Алакөлге баратын пойыздардағы жолаушы орындарының саны өткен жылмен салыстырғанда 6% -ке өсіп, жолаушыларға 276 мыңнан астам орын ұсынылады.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Қазақстан теміржолы дерегіне сүйеніп хабарлайды.
«Жолаушыларға 276 мыңнан астам орын ұсынылады. Алакөл бағытында жолаушылар пойыздары Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт бойынша жүруді жалғастырады», — делінген ақпаратта.
Осыған дейін БАҚ-та жарияланғандай, «Астана – Достық» бағыты бойынша алғаш рет «Тальго» пойызы іске қосылады.
Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» әкімдіктермен, авиатасымалдаушылармен және туроператорлармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөлге дейін интермодальдық тасымалдарды қалыптастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Фото: ашық дереккөзден
«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ





