Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Гаджиев Курбан Гадживалиевич

23 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Гаджиев Курбан Гадживалиевич
WhatsAppTelegramFacebook

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығын № 8 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Гаджиев Курбан Гадживалиевич.

Құрметті сайлаушылар!

 

Еңбек жолым кәсіпкерлік саласымен байланысты. Жинақтаған тәжірибемді ауылдың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағыттап келемін.

Мен, Гаджиев Құрбан Гадживәлиұлы, 1981 жылы 18 қазанда Алматы облысы, Киров ауданы, Теректі ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – әзербайжан. Жоғары білімдімін. 2002 жылы Әзербайжан ғылыми-білім беру орталығы – «Тефеккюр» университетін «Экономиканы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2007 жылы бастап, 2018 жылға дейін Алматы облысы Көксу ауданы Теректі ауылындағы «Гаджиев» жеке кәсіпкерлігінде басшының көмекшісі қызметін атқардым. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жетісу облысы, Көксу ауданы, Ақшатоған ауылындағы «Гаджиев» жеке кәсіпкерлігінің басшысы болып жұмыс істеп келемін.

Кәсіпкерлік саласында жинақтаған тәжірибемді ауыл экономикасын дамытуға, жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағыттауды маңызды міндетім деп санаймын.

Мен үшін басты мақсат – ел игілігі жолында еңбек етіп, халықтың ұсыныстары мен өтініштеріне назар аудару, ауылдардың өзекті мәселелерінің шешілуіне үлес қосу. Тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, туған өлкеміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қосу – менің басты ұстанымым.

 

Құрметпен, Курбан Гаджиев

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК

№8 сайлау округіне қарасты Азизбекова көшесіндегі жаңартуды қажет ететін жолдарды жөндеу мәселесін тиісті органдар алдында көтеру.

Ауыл ішіндегі көшелердің жағдайын жақсарту, жол белгілерін орнату және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды қолдау.

2. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Газдандыру деңгейін 100%-ға жеткізуге және Жамбыл мен Ақшатоған ауылдарындағы жеке үйлерді газ тарату желілеріне қосуға жәрдемдесу.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛ БИЗНЕСІН ДАМЫТУ

Балпық  және Лабасы ауылдық округтерінде шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары мен «Ауыл аманаты» жобасы аясында шамамен 9 жеңілдетілген микрокредиттің қолжетімді болуына жәрдемдесу. Ауыл кәсіпкерлерінің сауда, қызмет көрсету және өндіріс салаларындағы жобаларын дамытуға қолдау көрсету.

 

Қуатты өңірлер – қуатты ел!

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жамбыл ауылындағы мал иелерінің жайылым алқаптарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жайылымдарды ұтымды әрі тиімді пайдалануға жәрдемдесу. Жер учаскелерін беру кезінде ашықтықты қамтамасыз ету, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шаруашылық айналымына тартуға жәрдемдесу.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫС

Балпық би және Лабасы ауылдық округтеріндегі кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін аудандық жәрмеңкелерде сатуға жағдай жасауға және өнім өткізу жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесу.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, тар бейінді дәрігерлердің қызметін және шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету. Ай сайын кемінде 2 рет тар бейінді мамандардың ауылдарға барып, тұрғындарға профилактикалық тексеру жүргізуін ұйымдастыруға жәрдемдесу. Сонымен қатар, медицина кадрларын тарту және қолдау мақсатында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ықпал ету..

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАР

Жамбыл орта мектебінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, жыл сайын кемінде 2 оқу кабинетін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және мектепке баратын жолдың қауіпсіздігін арттыруға ықпал ету. Сонымен қатар, балалар және спорт алаңдарын дамытуға, «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасын қажетті ойын және интерактивті құралдармен жабдықталған бөлмелермен қамтамасыз етуге  атсалысам.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету, жаңа оқу жылына арналған қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық және қолдау шараларын ұйымдастыруға ықпал ету.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Жамбыл ауылында ұялы байланыс сапасын арттыру, байланыс инфрақұрылымын дамыту және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуіне ықпал етемін.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

Балпық би және Жамбыл ауылдарында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге, қоғамдық орындарды күтіп ұстауға ықпал етемін. Атап айтқанда, Балпық би ауылындағы Сейфуллин көшесінен Абай көшесіне дейінгі аумақты және басқа да көшелерді көріктендіру, жасыл желектерді көбейту, тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстаймын.

 

 

                                                                    Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – ауылдың игілігі үшін! 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Балпық би  және  Лабасы  ауылдық округтерінің  дамуы – баршамызға ортақ міндет. Ауылымыздың болашағы тұрғындардың бірлігі мен бірлескен еңбегіне байланысты. Басты мақсатымыз – ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру.

Алдағы уақытта жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау бағытында жұмыстар атқару маңызды.

Менің басты міндетім – тұрғындардың сенімін ақтап, олардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алу. Көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, ауыл игілігі үшін жүйелі жұмыс жүргізу. Бірлік пен ортақ еңбектің арқасында ауылымызды көркейтіп, жарқын болашақ қалыптастырамыз деп сенемін.

Туған жеріміздің дамуы жолында бірге еңбек етейік!

 

 МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Ауылдың өркендеуі тұрғындар арасындағы татулыққа, өзара түсіністікке және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығына негізделуі тиіс.

Мен әр тұрғынның пікірі мен ұсынысына құрметпен қараймын. Халықпен тұрақты байланыста болып, өтініштерді тыңдауға, өзекті мәселелерді зерделеп, олардың шешілуіне атсалысуға әрдайым дайынмын.

                                        Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер! 

 

Тапсырыс беруші: Гаджиев Курбан Гадживалиевич
Қаражат республикалық бюджет есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.