Мемлекет басшысының жарлығымен Антикордың бұрынғы төрағасы Олжас Бектенов Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорда ресми сайты дерегіне сүйеніп хабарлайды.
«Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын», — делінген хабарламада.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
2001 жылы – Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша үздік тәмәмдаған.
2002-2005 жылдары – Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.
2005-2006 жылдары – Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болған.
2006-2009 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінде жұмыс істеген.
2009-2012 жылдары – Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары – Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары –Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2019-2022 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болған.
2022 жылғы ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарып келді.
«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ




