Облыс әкімінің өңір халқымен кездесуі Кербұлақ ауданында жалғасын тапты. Бейбіт ИСАБАЕВ Кебұлақ ауданындағы жұмыс сапарын Шоқан Уәлихановтың зиратына құран бағыштаумен бастады.
Онда мазар айналасын абаттандыру мәселесіне мән беріп, көп қаржы шашпай, үлкен жұмыс атқаруға болатынын жеткізді.
Жаман емес, жасағаннан кейін жақсылап жасау керек. Нағыз туристік орын. Президент тапсырма берді, қаржы бөлінді. Енді бұдан кейін қашан мән беріледі. Әруақтың алдында аузы-мұрындарың қисайып қалмасын, — деді жауаптыларға.
«Көп қаржы шашпай» демекші, туристер көп келетін тарихи орында ұқыптылықпен кәсіби тұрғыда жасайтын дүние де аз емес. Мәселен, бұрын бұнда төселген кафелдер желім арқылы жапсырылған. Ал негізі ол темірге бекітілуі керек. Олай болмаған жағдайда жаңбыр сайын аққан су әдемі демалыс орнынындағы төсеніш тақталардың қопсытып жатқаны көрінеді.
Бәрін жаңалай берудің қажеті жоқ. Мысалы мынау мәрмәр. Қымбат материал. Осыны қайта қалпына келтіріп, бояп, жақсылап жасаңыздар,- деді Исабаев.
Бұдан бөлек, тарихи орынға тамашалап келетін туристер үшін жол қатынасы да өзекті болып тұр. Қазір Ш. Уәлиханов кесенесіне апаратын 6,5 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Оған 278 млн. 674 мың теңге қаржы бөлінген. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың шілде айы деп белгіленген.
Айта кетейік, Ш. Уәлиханов зираты Шанханай ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан. Сатылы стилобаттың ортасында саяхат символы ретінде жарты шар-глобуспен аяқталатын қызғылт гранитпен жасалған 5 метрлік обелиск көтеріледі.
Бағана іспетті биік ескекрткіштің орта тұсындағы ойыққа Шоқанның қолдан құйылып, бедерленген бейнесі орнатылған. Сол қола мүсіншенің астынғы жағында «Шоқан Уәлиханов, 1835-1865» деген жазуы бар.
1985 жылы ауылдан зират басына дейін асфальт жолы төселінген. 2019 жылы кесенеге 4,5 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
РЕДАКЦИЯДАН: АҚПАРАТ ТОЛЫҚТЫРЫЛУ ҮСТІНДЕ.
Мәулен ӘНЕРБАЙ,
Фото: автордан