылымдық жерлер бар. Алайда, өткен жылдың желтоқсанында және осы жылдың сәуір айында ауданда 2 жер беру конкурс нәтижесімен бар-жоғы 2 мың гектар ғана жер берілген, –деді облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы. 

Ол өз сөзінде ауданда ірі 6 шаруа қожалығы 29,9 мың гектар жерді пайдаланбай отырғанын айтты.
Бұл жер иелеріне былтырғы жылы қараша айында бір жылға нұсқамалар, ескерту берілді, осы жылдың аяғында жер заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сөз соңында аудан әкімдігі жерді түгендеуді толық аяқтап, жерді басқару картасын өңірлік геоақпараттық жүйемен байланыстырылуын қамтамасыз етуін тапсырды. 

– Елдің бәрі көріп отыруы керек. Кімнің қанша жер алғанын, қанша жердің игеріліп жатқанын, бос жатқанын, – деді ол.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото: автордан

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Жетісуда соя мен жүгері жинау қарқын алды

Бүгін, 13:30
Балқаш көліне 40 млрд текше метрден астам су келді

Балқаш көліне 40 млрд текше метрден астам су келді

Бүгін, 13:05
Қаратал ауданында мүлік салығын есептеудің жаңа тәртібі бекітілді

Қаратал ауданында мүлік салығын есептеудің жаңа тәртібі бекітілді

Бүгін, 12:30
Ерекше балаларға қамқорлық: Талдықорғанда әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі дәріптелді

Ерекше балаларға қамқорлық: Талдықорғанда әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі дәріптелді

Бүгін, 12:00
Сарыөзектегі апатты үйлер мәселесі жыл соңына дейін толық шешіледі

Сарыөзектегі апатты үйлер мәселесі жыл соңына дейін толық шешіледі

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.