Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАЗАРДАҒЫ АВТОТҰРАҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТҰРАЛАТЫП БІТТІ

10.04.2023
КҮЛТӨБЕ
БАЗАРДАҒЫ АВТОТҰРАҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТҰРАЛАТЫП БІТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы орталық базардың маңындағы автотұрақтарда қашан барсаң да ине шаншар орын болмайды. Қара базарға көлік былай тұрсын, жаяу кірудің өзі қиямет-қайым. Заңды, заңсыз қойылған көліктер базарға кіретін жолға дейін бітеп тастайды. Ондағы автотұрақта тұрған көліктің барлығы базарда жұмыс істейтін саудагерлер мен таксистердікі. Сонда азық-түлік алуға келген қарапайым халық қайтпек? Бұл жергілікті тұрғындардың жылда көтеретін өзекті мәселесі. 

Бұл жергілікті тұрғындардың жылда көтеретін өзекті мәселесі. Дауласа-дауласа шаршаған, айта-айта әбден діңкелеген жұртшылық тым болмаса ақылы автотұрақ қойып, көлік кептелісін азайтсақ екен дейді. Расымен, азық-түлік алуға келген адамдардың көбі амалдың жоғынан «темір тұлпарын» базардың сыртына қойып, сатып алған тауарларын көлігіне тасуға мәжбүр.  

Себебі, таңмен таласып келген саудагерлер мен таксистердің көлігі автотұрақты лық толтырады. Жаяу жүргіншілер  кептелістің кесірінен аяқ алып жүре алмайды. Ығы-жығы көліктің ортасынан бос жүрген адамның өзі әзер өткенде ала дорбасын арқалаған үлкен кісілер қайтіп жол табады? Мереке күндері, қыстың көзі қырауда тіпті қиын. Бұл кезде жергілікті жұртшылық   4 дөңгелекті тұлпарын базарға 2-3 көше жетпей қалдырып кетеді.

Тұрғындардың қайсысын тоқтатып сұрасаң да базар маңындағы аулаларда көліктердің жиі жиналып қалатынын, сол себепті көлік қоятын жер тұрмақ, жаяу жүруге де орын жетпей жатқанын айтып шағымданады. 

– Қара базардан азық-түлік алып қайту мұң болып тұр. Тар жолды тамаша қылып, көше бойын автотұрақ етіп алғандар жетіп артылады. Өкініштісі, базар жағалай тұрған көліктің біреуі тауар алуға келген қарапайым халықтікі емес. Сенбі-жексенбі базар қыз-қыз қайнап тұрған кезде тіпті, Абай, Қабанбай, Шевченко, Гауһар Ана көшесінің бойы бос болмайды. Бүгін демалыс күні болмаса да көлігімді базардың сыртына қойып, әйелім екеуміз дорба-дорба зат арқалап келдік. Базарға кірейін десең орын жоқ, – дейді қала тұрғыны Нұрахмет Сыбанбаев.

– Базардағы автотұрақ қашан барсаң да бос болмайды. Сондықтан саудагерлерге көлік қоятын басқа автотұрақ салынса дұрыс болар еді. Әйтпесе, қарапайым халықтың жүріп-тұруына үлкен кедергі келтіреді. Қазір екінің бірінде көлік бар. Базарға қала тұрғындары ғана емес, ауылдардан да адамдар келеді. Әсіресе, демалыс күндері әр ауылдан тауар алуға келушілер көп, – дейді қала тұрғыны Жарбол Ертайұлы. 

Сонда автотұрақ жұмысын бақылап, көңіл бөліп отырған ешкім болмағаны ма? Әрине, «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа болмаса» қай тірліктің болсын қиюы  қашатыны белгілі. 

Халықты әбігерге салған автотұрақ мәселесі қалай шешіледі? Жергілікті тұрғындардың сұрауы бойынша автотұраққа базардағы сатушылар мен такси қызметкерлерінің  көлік қоюына шектеу бола ма, әлде ақылы автотұрақ жасай ма? Қалай болғанда да қала тұрғындарының жүріп-тұруына айтарлықтай кедергі келтіріп тұрған автотұрақ шаруасы кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз. Бұл шаруа жуыр арада шешіліп, шаһар атқамінерлерінің назарынан бір сәт те тыс қалмайды деген сенімдеміз.

Айдар ҚАЛИЕВ
 

 

Қатысты жаңалықтар

Көкжиектен көз тастап…

Көкжиектен көз тастап…

03.08.2026
Достықта Теміржолшылар күні аталып өтті

Достықта Теміржолшылар күні аталып өтті

03.08.2026
Мектепте бағалау жүйесі өзгереді

Мектепте бағалау жүйесі өзгереді

03.08.2026
Алакөлде демалушылар суға кете жаздады

Алакөлде демалушылар суға кете жаздады

03.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.