Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Демегенов Ануар Қалибекұлы

Бүгін, 14:43
Мәслихаттар сайлауы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Демегенов Ануар Қалибекұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына № 4 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Демегенов Ануар Қалибекұлы.

 

Құрметті сайлаушылар!

 

Мен, Демегенов Ануар Қалибекұлы 1995 жылы 19 ақпанда Жетісу облысы, Көксу ауданының Мәулімбай ауылында дүниеге келдім. 2012 жылы Талдықорған қаласындағы №25 орта мектепті тәмамдап, 2013–2017 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Туризм» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.

Еңбек жолымды 2017 жылы мемлекеттік қызметте бастап, 2019-2022 жылдары «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесін басқардым. 2018-2024 жылдары «Жетісу географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болдым. 2022 жылдан бері «7su forel» балық шаруашылығын жүргізіп келемін.

Жинақтаған тәжірибемді тұрғындардың мүддесін қорғауға, кәсіпкерлікті дамытуға және Көксу ауданының әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне жұмсап, өзекті мәселелердің шешілуіне үлес қосуды басты мақсатым деп санаймын.                                                           

 

                                                                             Құрметпен, Ануар Демегенов

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

 2027-2029 жылы Балпық би ауылдық округінің ішкі жолдарын орташа жөндеу жұмыстарының уақтылы әрі сапалы орындалуына ықпал ету.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

2027-2030 жылдары Балпық би ауылындағы 2 қазандықты қайта жаңарту және 600 орындық орта мектеп салу мәселелерін басты назарда ұстап, жобалардың жүзеге асырылуына ықпал етемін.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары мен «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кооперативтерге жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, кәсіпкерлердің сауда, қызмет көрсету және өндіріс бағытындағы жобаларын 3-тен 7-ге дейін арттыруға ықпал етемін.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Соя және жүгері дақылдарын өсіру мен өндіруді дамытуға, егістік жерлерді тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 2 есеге арттыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын.

 

Әр шешім – ауылдың игілігі үшін!

 

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Балпық ауылдық округінде 2026-2029 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалардың және 2028 жылы агроөнеркәсіптік кешен саласында көзделген жобаның уақтылы іске асуына ықпал етемін. Сонымен қатар, жаңа өндіріс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысамын.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

2030 жылы Көксу аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізу, заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету және тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелерін көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етемін.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

 2027 жылы Н. Алдабергенов атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген талаптарға сай жүргізілуін бақылауға басымдық беремін.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

 Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ «Үміт» күндізгі болу орталығындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға жылына кемінде 1 рет әлеуметтік қолдау көрсетілуіне, олардың құқықтарын қорғауға және қажетті көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Балпық би және Измайлова көшелеріндегі білім беру ұйымдарын жоғары жылдамдықты интернетпен және цифрлық ресурстармен қамтамасыз етуге, білім сапасы мен оқушылардың қауіпсіздігін арттыру мәселелерін басты назарда ұстаймын.

10. АЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

 Балпық би ауылындағы Мырзабекова, Новая және №4 сайлау учаскесіне қарасты көшелерде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге, қоғамдық орындардың көркін жақсартуға ықпал етемін.

 

                                                                                                                                                                            

                                                                            Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – ауылдың игілігі үшін! 

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 

Балпық ауылдық округінің болашағы – оның тұрғындарының бірлігіне, адал еңбегіне және туған жерінің дамуына деген жанашырлығына байланысты. Ауылдың өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы және әрбір отбасының жарқын болашағы – басты назарда болуы тиіс маңызды міндеттер.

Біздің мақсатымыз – ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және елді мекендердің инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту. Ауыл жолдарының жағдайын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының қолжетімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау – алдағы жұмыстың негізгі бағыттары.

Алдымызда атқарылатын жұмыстар аз емес. Дегенмен бірлік пен өзара түсіністік, жүйелі жұмыс пен ортақ жауапкершілік арқылы көптеген мәселелерді шешуге болатынына сенімдімін.

Туған жеріміздің гүлденуі, ауылымыздың көркеюі және келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін бірлесе еңбек етейік!

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

 

Халық мүддесі – басты назарымда. Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын ескеруді, қоғам алдындағы жауапкершілік пен ашықтықты маңызды міндетім деп білемін.

Әрбір азаматтың мәселесіне бейжай қарамай, оны шешу    жолдарын қарастыруға және нақты нәтижеге қол жеткізуге күш саламын.

                                       

  Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер! 

 

Тапсырыс беруші: Демегенов Ануар Қалибекұлы
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Бүгін, 15:59
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

Бүгін, 15:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.