Талдықорған: +6°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер өрге жүзген кеш

Бүгін, 17:35
ЖАҢАЛЫҚТАР
Өнер өрге жүзген кеш
WhatsAppTelegramFacebook

Бикен Римова атындағы академиялық драма театр-ында «Жетісу – жер жаннаты» облыстық телевизиялық фестивалінің үшінші маусымына арналған қорытынды гала-концерт өтті. Өнер мерекесіне айналған кеште айтыс ақындары мен әншілер, бишілер мен жыршылар, жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған фестивальдің басты мақсаты – өңірдің әр түкпіріндегі таланттарды анықтап, олардың өнерін көпшілікке танытуға мүмкіндік беру болды. Дәстүрлі өнер мен заманауи шығармашылықты тоғыстырған байқауға Жетісудың сегіз ауданы мен Талдықорған және Текелі қалаларынан өнерпаздар қатысты.

Театрдың сахна сыртындағы қарбалас та кештің әсерін аңғартқандай. Фестивальге қатысқан жас өнерпаздар үшін бұл сәттің орны бөлек еді. Қаратал ауданынан және кеншілер қаласы Текеліден келген жасөспірімдер сахнаға шығар алдындағы толқынысын жасыра алмады. Бірнеше күнге созылған байқау қатысушылардан сахна мәдениеті мен шығармашылық ізденісті де талап етті.

Байқау хореография, дәстүрлі ән, эстрадалық вокал, айтыс өнері, жыр орындау және басқа да бағыттар бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылардың өнерін әр сала өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов төрағалық етті. Ол облыс әкімдігі атынан құттықтау сөз сөйлеп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Кеш барысында Кербұлақ, Ақсу, Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласының өнерпаздары Алғыс хаттармен марапатталды. Арнайы жүлде мен 350 мың теңгенің ақшалай сертификаты Текелі қаласының өнерпаздарына табысталды. III орын мен 500 мың теңгенің жүлдесін Ескелді ауданының өнерпаздары иеленсе, II орын Қаратал ауданының еншісіне бұйырды. Ал І орын мен 1 миллион теңгенің сертификаты Көксу ауданының шығармашылық ұжымына табысталды. Фестивальдің ең жоғары марапаты саналатын бас жүлде мен 5 миллион теңгенің сертификаты Алакөл ауданының өнерпаздарына берілді.

Әр жеңімпаздың жетістігі көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, залды шаттыққа бөледі. Бұл марапаттар өнерпаздардың еңбегіне берілген баға ғана емес, өңірдегі мәдени өмірдің дамуына қосқан үлесін мойындаудың белгісіндей болды.

Марапаттау рәсімінен кейін кештің шырайын кіргізген гала-концерт басталды. Сахнада дәстүрлі ән мен терме шырқалып, эстрадалық шығармалар орындалды. Қазақтың ұлттық биі мен жыр өнері көрерменді рухани әлемге жетелесе, жас айтыскерлер сөз сайысында суырыпсалмалық қабілеті мен тапқыр әзілін танытты.

«Туған тіл» ансамблінің бишілері «Гүлдер биін» нақышына келтіре орындап, сахна сәнін арттырды. Ал өңір аудандарынан келген аға буын өкілдерінің хоры көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Әр нөмірде өнерпаздардың ізденісі мен дайындығы, ұлттық өнерге деген құрметі сезіліп тұрды.

Кештің мәнін арттырған тағы бір жайт – сахнада өнердің сан алуан буыны тоғысты. Жас таланттар мен тәжірибелі орындаушылардың бір сахнада өнер көрсетуі ұрпақтар сабақтастығын айқындап, мәдени мұраның үзілмес арнасын көрсетті.

Фестивальдің қазылар алқасы құрамында танымал әнші, «Melomen» тобының солисі, Алакөл ауданының Қабанбай ауылында дүниеге келген Роллан Казретов те болды. Ол «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша қатысушылардың өнерін бағалады.

Әншінің айтуынша, фестивальдің жылдан жылға қалыптасып, қатысушылар шеберлігінің артуы өңір өнерінің дамуына серпін береді.

– Ең алдымен, осындай өнер мерекесін ұйымдастырған азаматтарға, облыс әкімдігіне және салалық басқармаға алғысымды білдіремін. Биыл қатысушылардың өнеріне қарап, барлық номинация бойынша шеберлік деңгейінің едәуір өскенін байқадым. Бұл, әрине, қуантады. Фестивальдің алдағы уақытта да дамып, өркендей беруіне тілектеспін. Бүгінгі және келешектегі қатысушыларға айтарым, туған өлкеміз Жетісудың өнерін көпшілікке танытып, оның мәртебесін асқақтата беріңіздер. Ең асыл армандарыңыз бен ізгі тілектеріңіз орындалсын, – дейді Роллан Казретов.

Үшінші мәрте ұйымдастырылған «Жетісу – жер жаннаты» фестивалі өңір өнерпаздарының басын қосып қана қоймай, олардың шығармашылық мүмкіндігін танытуға жол ашты. Бірі әнімен, бірі биімен, енді бірі жырымен көрермен жүрегіне жол тапқан өнер иелері Жетісудың рухани байлығы мен мәдени әралуандығын айшықтады.
Өнердің шынайы құдіреті де осында. Ол адамды ортақ сезімге ұйыстырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті күшейтеді. Ал сахнада тұтанған таланттың шырағы қолдаусыз қалмаса, оның жарығы алысқа жетері анық.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Өнер өрге жүзген кеш

Өнер өрге жүзген кеш

Бүгін, 17:35
Жалғызағаштың жаңа тынысы

Жалғызағаштың жаңа тынысы

Бүгін, 16:30
Журналистер де баспаналы болады

Баспана бақыты

Бүгін, 15:30
Тамыры терең Тәуелсіздік

Ел егемендігінің бастауы

Бүгін, 14:26
Емхана – ел игілігіне

Емхана – ел игілігіне

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.