Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

САЛЫНЫП БІТПЕГЕН ЖОЛ БҮЛІНЕ БАСТАДЫ (ВИДЕО)

12 сәуір 2023
КҮЛТӨБЕ
САЛЫНЫП БІТПЕГЕН ЖОЛ БҮЛІНЕ БАСТАДЫ (ВИДЕО)
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысындағы Арасан ауылынан Талдықорған-Өскемен автомагистраліне дейінгі жол салынып бітпей жатып, бүліне бастаған.

22 шақырымды жөндеуге қазынадан 800 млн теңгеден аса қаражат бөлінген, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Арасан ауылынан «Талдықорған-Өскемен» тас жолына дейінгі 48 шақырымдыижүргізушілер өгіз аяңмен бір сағатта жүріп өтеді. Тұрғындарды жолдың ойылып кетуінің  себебі алаңдатады, сондай-ақ,  аталған бағыттың қалған 26 шақырымы қашан жөнделеді, оның сапасы қалай болады деген сауалдар мазалайды.

— Жолда сапа жоқ. Шұрық-тесік. Күнде бір барасың, 2 күн жасайсың. Бүгін бір дөңгелегім жарылып қалды, — дейді Дәурен Ордабаев есімді жүргізуші. Ал, Расул Кузубаев болса: «Жолдың жағдайы нашарлау жылдан жылға. Бұрын жылда бітейтін, қазір бітемейді», — деп мұң шақты.

2020 жылы аталған бағыттың 22 шақырымына асфальт салына бастаған. Орташа жөндеу жұмыстары содан бері әлі жалғасып жатыр. Құрылысы аяқталмаған жолдың қайтадан ойылып кетуін сала жауаптылары былай деп түсіндірді.

— Қапал жақтағы гранитті карьердің болуына байланысты ауыр жүк көліктері аталған жолға зақым келтірді. Бірақ мердігер мекеме жолдың конструкциясын нығайту мақсатында қосымша жобалау жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарда тұр. Күн жылынған соң, осы жолдың қалған 26 шақырымына асфальт салынбақ. Ол үшін конкурс өткізіліп, құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме де анықталған. Жобаның құны – 1,4 млрд теңге. Биылға 485 млн теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары осы сәуір айының аяғынан бастап жүргізілетін болады. Ең бастапқы жұмыстары су өткізу құбырларын ауыстырады, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Айдос Досжанов.

Биыл алғаш рет Ақсу ауданындағы Суықсай ауылы мен Жансүгір кентіне дейінгі аралыққа асфальт төселеді. Қара күзге дейін облыс бойынша 200 шақырым жол жөнделіп, көлік қатынасы жақсара түспек.

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.