Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Талдықорғанда 60 отбасыға баспана кілті табысталды

08.04.2023
КҮЛТӨБЕ
Талдықорғанда 60 отбасыға баспана кілті табысталды
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында риясыз қуанышты жай орын алды. 60 отбасыға баспана кілті табысталды. Тұрғын үйлі болғандардың бәрі әлеуметтік осал топтағы өңір тұрғындары. Олардың қатарында 10 баланың анасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші, жарымжан жандар бар. Баспана тегін.

Қуаныш иелері ешкімге, ештеңеге шығындалмайды. Тек шырайлы шаһардың орталығындағы су жаңа баспанаға қоныс аударады. Мемлекет басшысы еліміздегі бизнес өкілдерін жиып, елдікті, егемендікті бірге асқақтатуға бірлесе жұмыс істеуге, қайырымдылық жасауға, туған жерді түлетуге, ел экономикасын өркендетуге бірлесе атсалысуды ұсынған еді. Міне, соның жемісі Талдықорғанда жалғасын тапқандай.

Жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйдің жалпы аумағы 4702 шаршы метр. Өз иелерін тапқан баспананы белгілі атымтай жомарт Данияр Абулғазин салдырған. Мұндай жаңалықты баспана кілтін табыстау рәсімінде Алматы облысының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев баян етті.

 – Қасиетті Рамазан айында қуанышты сәттің куәсі болып тұрмыз. Баспаналы болу қандай бақыт?! Талдықорған қаласында 15 мыңнан аса тұрғынның баспанаға мұқтаждығы барын облыс әкімі болып тұрғанда білетінмін. Баспана тапшылығын азайту үшін түрлі жоба, бастамалар жасақталды. Соның бірі де бірегейі – елдегі кәсіпкерлердің, мықты меценаттардың көмегімен баспана салып, әлеуметтік осал топтарды үймен қамту. Данияр Рүстемұлына телефонмен хабарласып, баспанаға мұқтаж жандардың көптігін айтқанмын. Содан қайырымды азамат қамсыз қалмай, осы баспананың іргетасын қалап, бүгінде сіздерге сыйға тартуда. Осы көпқабатты тұрғын үйден пәтер алғандардың шаңырағы шаттыққа, қуанышқа, бақытқа толсын, – деді Қ. Бозымбаев.

Артынша сөз алған Данияр Абулғазин жергілікті әкімдікке, «Харекет» қайырымдылық қорына, оның ішінде құрылтайшысы Мадияр Серіковке алғысын білдіріп, қайырлы іске Мемлекет басшысының сөзі себепкер болғанын да жасырмады. Қайырымдылық қорына ерекше тоқталуының да жөні бар. Себебі «харекеттіктер» үй иелерін анықтапты. 

Мұнан соң ұйымдастырушылар пәтер кілттерін салтанатты түрде иелеріне табыстады. Олардың қатарында Ерлан Серікбаев та бар. Су жаңа пәтердің иесі ІІ топ мүгедегі екен. Қанша жылдан бері үй кезегінде тұрған. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрып келген Е. Серікбаев көз жасына да ерік берді. 

– Қасиетті айда тілегім де, арманым да орындалды. Қайырлы жандарға алғаусыз алғыс білдіремін. Шыны керек, көкірегім сайрап тұрғанмен толқыныстан сөйлей де алмай тұрмын. Бастысы, осындай риясыз қуаныш әрбір шаңырақта орын алсын, – деді жаңа қоныс иесі. 

Қайырлы істің иелері мұнымен тоқтап қалмапты. Баспанаға қол жеткізгендерге басқа да тарту жасапты. Әрбір пәтерге ас үйлік жиһаз бен ыдыс-аяқ, бір-бір мұздатқышты сый етіпті. 

Шара барысында ел ағаларының мұндай жомарттығына разы болған Ақмарал Донбаева ыстық ілтипатын білдірді. 10 баланың анасы қайырымды жандардың мұндай қамқорлығы бүгін үшін емес, болашақ үшін жасалған өрісті тірлік екенін сөз етті.

– Бүгін өзім үшін емес, балаларым үшін қуанып отырмын. Әрбір бала оңтайлы ортада, жайлы жерде өмір сүруі керек. Осы уақытқа дейін пәтер алу арман болды. Қазір сол тілеуіміз орындалып отыр. Балаларымның атынан, өзімнің атымнан ел ағаларына ризалығымды білдіремін. Сол кісілердің арқасында 10 болашақтың тұлғасы алаңсыз білім алып, жайлы жерде тұратын болды, – деді А. Донбаева.

Шара соңында пәтер иелері естелік суретке түсіп, Рамазан айында риясыз ризашылықпен тарқасты.

Дастанбек  САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

02.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ел болашағын айқындайтын маңызды науқан

02.08.2026
«Балаусаға» шыққан балдырғандар

«Балаусаға» шыққан балдырғандар

02.08.2026
Орманды өрттен сақтайық!

Орманды өрттен сақтайық!

02.08.2026
Алғашқы алтын

Алғашқы алтын

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.