Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Әруақтың алдында аузы-мұрындарың қисайып қалмасын»: Исабаев Шоқан Уәлиханов зиратына көңіл бөлуді тапсырды

24 мамыр 2023
КҮЛТӨБЕ
"Әруақтың алдында аузы-мұрындарың қисайып қалмасын": Исабаев Шоқан Уәлиханов зиратына көңіл бөлуді тапсырды
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімінің өңір халқымен кездесуі Кербұлақ ауданында жалғасын тапты. Бейбіт ИСАБАЕВ Кебұлақ ауданындағы жұмыс сапарын Шоқан Уәлихановтың зиратына құран бағыштаумен бастады.

Онда мазар айналасын абаттандыру мәселесіне мән беріп, көп қаржы шашпай, үлкен жұмыс атқаруға болатынын жеткізді. 

Жаман емес, жасағаннан кейін жақсылап жасау керек. Нағыз туристік орын. Президент тапсырма берді, қаржы бөлінді. Енді бұдан кейін қашан мән беріледі. Әруақтың алдында аузы-мұрындарың қисайып қалмасын, — деді жауаптыларға. 

 

«Көп қаржы шашпай» демекші, туристер көп келетін тарихи орында ұқыптылықпен кәсіби тұрғыда жасайтын дүние де аз емес. Мәселен, бұрын бұнда төселген кафелдер желім арқылы жапсырылған. Ал негізі ол темірге бекітілуі керек. Олай болмаған жағдайда жаңбыр сайын аққан су әдемі демалыс орнынындағы төсеніш тақталардың қопсытып жатқаны көрінеді.

Бәрін жаңалай берудің қажеті жоқ. Мысалы мынау мәрмәр. Қымбат материал. Осыны қайта қалпына келтіріп, бояп, жақсылап жасаңыздар,- деді Исабаев. 

Бұдан бөлек, тарихи орынға тамашалап келетін туристер үшін жол қатынасы да өзекті болып тұр. Қазір Ш. Уәлиханов кесенесіне апаратын 6,5 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Оған 278 млн. 674 мың теңге қаржы    бөлінген. Құрылыстың аяқталу мерзімі    2023 жылдың шілде айы деп белгіленген.

Айта кетейік, Ш. Уәлиханов зираты Шанханай ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан. Сатылы стилобаттың ортасында саяхат символы ретінде жарты шар-глобуспен аяқталатын қызғылт гранитпен жасалған  5 метрлік обелиск көтеріледі. 

Бағана іспетті биік ескекрткіштің орта тұсындағы ойыққа Шоқанның қолдан құйылып, бедерленген бейнесі орнатылған. Сол қола мүсіншенің астынғы жағында «Шоқан Уәлиханов, 1835-1865» деген жазуы бар.

1985 жылы ауылдан зират басына дейін асфальт жолы төселінген. 2019 жылы кесенеге 4,5 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары  жүргізілген.

РЕДАКЦИЯДАН: АҚПАРАТ ТОЛЫҚТЫРЫЛУ ҮСТІНДЕ.

Мәулен ӘНЕРБАЙ,

Фото: автордан

Қатысты жаңалықтар

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

Бүгін, 17:39
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33
Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Бүгін, 15:48

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.