Талдықорған: +20°C
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ ҚАПШАҒАЙДЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН — ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР

26.11.2022
РУХАНИЯТ
ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ ҚАПШАҒАЙДЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН - ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі кезде Қонаев аталып, Алматы облысының орталығы мәртебесін иеленген Қапшағай осы кезге дейін халқымызға жасанды су қоймасы мен соның  жағасындағы жас қала ретінде ғана белгілі еді. Негізі су қоймасы пайда болғанға дейін бұл аймақта әскерилер тұратын шағын ғана Николаевка елді мекені болған деген деректер бар. Ал су қоймасының арғы бетінде Алматыға тіке барар теміржол стансысы орналасқан делінеді.

Елімізді басқарған кезінде Д.Қонаев геодезия, геология саласының білікті маманы ретінде сол аумақтың бедерін (рельефін) зерттеп, болашақ су қоймасы орналасатын аумақты бірнеше мәрте аралап, зерделеп барып тәуекелге бел буған. Сөйтіп, Іле өзенін бөгеу арқылы қазіргі Қапшағай теңізі аумағына су толтыру туралы шешім қабылдайды. Ол үшін жоғарыда аталған стансыны жауып, Алматыға кіретін пойыздарды айналма тармақпен жүргізе бастайды. Кезінде бұған қарсы шыққандар да болған.

Осылайша, Қапшағай суға толып, жасанды теңіз атанды. Димекең өз қолымен аймақтың табиғи құрылымына өзгеріс енгізді, құмды өңірде жарқыраған айдын көл пайда болды. Бүгінде Қапшағай Алматы облысының ғана емес, халықаралық маңызы бар туристік орталыққа айналды. Алматылықтар мен қала қонақтарының жиі баратын демалыс орындары да осында.

Алматы Жоғары партия мектебінде оқып жүргенде біздің топ сол жерге арнайы барды. Болашақ теңіз түбін көзімізбен көрдік. Түскен фотосуреттеріміз де бар. Сол кездің өзінде сапарымыздың тарихи танымдық жайт ретінде бағаланатындығын байыптағандаймыз.

Студенттік жылдарымда Қапшағайдағы әскери бөлімде інім Жолдасқали келісімшартпен майор шенінде клуб бастығы болып еңбек етті, отбасымен сонда тұрды. Кейін елге оралғасын бар өмірін әскери салаға арнады. Олар Алматыға маған келетін, демалыс күндері мен Қапшағайға баратынмын.

Димаш Ахметұлы 1994 жылы шығарған «От Сталина до Горбачева» дейтін кітабында (254 бет): «Балқашқа қатысты қолданылған шаралардың дұрыстығына күмән келтіруге болмайды. Қапшағай су қоймасы 13-13,5 миллиард текшеметр көлемінде сақталуға тиісті. Балқашқа жоғалып кету қаупі төнбейді. Тек кейінгі бір жарым жылда су деңгейі бір метрден астамға көтерілді», — деп көрсетіп, су қоймасының салынуы Балқаш көлінің болашағына ешқандай кері әсер етпегенін жазады.

Ал оралдық әріптесіміз Н.Ізтелеуов: «Дінмұхамед Қонаев ел есінде» деген кітабында (2012 ж): «Бұл істе бір жерден қате кетсе, кейін бір қауіптің болатынын әулие Димекең білді. Сондықтан Іленің Балқаш ауданы өңіріндегі Тасмұрын жаққа су келтіруге қарсы болды. Себебі теңіз Тасмұрынға тірелсе, Бақанас өңірі су астында қалатындығын болжады. Сөйтіп Қонаев ақыл-оймен, ерен еңбек, ерлік, тәуекелдің арқасында сайын далада тасқынды теңіз, айдынды көл жасап, онда аққу мен ақ шағала қондырды. Димекеңнің көрегендік, кемеңгерлік және таңғажайып ісі мен қасиеті қашанда қайран қалдыра береді», — деген пікірді келтіреді.

Осы автордың «Көкте аспан, төменде қара жер тұрғанда, Қапшағай мәңгі жасайды. Ол қазір 18 мың ғаламның көзге көрінбейтін бір бөлшегіне айналып кетті. Теңізде су иесі Сүлейменнің рухы лаулайды. Қалада аспан шырақтарындай жұлдыз жанып, сәуле шашады. Теңіз жағалауы мен жартастар қысы-жазы көз арбап, өзіне баурап ынтықтырады» деген Қапшағайдың болашағын пайымдаған пікірін оқып, Нұрлан ініміздің де әулиелігі бар ма деп қаласың!

Әлем картасында Дінмұхамед Қонаев ағамыздың жеке бастамашылығымен, басшылығымен жасалған шалқар теңізді көріп ақын, қайраткер Жұбан Молдағалиев:

«Көкорай боп көде жатыр,
Теңіз төсін кере жатыр.
Кешегі біз мал баққан жерде,
Кеме жүзіп келе жатыр»,
– деп жырлаған екен.

Сонымен, Қапшағай теңізінің дүниеге келуінің, соған орай қаланың пайда болуының, оның бүгін Алматы облысының орталығы атануының түпкі негізінде қадірлі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың көрегендігі жатқанын ешкім жоққа шығара алмас! Президенттің халыққа «Қапшағайға Д.Қонаевтың атын берсек қалай болады?» деген ұсынысы да жүзеге асты. Болашақта бүгінгі Қонаев қаласының мәртебесі асып, мерейі үстем бола берері анық.

Қатимолла РИЗУАНОВ,

Атырау облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

17.06.2026
Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

17.06.2026
«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

17.06.2026
Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

17.06.2026
«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

17.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.