Жетісу облысының орталығы Талдықорғандағы 1300 адамды жұмыспен қамтып отырған ірі кәсіпорын төңірегінде дау шықты.
Әзірге мәлім болғаны, елдегі бірден бір аккумулятор өндіруші табысты зауыт «Қайнар — АКБ» жұмысы үлкен кедергілерге тап болғанға ұқсайды. Соның салдарынан соңғы уақытта өндіріс ошағы өз мүмкіндігін толық пайдалана алмапты.
Аталған ұйым осыған байланысты ақпанның 23 жұлдызы сағат 11:00-де зауытта ресми брифинг өткізбек. Аталған жайтқа қатысты толық мән-жайды алдағы уақытта «JETISỲ» газеті сайтынан оқи аласыздар.
Фото: ашық дереккөзден алынды





