Велоспорттан КСРО спорт шебері Николай Андреев бастаған велошабандоздар бүгін азаматтық таңдауларын жасап, дауыс берді.
Күнделікті жаттығуға шығып бара жатқан спортшылар сайлау ел үшін маңызды екенін айтады.
«Бұлар менің шәкірттерім. Әркез спортқа ғана емес еліміздегі саяси оқиғалардан хабардар етіп отырамын. Бүгін арнайы тобымызбен келіп дауыс бердік. Ары қарай жаттығуларымызды жалғастырамыз», — дейді аға жаттықтырушы.
Николай Андреев шәкірттері бүгінде еліміздің және әлемдік аренада велоспорттан үздіктер қатарында көрінуде. Ақпейіл Өсім есімді шәкірті Азия чемпионы атанса, қазір Дубайда жеке велоклубта өнер көрсетуде.
Мырзағали Нұрсейіт,
Панфилов ауданы





