Талдықорған: +21°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА 150-ГЕ ЖУЫҚ ЗИЯНКЕС ЖӘНДІК БАР — ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ

19.11.2022
КҮНДЕРЕК
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА 150-ГЕ ЖУЫҚ ЗИЯНКЕС ЖӘНДІК БАР - ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылына зиянын тигізетін 144 түрлі зиянкес, 85 түрлі өсімдік ауруы мен 46 түрлі арамшөп анықталған. Олар алажаздай егіс басынан кетпейтін еңбеккерлердің жұмысына, өнім көлемін арттыруға кедергі келтіреді. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де тікелей әсер етеді. Осындай зиянкестерді жою бағытында қандай жұмыс атқарылып жатқанын Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Саят САҚМОЛДИННЕН сұрап едік.

– Саят Сарқытбайұлы, зиянкестермен күрес қандай деңгейде жүргізілуде?

– Зиянкестермен күрес жыл сайын тиісті деңгейде жүргізіледі. Өйткені, облыста аса қауіпті зиянкестер қатарына жататын үйірлі шегіртке тектестерден қауіп басым. Олар азиялық шегіртке және итальяндық прус болып екі түрге бөлінеді. Биылғы ауа райына байланысты шегірткенің жаппай таралуы байқалды. Қазір соның алдын алудамыз. Осы мақсатта республикалық бюджет есебінен барлық ауданды қамти отырып 92,8 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы 44,0 мың гектар жерге химиялық өңдеу аяқталды.

– Зиянкестермен күресудің қалыптасқан әдіс-тәсілі бар ма?

– Әрине, бірді-екілі зиянкесті көре салып препараттарды қалай болса солай шаша беруге болмайды. Бұл жерде ғылыми негізделген зиян тигізудің экономикалық шегі (ЭЗТШ), яғни зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараны жүргiзудi қажет ететiн санын, шегін дұрыс анықтау өте маңызды. Сондықтан, филиал мамандары зиянкестер кездескен жағдайда өз тарапынан зерттеу, зертханалық талдау жұмысы арқылы химиялық өңдеудің қажеттілігін анықтайды. Айта кетерлігі, әр химиялық препараттың қолдану ережелері, әсер ету уақыты және көрсететін биологиялық тиімділігі әртүрлі болып келеді.

– Біздің білуімізше, өңделетін жердің басым бөлігіне пиретроидтарға жататын препараттар қолданылады. Оның айналадағы ортаға қатері  де бар шығар? Одан қалай сақтану керек?

– Қазіргі қолданыстағы препараттар басқа ортаға улылық қатерлігі жөнінен орташа деңгейдегі құрамалар тобына жатады. Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясы өсімдіктерді зиянкестерден қорғаумен қатар, фитосанитариялық іс-шараны да  атқарады. Сондықтан, тұрғындар шегіртке тектес зиянкестердің таралуын байқап қалған жағдайда аудандарда құрылған жұмыс тобына немесе ауылдық әкімдікке дер кезінде хабарлағаны жөн. Сондай-ақ, пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданып жатқан жерлерге бармау, өңделген жерлерге 21 күнге дейін мал жаймау және бал арасының омартасын өңдеу алаңынан 3-4 шақырым алыс ұстау керек. Өңдеу жұмысы тәуліктің салқын, яғни таңертең ерте және кешкі уақытта жүргізілетінін, техникалық сақтану ережесін білген дұрыс.

– Ережеге қайшы келген әрекеттер қандай заңдық тәртіп бойынша айқындалады?

– ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңына сәйкес, Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының аудандардағы инспекторлары  барлық шаруа қожалық етуші субъектілердің заң талаптарын қалтқысыз сақтауын қадағалайды. Осы Заңның 5-бабына сәйкес өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Өсімдік карантині саласындағы реттеудің барлық мақсаты мен талабы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңның 10-бабында толық көрсетілген. Осы Заңның 9 және 18-2-баптарында жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі мен міндеттері анық жазылған. Сол жерден толық танысуға болады.

– Шекаралас көршіміз Қытай Халық Республикасында 120-дан астам карантиндік объекті тіркелген. Біздің облыстағы жағдай қалай?

– Жетісу облысы аумағында ресми 6 карантиндік объекті, яғни, 2 карантиндік зиянкес (шығыс жеміс жемірі, калифорниялық қалқаншалы сымыры), 3 карантиндік арамшөп (жусан жапырақты ойран шөп, жатаған у кекіре, сары шырмауық) және 1 карантиндік ауру (жеміс ағаштарының бактериалды күйігі) тіркелген. Қазіргі уақытта облыстағы барлық аудан мен қалада карантиндік объектілердің таралған ошағын анықтау және химиялық өңдеу жұмысы жүргізілуде.

– Биыл да заңбұзушылықтар анықталды ма?

– Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық актілерді бұзған үшін нұсқамалар беріліп, 6162 630 теңге көлемінде 57 айыппұл салынды.

– Заңбұзушылықтардың орын алуының нақты себептері неде?

– Өкінішке қарай, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жоғарыда аталған Заңды орындауға көңіл бөлмейді. Бұл карантиндік объектілердің таралған аймағының көбеюіне мүмкіндік береді. Республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражатпен тек мемлекеттік қор жерлеріңдегі карантиндік объектілер таралған аймақтарға карантиндік шаралары жүргізіледі.

Тағы бір жағынан, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган және аудандық аумақтық инспекциялар мен шекаралық өсімдіктер карантині жөніндегі бекеттері өз қызметін шекаралық, кедендік, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен қоян-қолтық  атқаруы керек. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары уәкілетті органның өзіне жүктелген міндетін орындауға жәрдемдесуі қажет. Осы бағыттағы жұмыстарды тыңғылықты атқарудың тетіктерін де күшейткен жөн.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен — Қажет АНДАС

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.