Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына бойынша кандидат Бузыкин Николай Александрович

Бүгін, 14:51
Мәслихаттар сайлауы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына бойынша кандидат Бузыкин Николай Александрович
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына № 5 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Бузыкин Николай Александрович.

 

Құрметті сайлаушылар!

 

Менің еңбек жолым құрылыс, өндіріс және кәсіпкерлік салаларымен байланысты. Жинақтаған тәжірибемді өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және туған өлкемнің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосуға арнап келемін.

Мен, Бузыкин Николай Александрович 1975 жылғы 9 қыркүйекте Талдықорған облысы, Киров ауданының Кировский кентінде дүниеге келдім. 1991 жылы №4 орта мектепті тәмамдадым. 1993 жылы Талдықорған құрылыс техникумын «Ғимараттар мен құрылыстар салу», 2009 жылы І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-ды «Экономика» мамандықтары бойынша бітірдім. Еңбек жолымды 1995 жылы «Строитель» ЖШС-да бастап, өндіріс саласында түрлі қызметтер атқардым. 2007 жылдан бастап зауыттың атқарушы директоры, 2015 жылдан бері бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

Өндіріс саласындағы көпжылдық тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуды басты мақсатым деп санаймын.

                                                                           Құрметпен, Николай Бузыкин

 

  2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

2027-2030 жылдары Балпық би ауылдық округінің Амангелді, Т.Исабаев көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеу жұмыстарының уақтылы әрі сапалы орындалуына атсалысамын. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол белгілерін орнатуға және жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасауға ықпал етемін.

2. СУ, ЖЫЛУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Балпық би ауылындағы екі қазандықты 2030 жылы қайта жаңғыртуға, ауылдық округ тұрғындарын үздіксіз жылу және сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігі мен қызмет сапасын арттыруға ықпал етемін.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

Сүт пен күнбағысты өңдеу көлемін арттыруды, өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуды және кәсіпкерлердің жеңілдетілген несие мен жабдықтарды лизингке алу мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдаймын. Бұл жергілікті өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

 

Келісім мен ашықтық – ауыл тірегі!

 

 4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Мал және өсімдік шаруашылығын дамытуға, шаруа қожалықтарын қолдауға, жер ресурстарын тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қол жеткізуіне ықпал етемін.

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Жастарды субсидияланатын жұмыс орындары мен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту арқылы 2 есе жұмыспен қамтуға, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және тәлімгерлік жүйесін дамытуға ықпал етемін.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Балпық би ауылы Измайлова көшесіндегіаудандық ауруханасының медициналық қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, тұрғындарға медициналық көмектің уақтылы көрсетілуін және профилактикалық тексерулердің қолжетімді болуын қолдаймын.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

Балпық би ауылындағы, оның ішінде Исабаев атындағы мектептегі оқу жағдайларын жақсартуға, білім сапасын арттыруға, оқу жабдықтарын жаңартуға және заманауи білім беру технологияларын енгізуге ықпал етемін. Оқушылардың қауіпсіздігіне, қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға және балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлемін.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға атаулы әлеуметтік көмектің уақтылы көрсетілуіне ықпал етемін. Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыруға, қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдауға және әлеуметтік осал топтардың мүдделерін қорғауға атсалысамын.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауылдарды сапалы интернетпен 100% қамту деңгейін сақтауға, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және байланыс сапасын жақсартуға ықпал етемін. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, жасанды интеллект пен электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануды үйренуіне қолдау көрсетемін.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында тірек ауыл мен оған іргелес елді мекендерді өңірлік стандарттарға сәйкес жыл сайын абаттандыруға ықпал етемін. Көшелерді көгалдандыру, тазалықты сақтау, қоғамдық орындарды ретке келтіру және тұрғындарға таза, жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстаймын.

 

 

 

                                                                 Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – ауылдың игілігі үшін! 

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 

Балпық ауылдық округінің болашағы – оның тұрғындарының бірлігіне, адал еңбегіне және туған жерінің дамуына деген жанашырлығына байланысты. Ауылдың өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы және әрбір отбасының жарқын болашағы – басты назарда болуы тиіс маңызды міндеттер.

Біздің мақсатымыз – ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және елді мекендердің инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту. Жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, білім беру мен денсаулық сақтаудың қолжетімділігі, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау – алдағы жұмыстың негізгі бағыттары.

Мен үшін ең маңыздысы – халықтың сенімін ақтау, тұрғындардың ұсыныстарына құлақ асу және көтерілген мәселелердің шешілуіне жәрдемдесу. Әрбір бастама ортақ игілікке қызмет етіп, әрбір іс ауыл тұрғындарының күнделікті өмірінен көрініс табуы тиіс.

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Халықпен бірлесе жұмыс істеу – басты қағидам. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныстары мен бастамаларына қолдау көрсету, елді мекеннің дамуына қатысты мәселелерді бірлесе шешу маңызды деп білемін.

Әрбір азаматтың өтінішіне жауапкершілікпен қарап, көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмауына және нақты шешімін табуына күш саламын.

 

                                          Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер! 

 

Тапсырыс беруші: Бузыкин Николай Александрович
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

 

Қатысты жаңалықтар

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Бүгін, 15:59
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

Бүгін, 15:49
Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Шұлғаубаев Алтай Қамиұлы

Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Шұлғаубаев Алтай Қамиұлы

Бүгін, 15:43
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Гаджиев Курбан Гадживалиевич

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Гаджиев Курбан Гадживалиевич

Бүгін, 15:41
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Болатбек Найманбеков Жанәділұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Болатбек Найманбеков Жанәділұлы

Бүгін, 15:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.