Талдықорған: +7°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ШЕТ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ НЕДЕ? ҮШТІЛДІЛІКТІҢ ПАЙДАСЫ БАР МА?

16 қаңтар 2023
РУХАНИЯТ
ШЕТ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ НЕДЕ? ҮШТІЛДІЛІКТІҢ ПАЙДАСЫ БАР МА?
WhatsAppTelegramFacebook

«Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп үлкендеріміз текке айтпаған. Қай заманда, қай жаста болсын тіл үйрену ешқашан артық етпейді. Сондықтан да тіл меңгеріп, өзге жұрттың мәдениетін, тарихын білу әр адамның көкжиегін кеңейтуге, қалаған арман-мақсатының орындалуына септігін тигізеді. Мәселен, әлем тілдері арасындағы көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жағынан ағылшын тілін ерекше атап өтуге болады. Ал осынау тілді оқушылардың емін-еркін меңгеріп, еркін сөйлеуі үшін біршама жүйелі жұмыс атқару – әрбір ұстаздың міндеті.

Жалпы, мектепте білім алып жатқан оқушылар шет тілді еркін меңгеруі тиіс. Шет тілі оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, тіл арқылы халықтың рухани байлығын, тарихын танытуды көздейді. Оқушылар сабақта әңгімелесу, бір-біріне сұрақ қою, берілген заттарды сипаттау бойынша анықтау, аударма жасау, сахналық қойылымдарға қатысу арқылы ағылшын тілін үйренеді, меңгереді. Ал осыны көкейіне тоқыған, санасына сақтаған баланың болашағы жарқын, келешегі кемел болады десек қателеспейтініміз анық. Себебі, қазір шет тілін меңгеру – заман талабы. Ал жас ұрпақ ешқашан да уақыт көшінен, заман талабынан шетте қалмауы тиіс.

Әлемдік деңгейдегі игіліктерді жақындататын мақсатқа жету үшін бізге бірінші кезекте халықаралық қатынас тілі болған ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Себебі, болашақ жастардың қолында. Олардың білімді, көкірек көзі ояу, білікті маман болуы үшін біз бүгіннен тынбай еңбек етуге міндеттіміз. Осы тұста ұстазға артылатын жауапкершілік жүгі ауырлайтынын айта кеткеніміз жөн.

Қай заманда, қай кезде болсын, бірнеше тілді меңгерген халық өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейте отырып, ел іргесінің тыныштығы мен бейбітшілігін басты назарда ұстаған. Осы қағидаға сүйене отырып біз мектеп қабырғасында білім алып жатқан әр оқушыға ана тілімізден кейін шет тілін жетік меңгертіп, оның маңызын терең түсіндіруіміз қажет. Болашағымыз деп сенген жастарымыз шет тілін меңгере отырып, ел ертеңінің жарқын болуы жолында аянбай тер төгуі керек.

Үштұғырлы тіл еліміздің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші қадамы десе де болады. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Үш тілді қатар меңгеру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды жеделдете түсетіні сөзсіз. Сондықтан да шет тілін меңгерудің маңызы зор. Олай болса, ел болашағы жолында қызмет ететін әр адам шет тілін меңгеріп, оқыған, көңілге тоқыған дүниесін ел болашағы жолына арнаса біз алмайтын асу, бағындырмайтын белес болмасы анық.

Алима ЖЕКСЕМБЕКОВА,

Талдықорған қаласының тұрғыны

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.