Талдықорған: +23°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨЗІҢЕ СЕН! КӨРКЕМ МІНЕЗДІ БОЛ! ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ ҚОНАЕВ ЖАСТАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

03.11.2022
РУХАНИЯТ
ӨЗІҢЕ СЕН! КӨРКЕМ МІНЕЗДІ БОЛ! ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ ҚОНАЕВ ЖАСТАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Президент кеңесшісі Мәлік ОТАРБАЕВ Қонаев қаласына келіп, облыс жастарымен жүздесті.

Іс-шараны Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жақыпов жүргізіп отырды.

Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанып отырған көпвекторлы саясаты, «Әділдік. Сабақтастық. Өрлеу» тұжырымдамасы, Жаңа Қазақстанды құру идеялары, қазақстандық жастардың бүгінгі бет-бейнесі туралы кеңінен әңгіме қозғады. Тәуелсіз елдің жастарына жаңа бағыт-бағдар қажеттігін алға тартқан астаналық қонақ заман талабына сай технологияны меңгеріп қана қоймай, рухани байлыққа да баса мән беру керектігін атап өтті.

Оның айтуынша, жастардың білім жинауы, қоғамдық өмірге араласуы, саясат, мәдениет, экономика, әлеумет сияқты сан салада көш бастап, жаңа техниканы меңгеруі — кезек күттірмейтін маңызды міндеттің бірі. Бүгінгі заман талабы сол, жастар бір мамандықпен шектеліп қалмауы тиіс. Адам бір ғана кәсіппен, бір ғана мамандықпен биік белестерді бағындыруы екіталай. Бірнеше мамандықты меңгерген және заман ағымына сай жаңа талап, жаңа міндеттемелерді тез игеретін адам ғана қоғамда сұранысқа ие әрі мемлекетті алға сүйрейтін негізгі күш болып саналады. Бірақ бұл да адам өміріндегі басты көрсеткіш емес. Шара қонағы мамандықтан бұрын адами қасиеттің маңызды рөл атқаратынын алға тартты.

— Біз қанша жерден технологияны терең меңгерсек те, қанша жерден роботтарға жұмыс істетіп қойсақ та, адам адам болып қалады. Біз адам және маман деген ұғымның аражігін ажыратып алғанымыз жөн. Адамдық пен мамандық бұл бір-бірін толықтырып тұратын дүние. Мәселен, сізді мықты маман дейікші. Алайда адамгершілігіңіз төмен болса, сіз ұзаққа бара алмайсыз, — деген Президент кеңесшісі қазіргі таңда әлемде эгоизм мәселесі ушығып тұрғанын айтты.

Эгоизм бұл — адамның менмендігі, өзімшілдігі. Эгоизмнің кесірінен әлемде бітіспес қақтығыстар, күрмеуі қиын шиеленістер көбеюде. Сондықтан, адам өзін тәрбиелеуі үшін рухани құндылықтарды басшылыққа алуы керек. Оның ішінде, кітап оқудың, халықтың салт-дәстүрін дәріптеп, классиктердің даналықтарын санаға сіңірген жөн.

— Кітап оқитын адам жүрекке үңіледі. Адамның жанын түсінеді. Біздің Президент өте көп кітап оқиды. Кітаптан қол үзгенін көрген емеспін. Шынын айту керек, әлемде кітап оқитын Президенттер некен-саяқ. Сондықтан, біз Президентімізбен мақтануымыз керек, — деді Мәлік Отарбаев.

Президент кеңесшісі «шетелде бәрі керемет» деген біржақты ұғымнан арылуды, кез келген мемлекетте шешімін таппаған мәселе кездесетінін әңгімеледі. «Егер біз әлемге танылғымыз келсе, ең алдымен, өзіміздің ұлттық бейнемізді жаңғыртуымыз керек. Димаш бүкіл әлемге таңғажайып дауысымен ғана емес, қазақтың домбырасын алып шығуымен де кеңінен танылды. Шетелдіктерге сенің ұлттық бет-бейнең, қазақи болмысың қызық«, — деді шара қонағы.

Мәлік Нұржанұлы өз сөзінде қазақ әдебиетінің танымал қаламгерлерін, оның ішінде, Бердібек Соқпақбаевтың, Сайын Мұратбековтің, Мұхтар Әуезов пен Шерхан Мұртазаның шығармаларын әрдайым қайталап оқып отыратынын жеткізді. Ал шетел классиктерінен Лев Толстой мен Константин Паустовскийдің қаламгерлік қуатына тәнті екенін айтты. Сонымен бірге, Президенттің әдеби шығармаларды көп оқитынын және кітаптағы оқиғаларды есте сақтауы өте жақсы екенін сөз етті.

— Мен Қасым-Жомарт Кемелұлымен үнемі байланыстамын. Телефон арқылы да, жазбаша да сөйлесіп отырамын. Мемлекет басшысы әлеуметтік желіні өте белсенді қолданады. Содан кейін аңғарғаным — Президент мерзімді басылымдарды, газеттерді өте көп оқиды, — деді Президент кеңесшісі. Сөзінің соңында ол жастарға қарата:

— Өздеріңе сеніңдер. Биік мәртебе деген министр болу немесе Ақордада отыру емес. Халыққа шынайы қызмет етсең, соның жемісін жесең, міне, сол мәртебе! «Қызмет — құз, дүние — мұз», — деген тәмсіл текке айтылмаған. Ең бастысы, адами қасиетімізді жоғалтып алмайық. Көркем мінезді болайық! — деді.

Кездесу соңында жастар тарапынан мамандық таңдау, балалық шақтың қызықтары, арман-мақсаты, Президенттің жұмыс кестесі туралы жан-жақты сұрақтар қойылып, тың ой-пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынды.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Қонаев қаласы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

22.06.2026
Нобель иегерімен жүздесу

Нобель иегерімен жүздесу

22.06.2026
Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

22.06.2026
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

22.06.2026
Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

22.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.