Талдықорған: +14°C
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Су арналары қайта жаңғыртылуда

18.05.2023
КҮНДЕРЕК
Су арналары қайта жаңғыртылуда
WhatsAppTelegramFacebook

Суару желілері мен гидротехникалық құрылыстардың физикалық тозуына байланысты арналардағы судың жоғалуы артуда. Бұл мәселені шешу үшін облыста айналымнан шыққан 52,8 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіруге 8 ауданда суару желілері қайта жаңғыртылуда. 

Осы мақсатта аталған өңірлердегі суару желілерін қайта жаңғырту үшін ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен барлығы 1,7 млрд. теңге бөлінді (ҚМЖ құны 62,9 млрд.теңгеден асады). Қазіргі уақытта Ақсу ауданы мен Талдықорған қаласында 7,8 млрд. теңгеге құрылыс-монтаждау жұмысы жүруде, оның ішінде Ақсу ауданында Ислам даму банк қаражаты есебінен жасалып жатқан жұмыс 6,3 млрд. теңгені құрайды. Ескелді ауданының суару желілерін қайта жаңғырту аяқталды, нысан пайдалануға беруге дайын. 

Ал Көксу ауданындағы суару желілерін қайта жаңғырту жобасы Ислам даму банк қаражаты есебінен жүзеге аспақ. Алакөл ауданының суару желілерін қайта жаңғырту үшін 1-2 кезеңінің ЖСҚ-на түзету жүруде, (1 кезең 90% аяқталып, гидравликалық есептеу бекітіледі. 2 кезең 50% бітіп, су шығындарының кестесі жасалуда). 

Талдықорған қаласындағы су арналары 2020 жылдан бері күрделі жөндеуден өтуде. Тапсырыс беруші Жетісу облысының құрылыс басқармасы, мердігер компания «Монолит» ЖШС. Құрылыс-монтаждауды 2021 жылы аяқтау жоспарланған. Бірақ, қазір сот үдерісіне байланысты құрылысы тоқтап тұр.
Жалпы ұзындығы 113,2 шақырымды құрайтын Талдықорған өндірістік учаскесінің19 арнасынжөндеу көзделген. Жобаға сәйкес 45 шақырым арна темір-бетонды науалардан құралуы қажет. Талдықорған өндірістік учаскесінің ақпаратына сәйкес жөндеуге жататын 19 арнаның ешқайсысы толық аяқталмаған. Барлық жасалған жұмыстың жалпы көлемі 30-35%-ды ғана құрайды.

Панфилов ауданының суару желілерін қайта жаңғырту жөніндегі жоба мерзімінің аяқталуына байланысты ЖСҚ түзету қажет. Сарқан ауданының суару желілерін қайта жаңғырту жобасы бойынша мемлекеттік сараптама күні 07.02.2020 ж. Екі жоба бойынша қаржыландыру көзі анықталмаған.

2022 жылы Қаратал ауданының суару желілерін қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмысының басталуына республикалық бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлінді, жобаның жалпы құны 4,7 млрд. теңге. Қаратал ауданының суару желілерін қайта жаңғырту – 2 кезең (мемлекеттік сараптаманың қорытындысы 2023 жылдың қараша айында аяқталады).

2022 жылдан бастап Кербұлақ ауданы Шанханай, Талдыбұлақ ауылдық округтеріндегі тасқын және еріген суларды жинауға арналған тоғандарды қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаждау жүруде. Құны 308,0 млн. теңге, қалпына келтіру алаңы 500 гектарды құрайды. Аймақта сондай-ақ, жаңа ирригациялық желілер мен 3 жаңа су қоймасын, сорғы стансыларын салу, ұңғымалар орнату есебінен қосымша 32,7 мың гектар жерді айналымға енгізу көзделіп отыр.

Перспективалы жаңа суармалы жерлердің ауданын іске қосу үшін  аудандар бөлінісінде:Ақсу 10,6 мың гектар, Алакөл 5,7 мың гектар, Кербұлақ 7,0 мың гектар, Сарқан 9,3 мың гектар анықталды. Ол үшін облыста қосымша жерүсті су ресурстарын жинақтау мақсатында 3 жаңа су қоймасы салынбақ. Олар Сарқан ауданындағы Басқан өзеніндегі Покатилов су қоймасы көлемі 80,0 млн. м3, Ақсу ауданындағы Бүйен өзенінде Бүйен су қоймасы көлемі 22,0 млн.м3, Ескелді ауданында Балықты өзенінде Балықты су қоймасы көлемі 5,0 млн. м3.

2022 жылы Ақсу ауданы Бүйен өзенінде Бүйен су қоймасы құрылысының ТЭН әзірлеуге облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге бөлінді. Келісімшарт 21,048 млн. теңгеге жасалды. Мердігер «Корпорация Асыл строй» ЖШС. Покатилов су қоймасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы инвестор дербес әзірлейді.2020 жылы облыстық бюджеттен 1359,4 млн. теңгеге Кербұлақ ауданы Еңкөл және Арал-төбе су қоймаларын күрделі жөндеу басталды.Сондай-ақ, «Ақтөбе, Түлкілі, Шымылдық, Қарлығаш, Қызылмектеп, Қоғалы-1, Қоғалы-2, Бастау, Аралтөбе, Онжас, Көктал, Көксай Кербұлақ ауданының 135 шақырым суару арналарын реконструкциялау» ЖСҚ әзірленуде. Жалпы құны 148,9 млн. теңге, биыл 50,0 млн. теңге бөлінді. 

2021 жылдан бастап Сарқан ауданындағы «Тәуке», «Ащылы өзек» магистральді арналары  күрделі жөндеуден өтуде. Нәтижесінде 1300 гектардан аса суармалы алқап қалпына келтірілмек. Сондай-ақ, биыл Ескелді ауданындағы «Бәйбіше» тарату, Сарқан ауданы Көктерек ауылдық округі «Тлеулі» су жинау, Ескелді ауданындағы «Алмалы» тарату арналарын күрделі жөндеуге ЖСҚ,«Сарқан ауданында магистральді арналары бар Лепсы өзенінде бөгет салу», Көксу ауданының Быжы өзенінде су қоймасы құрылысына ТЭН әзірленуде. 

Биыл облыстық бюджеттен Сарқан ауданының 111 шақырымына 10 магистральді арнасына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуге 176,0 млн. теңге, Қаратал ауданының 178,1 шақырым ішкі шаруашылық арналарын механикалық тазалауға 100,0 млн. теңге қаражат қарастырылды. Су шаруашылығын ретке келтіру жұмыстары одан әрі ретімен жалғасатын болады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев талдықорғандық 51 отбасына жаңа баспана кілттерін тапсырды

Бейбіт Исабаев талдықорғандық 51 отбасына жаңа баспана кілттерін тапсырды

21.08.2026
Ұлттық құрылтай: ұсыныстан нақты шешімге дейін

Ұлттық құрылтай: ұсыныстан нақты шешімге дейін

21.08.2026
Сайлау күні бір күндік тіркеуден өтуге болады

Сайлау күні бір күндік тіркеуден өтуге болады

21.08.2026
Тарихи жадтың жаңғыруы

Құрылтай – ел болашағы талқыланатын маңызды алаң

21.08.2026
Қоңыр ауылындағы өзекті мәселелер талқыланды

Қоңыр ауылындағы өзекті мәселелер талқыланды

21.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.