Талдықорған: +18°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ЖЕТІСУДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БЕЙІМ САЛАЛАРДЫҢ КАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

31.10.2022
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ЖЕТІСУДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БЕЙІМ САЛАЛАРДЫҢ КАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов қатысты.

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев жүргізіп отырды. Басқосуда сөз алған Саян Қылышұлы жемқорлыққа қарсы істелген жұмыстарды баяндап, Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын таныстырды.

– Агенттік тарапынан әр аймақтың ерекшелігі ескеріліп, өңірлер үшін жемқорлық тәуекелдер картасы әзірленді. Мұнда әкімшілік  кедергілердің болуына, қызметшілердің озбырлығына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппай жүрген мәселелер тізбесі айқындалған, – дей келе облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жетісу облысы бойынша тәуекелдер картасына құрылыс және тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, медицина, жол және инфрақұрылым, фискальдық сала енгізілген. Бүгінде аталмыш карта аясында аумақтық департамент бірқатар шаралар атқарыпты.

Атап айтсақ, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді заңсыз бөлу дерегі анықталып, 47 пәтер мемлекеттік қорға қайтарылған. Жол саласы бойынша автожолдарды орташа жөндеудің сметалық есептерін жасау барысында жұмыс құнын негізсіз ұлғайту жағдайлары анықталыпты. Медицина саласында қабілетсіз кәсіпкерлердің сенімгерлік басқаруында болған медициналық мекемелер мемлекет меншігіне қайтарылыпты.

Соңғы 2 жылда сыбайлас жемқорлыққа қызмет тарапынан енгізілген ұсыныстар негізінде өңірдегі мемлекеттік сатып алу жоспарлары қайта қаралып, 12 млрд.теңгеден астам қаражат үнемделген. Әкімдік пен оған бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты 116 қылмыстық іс тіркелсе, соның ішінде 40-ы бірінші басшылар мен орынбасарларының үстінен қозғалған.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары аймақта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген сұрақтар бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілетінін айтты. Сонымен қатар, ведомствоаралық комиссияның мүшелеріне ұсыныстарды 3 жұмыс күні ішінде облыс әкімі аппаратының мемлкеттік-құқықтық бөліміне енгізуді сұрады.

Бұдан соң Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Жетісу жеріндегі шағын және орта кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін және өзара іс-қимылдың жаңа форматын талқылау мақсатында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесуді жүргізіп отырған облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов алдымен сөзді агенттіктің кәсіпкерлікті қолдау бойынша қабылдап жатқан шараларын таныстыру үшін Саян Ахметжановқа берді.

– Алға қойған міндеттерге сәйкес біздің қызметкерлеріміз тарапынан заңсыз араласудан қорғау тетіктері енгізілуде. Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттерінің орталық аппаратымен келісу алгоритмі әзірленді. Тергеу әрекеттерін келісуден басқа, кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратына кез келген негізсіз шақырулар қашықтан онлайн қадағаланатын болады, – деген агенттіктің превенция қызметінің басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстарды таныстырып өтті.

Жиынға қатысқан кәсіпкерлер, тұрғындар өздерін толғандырған сауалын қойып, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, нормативтік-құқықтық актілер сынды салалардағы атқарылған жұмыстар мен кемшіліктерді талқылады.

Айдар ҚАЛИЕВ,
Жетісу  облысы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

03.07.2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

03.07.2026
Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Құқықтық мемлекет жолындағы соны үдеріс

03.07.2026
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.