Энергетика министрлігінің хабарлауыша, фермерлер үшін дизелді жанармай бағасы бұрынғысынша қалады.
Нақтырақ айтқанда, тоннасы 222 мың теңге немесе мұнай өңдеу зауытынан шыққандағы бастапқы бағасы литріне 184 теңге не ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінң шығынын қоса есептегенде орташа есеппен литріне 204 теңге болады.
Көктемгі дала жұмыстарына бекітілген көлем – 413 мың тонна бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жөнелтіледі.
Ақпан айында белгіленген 82,1 мың тоннаның 77,4 мың тоннасы немесе 95,4 %,, наурызда 102,2 мың тоннаның 78,4 мың тоннасы немесе 77 % жөнелтілді.
Ең бастысы, өтінімдер дер кезінде тапсырылып, вагон-цистерналар мен төлемнің кешіктірілмеуі керек.
Фото: ашық дереккөзден
«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ





