Талдықорған: -3°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БИКЕН РИМОВА МЕН ШОЛПАН ЖАНДАРБЕКОВАҒА — 100 ЖЫЛ! ҚОС АЛЫПТЫҢ ТОЙЫ

05.11.2022
ЖАНСАРАЙ
БИКЕН РИМОВА МЕН ШОЛПАН ЖАНДАРБЕКОВАҒА - 100 ЖЫЛ! ҚОС АЛЫПТЫҢ ТОЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ театр және кино өнерінің алғашқы қарлығаштары, заманның заңғар тұлғалары Бикен Римова мен Шолпан Жандарбекованың туғанына биыл 100 жыл. Ел руханиятына қомақты олжа салып, сахна мен өмірде бірге жасасып, телқоңыр тағдыр кешкен қос абыз ананың мерейтойын жетісулық жұртшылық ерекше күймен, сән-салтанатпен атап өтті.

Салтанатты шараның әлқиссасы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры ғимаратының алдында бастау алды. Күре жолға дейін төселген қызыл кілем үстімен қазақ кино және театр өнерінің абызы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын, драматург Иран-Ғайып, белгілі драматург Сұлтанәлі Балғабаев бастаған ел азаматтары жүріп өтті. Сонымен қатар, шараға келген халық Бикен, Шолпан апаларымыздың ұрпақтары мен туыстарын, Б.Римова атындағы Талдықорған театрының алғашқы қарлығаштары мен аға, орта, жас буын өкілдерін ерекше ықыласпен қарсы алды.

Қазақ театр және кион өнерінде терсіңді еңбек еткен, тұғырын биіктен сайлаған қос тұлғаның мерейтойына арналған салтанатты шара барысында белгілі ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі Жұматай Оспанұлы жырдан шашу шашты. Қос алып ананың асқақ абыройын жырмен толғаған ақынның отты одасынан кейін көпшілік өнер ошағына енді.

Өнердің қара шаңырағындағы музейді көпшілік тамашаласа, ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Мемлекет сыйлығының лауреаты Иран-Ғайып, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін, театр сыншысы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театр бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Амангелді Мұқан, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, кино және театр актері Сағындық Жұмаділ бастаған зиялы қауым өкілдері баспасөз мәслихатына қатысып, қос тұлғаның өмірінен сырлы естеліктер айтты. Сахана саңлақтарының ғасырға жеткен даңқ-дақпырты, таланты мен асқан дарыны туралы ойларын ортаға салды.

Өз кезегінде театр және кино өнерінің алыбы саналған Тұңғышбай Жаманқұлов пен көрнекті ақын Иран-Ғайып 100 жылдық мерейтойға орай басылып шыққан «Бикен Ромова» альбомы мен «Шолпан-жұлдыз» кітабының лентасын қиып, оқырманға ақжолтайлады.

Журналистер қауымына телқоңыр тағдыр иелері туралы тебірене термелеген зиялы қауым өкілдерінен кейін Қазақ КСР Халық әртесі Бикен Римованың қызы Меруерт Құсайынова сөз алып, ғазиз жүректі анасы жайлы жылы естелігін жеткізді. Сонымен қатар, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы, Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы, қос жұлдыздың сахнадағы әріптесі Рахилям Машурова Бикен апаның «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қойылымында Баян сұлу образын сомдағанда таққан белбеуін бүгінге дейін сақтап келгенін, өзі де сан қойылымда көзіндей көріп тағынғанын айтып, аталмыш жәдігерді өнер ошағының музейіне табыс етті.

Дүбірлі салтанат барысында сахнаға көтерілген облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли сөз алып, Бикен Римованың қазақтың біртуар перзенті екенін жеткізді. Ғұмырында 200-ден астам әйел образын сомдаған сахна саңлағының сырлы өмірін, шежірелі ғұмыр-белсін айшықтай келе:

— Сіздерге облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлының ыстық сәлемін жеткізгелі арнайы келдім. Бұл той бүкіл елдің дүбірлі думаны. Сондықтан алдағы жылы Бикен апамыздың тойын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар, абзал ана, алып жүректі театр майталманы Бикен Римованың ескерткішін еңселі қаламызда тұғырына қондырамыз, — деп өнерсүйер елге ерекше қуанышты хабарды жеткізді.

Облыс басшысының орынбасары айтқан қуанышты лепестен кейін «Абай» телеарнасы дайындаған Б.Римова туралы «Бірегей» деректі фильмі мен Ш.Жандарбекованың өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнефильм жұртшылық назарына ұсынылды.

Ғасырлық ғұмыр ғибратына шомған көрермен өз кезегінде ҚР еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахмановтың режессерлігімен жаңа бағытта сахналанған Бикен апамыздың «Қос мұңлық» драмасын тамашалады.

Қасиетті өнердің отын маздатқан Бикен Римованың замана толғатқан күрделі мәселені толғаған драмасынан кейін Алматы және Жетісу облысының ардақты азаматтары Наурыз Қылышбаев, Жомартқали Жексембінов, Сайлау Бәзілұлы сахнаға көтеріліп, абыз ана туралы жүрекжарды лебіздерін білдірді. Сөз аяғында Наурыз Қылышбаев Бикен апамыздың қызы Меруерт Құсайынова мен «Қос мұңлық» драмасында басты рөлді (Күнзипа) сомдаған ҚР Халық әртісі Алмахан Кенжебекованың иығына зерлі камзол жапты. Өз кезегінде талантты ақын Иран-Ғайып «Бикен Рмова» атты жырын тебірені оқыды.

Айта кетерлігі, ұлы актриса Бикен апамыздың туғанына алдағы жылы 100 жыл толады. Дүбірлі тойды күнібұрын бастаған абыз ана атындағы театрдың бұлай жасауында да бір сыр бар. Ол сыр – сонау 1975 жылдың 4 қарашасында театрдың бүгінгі ақсақалы мен ақжаулық аналары атанған аға буын Талдықорған төрінен өнер ошағының шымылдығын түрген болатын. Содан бері театр маусымашары дәстүрлі түрде әр жыл сайын 4 қарашада аталып келеді.

Бұйырса алдағы жылы Би апамыздың туғанына 100 толуына орай дәстүрлі театрлар фестивальі Талдықорған төрінде өтпек. Олай болса Қаратал ауданынан қанаттанған қазақ театр өнері қарлығашының мерейтойы туған топырағын тағы бір дүбірге бөлемек!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.